"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 272 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 шілдеде № 3586 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 302 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 05.09.2016 № 302 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Абуғалиевке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Турегалиев

  Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 27 маусымдағы № 272
қаулысымен бекітілген

"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының
кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік
мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қазақстан көшесі, 69 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері,функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады.
      14. Міндеттері:
      1) жеке кәсіпкерлікті тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;
      2) аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай қалыптасуы мен іске асырылуына қатысу;
      2) ауданда шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және басқалай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
      4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      5) ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторинг жүргізеді;
      6) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
      7) халық, кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасындағы мәселелері бойынша ақпаратты-түсіндірмелі жұмысын жүргізу;
      8) "Ең үздік кәсіпкер" аудандық конкурсын ұйымдастыру және жүргізу;
      9) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, "дөңгелек столдар" ұйымдастыру және жүргізу;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
      4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) орынбасарының және мемлекеттік орган қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін айқындайды;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
      3) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза мен көтермелеу шараларын қолданады;
      4) бөлімнің бұйрықтарына қол қояды;
      5) сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданысқа заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      25. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады