2014 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 12 наурыздағы № 15-4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 сәуірде № 3487 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 21-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 27.03.2015 № 21-6 шешімімен.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 07.10.2014 № 19-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан мәлімдеген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына қажеттілікті ескере отырып, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне 2014 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит көрсетілсін.
      2. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 6 ақпандағы № 8-2 "2013 жылы Бөкей ордасы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 3185 тіркелген, 2013 жылғы 16 наурызда "Орда жұлдызы" аудандық газетінде жарияланған) шешімі күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
С. Сарсенов
Мәслихат хатшысы
Е. Таңатов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады