1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
3. "Бөкей ордасы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. М. Зұлқашевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы |
Л. Қайырғалиева |
2014 жылғы 31 қазандағы № 191 | |
Бөкей ордасы ауданы | |
әкімдігінің қаулысымен | |
бекітілген |
"Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
4. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және заңнамада көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090200, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Сайқын ауылы, Т. Жароков көшесі, 31.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады.15. Міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) аудан аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың бірыңғай қалыптасуы мен іске асырылуына қатысу;
2) ауданда шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
3) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, жеке кәсіпкерлік субъектілерімен және басқалай ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
4) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
5) ауданда жеке кәсіпкерлікті дамыту бойынша мониторинг жүргізеді;
6) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерінің және құқықтық актілерінің жобаларын дайындауды жүзеге асыру;
7) халық, кәсіпкерлік субъектілері арасында кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнамасындағы мәселелері бойынша ақпаратты-түсіндірмелі жұмысын жүргізу;
8) "Ең үздік кәсіпкер" аудандық конкурсын ұйымдастыру және жүргізу;
9) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар, "дөңгелек үстелдер" ұйымдастыру және жүргізу;
10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында оған жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жеке кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
3) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мәселесі бойынша мемлекеттік мекемелермен, кәсіпорындармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылым мен штат санының лимиті шегінде қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
21. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап береді;
2) заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
4) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
5) мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;
6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына жеке жауапкершілік артады;
7) бөлімге жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, аудан әкімі орынбасарлары тапсырмаларының, аудандық мәслихаттың өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған актілерінің жедел және нақты орындалуына дербес жауап береді;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. Осы Ережеден туындайтын мәселелерді әзірлеудің және қараудың тәртібін мемлекеттік органның бірінші басшысы реттеп отырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
24. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Бөкей ордасы ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.