Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жәнібек аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп Жәнібек аудандық мәслихатының № 5 Батыс сайлау округi бойынша шығып қалған депутаттардың орнына барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа материалдарын орналастыру үшін орын қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Ж. К. Абдоловқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М. Мұқаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________Ж. Кенжеғалиев
07.03.2014 ж.
2014 жылғы 7 наурыздағы № 68
Жәнібек аудандық әкімдігінің
қаулысына қосымша
Жәнібек аудандық мәслихатының № 5
Батыс сайлау округi бойынша
шығып қалған депутаттардың орнына
барлық кандидаттар үшін үгiттiк баспа
материалдарын орналастыру үшін орын
№ |
Елді мекеннің атауы |
Орналастыру орыны |
Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы |
Жәнібек ауданы Жәнібек ауылының орталық алаңындағы тақта |