"Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 139 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 маусымда № 3570 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 66 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 12.03.2015 № 66 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Абдоловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      М. Мұқаев

2014 жылғы 27 мамырдағы № 139
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі - Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және заңнамада көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090500, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ. Қараш көшесі, 35.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) Жәнібек ауданының атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдауды және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;
      2) ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ауылшаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      15. Функциялары:
      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін заңнамаға сәйкес және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемелекеттік қолдауды жүзеге асыру;
      2) ауданның ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамытуға және ұлғайтуға бағытталған мемлекеттік аграрлық саясатты жүзеге асыру;
      3) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      4) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      5) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;
      7) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) ұсыну;
      8) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      9) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      10) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      11) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      12) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      13) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      14) жануарлардың саулығы мен адам денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      15) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
      16) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
      17) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру;
      18) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      19) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
      20) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
      21) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу жұмыстарын ұйымдастыру;
      22) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу жұмыстарын ұйымдастыру;
      23) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      24) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      25) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      26) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      27) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
      28) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
      29) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беруді жүргізеді;
      30) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
      2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
      7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға;
      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның
қызметін ұйымдастыру

      17. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылым мен штат санының лимиті шегінде қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
      20. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
      2) заңдарға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
      3) заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
      4) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;
      5) мемлекеттік мекеменінің басқа мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мүддесін білдіреді;
      6) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және жұмысқа дербес жауап береді;
      7) бөлімге жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкіметі қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, облыстық, аудандық мәслихаттың өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауап береді;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      22. Осы Ережеден туындайтын мәселелерді әзірлеудің және қараудың тәртібін мемлекеттік органның бірінші басшысы реттеп отырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      26. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады