Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 277 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қыркүйекте № 3630 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жәнібек аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қадырбековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      М. Мұқаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Аудандық (аумақтық) сайлау
      коммисиясының төрағасы
      _____________Ж. Абдолов
      08.09.2014 ж.

Аудан әкімдігінің
2014 жылғы 08 қыркүйектегі
№ 277 қаулысына қосымша

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыратын орындар

Елді мекен атауы

Орналасатын жері

Саны

1.

Ақоба ауылы

Абай көшесі бойындағы орталық алаң

1

2.

Борсы ауылы

Ш. Мұхамбетқалиев көшесі бойындағы орталық алаң

1

3.

Тегісшіл ауылы

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

1

4.

Жақсыбай ауылы

Ж. Қарақұлов көшесі бойындағы орталық алаң

1

5.

Ақадыр ауылы

Кітапхана ғимаратының алды

1

6.

Жәнібек ауылы

Орталық алаң

1

7.

Жәнібек ауылы

Аудандық редакция ғимаратының алды

1

8.

Жасқайрат ауылы

Т. Жароков көшесі бойындағы орталық алаң

1

9.

Өнеге ауылы

«Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің Өнеге бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

1

10.

Құрсай ауылы

«Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің Құрсай бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

1

11.

Көлтабан ауылы

Фельдшерлік пункт ғимаратының алды

1

12.

Қамысты ауылы

Тәуелсіздік көшесі бойындағы орталық алаң

1

13.

Талов ауылы

Гагарин көшесі бойындағы орталық алаң

1

14.

Майтүбек ауылы

«Жәнібек аудандық білімі беру бөлімінің Арай бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

1

15.

Тау ауылы

Абай көшесі бойындағы орталық алаң

1

16.

Жігер ауылы

Кітапхана ғимаратының алды

1

17.

И. Жұмаев ауылы

«Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің И. Жұмаев атындағы бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

1

18.

Ұзынкөл ауылы

Мектеп көшесі бойындағы
орталық алаң

1

19.

Еңбекші ауылы

«Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің Еңбекші бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады