2014 жылы Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 қазандағы № 27-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазанда № 3659 болып тіркелді. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 32-5 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 02.04.2015 № 32-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес, аудан әкiмi мәлiмдеген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешенді салаларының мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, Жәнібек аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне 2014 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешенді мамандарына:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит көрсетілсін.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Жәнібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 21-2 "2014 жылы Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтiк қолдау көрсету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3439 тіркелген, 2014 жылғы 21 наурызда аудандық "Шұғыла" газетінде жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жәнібек аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Т. Үмітаева).
      4. Жәнібек аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Н. Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналасуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т. Сәриев
      Мәслихат хатшысы Т. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады