2015 жылы Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 32-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 сәуірде № 3899 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 43-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 17.02.2016 № 43-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына сәйкес, аудан әкімімен мәлімдеген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына қажеттілікті ескере отырып, Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне 2015 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит көрсетілсін.
      2. Жәнібек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 қазандағы № 27-3 "2014 жылы Жәнібек ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3659 тіркелген, 2014 жылғы 31 қазанда аудандық "Шұғыла" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Жәнібек аудандық мәслихатының аппарат басшысы (Н. Уәлиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессиясы төрағасы Т. З. Кадимов
      Мәслихат хатшысы Т. З. Кадимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады