"Зеленов ауданының ауыл шарушылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 452 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 маусымда № 3578 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 349 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 23.06.2017 № 349 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Т. Амангалиевке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Жакупов

  2014 жылғы 16 маусымдағы № 452
Зеленов ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

"Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 090600, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Мирная көшесі, 3.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      13. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      1) Зеленов ауданының атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;
      2) ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      14. Міндеттері:
      "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеті ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      15. Функциялары:
      1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн заңнамаға сәйкес және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
      2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;
      4) агроөнеркәсіптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
      5) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) есептілік ұсыну;
      6) "Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      7) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады;
      8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеуді жүзеге асырады;
      9) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткізуді жүзеге асырады;
      10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беруді жүргізеді;
      11) заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      12) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан аумағында орналасқан оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін беру бойынша конкурс өткізуді ұйымдастырады.
      Ескерту. 15 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 12.01.2016 № 6 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
      2) заңнамаларда белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болуға;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      5) мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер банкін пайдалануға;
      6) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес мекемелермен және ұйымдармен "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;
      7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттері жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Зеленов ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өзінің орынбасарының және мемлекеттік органның қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін анықтайды;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) заңнамаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандыру бойынша шараларды алады, өз құзыретіне жататын еңбек қатынастарының мәселелерін шешеді;
      4) бұйрықтарға қол қояды;
      5) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
      6) бөлімге бекітілген бөлімнің мүлкі мен құралдарына заңнамаға және осы Ережеге сәйкес иелік етеді, шарттар жасайды, есеп және өзге де шоттарды ашады бөлім атынан сенім хатсыз әрекет етеді;
      7) заңнамаға сәйкес басқа да уәкілетті жүзеге асырады.
      21. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады