Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 452 "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 6 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 ақпанда № 4260 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 349 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 23.06.2017 № 349 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 маусымдағы №452 "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3578 тіркелген, 2014 жылғы 26 маусымдағы "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
      15-тармақ 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, аудан аумағында орналасқан оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға берілген су объектілерін беру бойынша конкурс өткізуді ұйымдастырады.".
      2. "Зеленов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Аудан әкімі аппаратының басшысы (М.Д.Залмұқанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.А.Аманжолға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкiмi К.Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады