Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 29.05.2018 № 21-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес Зеленов аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері айқындалсын:
1) шығындарды өтеу әр балаға психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы болған жағдайда ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүргізіледі;
2) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісі есепке алынбай берілсін.
2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Г. А. Терехов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | С. Голубева |
Аудандық мәслихат хатшысы | Р. Исмагулов |