Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сарой ауылдық округі әкімінің 2013 жылғы 19 ақпандағы № 4 "Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3189 тіркелген, 2013 жылғы 14 наурыздағы "Сырым елі" газетіне жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сырым ауданы Сарой ауылдық округі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің аумағында ұсақ мал арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарой ауылдық округ әкімі | С. Бақтығалиев |