2015 жылға Тасқала ауданында мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 437 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 желтоқсанда № 3750 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 300 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімдігінің 24.11.2015 № 300 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға Тасқала ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Тасқала ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 69 "2014 жылға Тасқала ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3469 тіркелген, 2014 жылғы 18 сәуірде "Екпін" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Тасқала ауданы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы (А. Н. Сүлейменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Л. Жұбанышқалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады