"Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 176 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 мамырда № 3544 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 21.06.2018 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Л. Уалиевке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ж. Сериккалиев

  2014 жылғы 16 мамырдағы № 176
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және заңнамада көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 091100, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Федоровка ауылы, Юбилейная көшесі, 20.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

      15. Міндеттері:

      1) кәсіпкерлік саласында Теректі ауданының жергілікті атқарушы билік органының қызметін сапалы және мерзімді ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;

      2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;

      3) өңiрде шағын кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;

      4) жергiлiктi атқарушы органның жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

      5) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;

      6) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етедi;

      7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзіреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      8) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      17. Мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттері:

      1) мемлекеттік орган өзінің құзыреті шегінде:

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды алуға;

      мемлекеттік органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша барлық меншік нысанды кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұратуға және алуға;

      мемлекеттік органдардың иелігіндегі ақпараттық деректер қорын пайдалануға;

      мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен аудан бөлімінің органның құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуға;

      Президент актілерінің, Үкімет қаулыларының, әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын тексеруге, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар алуға құқылы;

      2) Мемлекеттік органның міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      белгіленген тәртіппен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес жауапкершілікте болу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген құрылым мен штат санының лимиті шегінде қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.

      21. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;

      2) заңнама сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;

      3) заңнама белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;

      4) мемлекеттік мекеменің актілеріне қол қояды;

      5) мемлекеттік мекеменінің басқа мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мүддесін білдіреді;

      6) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және дербес жауап береді;

      7) бөлімге жүктелген міндеттердің, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің, Үкіметі қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің, облыс, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің, әкім орынбасарларының тапсырмаларының, аудандық мәслихаттың өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған актілерінің жедел және нақты орындалуы үшін дербес жауап береді;

      8) Қазақстан Республикаларының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      23. Осы Ережеден туындайтын мәселелерді әзірлеудің және қараудың тәртібін мемлекеттік органның бірінші басшысы реттеп отырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта
ұйымдастыру және тарату

      27. "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады