Теректі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 235 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 маусымда № 5265 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулысының қосымшасына сәйкес Теректі ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Теректі ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Уалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К.Жакупов

  Теректі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 21 маусымдағы
№ 235 қаулысына қосымша

Теректі ауданды әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 176 "Теректі ауданының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3544 тіркелген, 2014 жылғы 13 маусымдағы "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған);

      2. Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 84 "Теректі ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3864 тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірдегі "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған);

      3. Теректі ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 85 "Теректі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3863 тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірдегі "Теректі жаңалығы-Теректинская новь" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады