"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 12 қаңтардағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 қаңтарда № 10123 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 2 маусымдағы № 234 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 02.06.2016 № 234 бұйрығымен.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1397 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 30 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9778 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеде:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Комитет:
      1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан;
      2) Лицензиялау мен аттестаттауды мониторингілеу және бақылау басқармасынан;
      3) Жобалау жұмыстары басқармасынан;
      4) Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасынан;
      5) Техникалық реттеу және нормалау басқармасынан;
      6) Сәулет, қала құрылысы және қала құрылысы кадастры басқармасынан;
      7) Тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылысқа инженерлік- коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасынан;
      8) Қаржы институттарымен жұмыс басқармасынан;
      9) Тұрғын үй қорын дамыту және тұрғын үй қатынастары басқармасынан;
      10) Сумен жабдықтау және су бұру басқармасынан;
      11) Коммуналдық шаруашылық басқармасынан;
      12) Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметті мемлекеттік бақылау басқармасынан;
      13) Мемлекеттік жер кадастры басқармасынан;
      14) Жерге орналастыру, жер қатынастары мен геодезияны дамыту басқармасынан;
      15) Геодезия және картография басқармасынан;
      16) Ішкі әкімшілендіру басқармасынан;
      17) Персоналды басқару қызметінен (кадр қызметі);
      18) Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасынан;
      19) Мемлекеттік сатып алу басқармасынан;
      20) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасынан тұрады.
      Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы және персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Комитеттің төрағасына тікелей бағынады.»;
      14-тармақта:
      14), 17), 21) тармақшалар алып тасталсын;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) лицензиялар мен аттестаттар тізілімін жүргізу.»;
      20-тармақтың 5), 10), 13) тармақшалары алып тасталсын;
      22-тармақта:
      6)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 137138 (екінші бөлігі), 341342343 баптарында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру, әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығару;»;
      7)-тармақша алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады