Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 ақпанда № 10181 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.09.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 16-1 бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.09.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және баспа басылымдарында ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Сауда қызметін реттеу департаменті:

      1) тарифтік квота көлемін тарихи өнім берушілер арасында бөлуді осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыруды;

      2) еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квота көлемдері (бекітілген, қолданылған, бөлінбей қалғандары) туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды, тиісті ақпаратты орналастыруды және осы Қағидаларда көрсетілген басқа рәсімдерді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 № 637 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.


Министр

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 22 қаңтар


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 20 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 қаңтардағы
№ 30 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.09.2017 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарын сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сауда қызметі туралы заң), 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" 2015 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрленген және тарифтiк квоталарын сыртқы сауда қызметiн реттеу құралы ретiнде бөлу тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      2) алдыңғы кезең –тарифтiк квота қолданылған жылдың тiкелей алдындағы екi жыл;

      3) жаңа өнiм берушi – осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер болып табылатын заңды немесе жеке тұлға;

      4) жоғары сапалы сиыр еті - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті ұлттық стандарттардың талаптарына сай келетін, Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 0201 және 0202 тауар позицияларына енгізілген жас, тоңазытылған немесе мұздатылған ірі қара малдың еті немесе нетто-салмағы 1 000 килограмының құны 8 000 евродан кем болмайтын сиыр еті;

      5) кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;

      6) өнiм берушi елдер – Қазақстан Республикасы тауарларды әкелуді кедендік әкелу баждарын төлеуден босатуды көздейтін екі жақты немесе көп жақты келiсiмдер жасаспаған елдер;

      7) өңдеуші – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер болып табылатын, мынадай өлшемшартқа сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:

      Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішінің мынадай кодтарымен жіктелетін ет өнімінің өндірісін тарифтік квота қолданылған жылдың алдындағы жыл ішінде жүзеге асырады:

      1013 14 – еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе жануарлардың қанынан жасалған шұжық және ұқсас өнімдер;

      1013 15 – еттен жасалған дайын жартылай фабрикаттар мен қосымша ет өнімдерінен басқа, еттен, қосымша ет өнімдерінен немесе жануарлардың қанынан жасалған дайын және консервіленген өзге де өнімдер;

      8) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      9) сыртқы сауда қызметіне қатысушылар – жаңа өнiм берушiлер, тарихи өнiм берушiлер және өңдеушілер;

      10) тарифтiк квота көлемi – Заңына сәйкес квотаішілік мөлшерлемелермен кедендік әкелу баждары салынатын заттай мәндегі тауар саны;

      11) тарихи өнiм берушi – Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер болып табылатын, мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін заңды немесе жеке тұлға:

      алдыңғы кезеңде және/немесе тарифтiк квота қолданылған жылдың тiкелей алдындағы жыл ішінде өнiм берушi елдерден тауарды "ішкі тұтыну үшін шығару" кедендік рәсімінде әкелуді жүзеге асырады;

      тарифтiк квота қолданылған жылдың тiкелей алдындағы жыл iшiнде тауарды әкелу көлемі коммерциялық пайдалы тауар санынан кем болмауға тиiс;

      12) тарихи өнiм берушiнің тиісті тауар түрін әкелу көлемi – осы тарихи өнім беруші алдыңғы кезеңде өнім беруші елдерден кедендік әкелу баждарының ішкі және квотадан тыс мөлшерлемелері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағына "ішкі тұтыну үшін шығару" кедендік рәсімімен әкелген заттай мәндегі тиісті тауар түрінің саны;

      13) тауар:

      ірі қара мал еті – жоғары сапалы сиыр етін қоспағанда, ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 0201 "Ірі қара мал еті, жас немесе тоңазытылған" және 0202 "Ірі қара мал еті, мұздатылған" тауар позицияларына енгізілген ет (бұдан әрі – ІҚМ еті);

      құстың аяқтары – ЕАЭО СЭҚ ТН-нің "Мұздатылған сүйегі сылынбаған жартылары немесе ширегі және аяқтары және үй тауықтары мен олардың кесектері (Gallus domesticus)" 0207 14 200 1 және 0207 14 600 1 кодтарымен жіктелген ет (бұдан әрі – құстың аяқтары);

      өзге де құс еті – ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 0207 14 200 1 және 0207 14 600 1 кодтарын қоспағанда,ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 0207 "0105 тауар позициясында көрсетілген ет және үй құсының тағамдық қосымша өнімдері, жас, тоңазытылған немесе мұздатылған" тауар позициясына енгізілген ет (бұдан әрі – өзге де құс еті);

      14) тауардың коммерциялық пайдалы саны – тауар көлемі 25 килограмнан астам;

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.09.2021 № 525-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Тарифтiк квоталарды бөлу тәртiбi

      3. Кеден ісі саласындағы уәкiлеттi орган тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесінші күнiне қарай сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органға және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi органға ЕАЭО СЭҚ ТН-нің 0201, 0202, 0207 тауар позициялары бойынша 10 таңба деңгейінде заттай және құндық көлемдері туралы ақпаратты ұсынады.

      Ақпарат, әкелуді жүзеге асыратын сыртқы сауда қызметіне қатысушылар, тауарларды шығарған ел және тауар декларацияланған кедендік рәсім көрсетіле отырып, өсу қорытындысымен қоса ұсынылады. Көрсетілген ақпарат тауардың шығарылу күні бойынша қалыптастырылады.

      Ұсынылған ақпараттың әр парағына уәкiлеттi органның кеден ісі саласындағы реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын ведомствоның құрылымдық бөлімшесінің ақпарат алмасуды жүзеге асыруға уәкiлеттi басшысы қол қояды.

      4. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган:

      сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың әрбір санаты үшін тауардың әрбір түрін әкелуге арналған тарифтік квоталарды Сауда қызметі туралы заңына сәйкес бекітеді;

      жыл сайын тарифтік квоталар қолданылған жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін интернет - ресурста тарифтік квота туралы ақпаратты орналастырады: түсіндіру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, оның қолданылу мерзімі және тауардың әрбір түрі бойынша көлемі, сондай-ақ тарифтік квотаның көлемі шегінде әкелінетін тауарларға қатысты қолданылатын кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері туралы;

      жыл сайын осы Қағидаларға сәйкес тарихи өнім берушілер мен жаңа өнім берушілерге бөлінген ІҚМ етiн, құстың аяқтарын және өзге де құс етін әкелуге арналған тарифтік квоталарды тарихи өнім берушілер мен жаңа өнім берушілер арасында бөледі;

      тарифтік квота қолданылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанына дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар тарихи өнім берушілер арасында бөлудің осы Қағидаларға сәйкес бірінші кезеңін бекітеді;

      тарифтік квота қолданылатын жылдың 15 сәуіріне дейін тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталар тарихи өнім берушілер арасында бөлудің осы Қағидаларға сәйкес екінші кезеңін бекітеді;

      жыл сайын тарифтiк квота қолданылатын жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанға дейін осы Қағидаларға сәйкес айқындалған көлемдерде тарифтік квота қолданылатын тауарлардың импортына сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға лицензиялар беруді жүзеге асырады.

      5. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын:

      өңдеушілер арасында ІҚМ етiн әкелуге арналған тарифтік квоталарын осы Қағидаларға сәйкес бөледі;

      тарифтiк квоталар қолданылған жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қазанына дейін түсіндіру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, интернет - ресурста өңдеушілер арасында бөлінетін тарифтік квотаның көлемін көрсете отырып, тарифтік квоталардың көлемдерін бөлуге қатысу үшін өңдеушілерден Өтінімдер (бұдан әрі – Өтінім) қабылдау туралы хабарландыруды, сондай-ақ өтінімдерді қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады;

      тарифтік квоталар қолданылған жылдың тікелей алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін (қоса алғанда) өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квоталарын бөлуге қатысу үшін өңдеушілерден Өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      тарифтік квоталар қолданылған жылдың тікелей алдындағы жылдың 20 қарашасына дейін сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға түскен Өтінімдерге сәйкес тарифтік квотаны бөлу жоспарланған өңдеушілердің тізбесін ұсынады;

      тарифтік квоталар қолданылған жылдың тікелей алдындағы жылдың 15 желтоқсанына дейін өңдеушілер айқындаған тарифтік квоталарды өңдеушілер арасында осы Қағидаларға сәйкес бөлуді бекітеді;

      тарифтiк квота қолданылатын жылдың 1 мамырына дейін, интернет - ресурста талап етілмей тарифтік квотаның көлемін көрсете отырып, талап етілмей қалған тарифтік квоталарды бөлуге қатысу үшін өңдеушілерден Өтінімдер қабылдау туралы хабарландыруды, сондай-ақ түсіндіру үшін байланыс деректерін көрсете отырып, Өтінімдердің қабылдану мерзімдері туралы ақпаратты орналастырады;

      тарифтiк квота қолданылатын жылдың 1 маусымына дейін (қоса алғанда) талап етілмей қалған тарифтік квоталарды бөлуге қатысу үшін өңдеушілерден Өтінімдер жинауды жүзеге асырады;

      тарифтiк квота қолданылатын жылдың 15 шілдесіне дейін, талап етілмей қалған тарифтік квоталарды өңдеушілер арасында осы Қағидаларға сәйкес бөлуді бекітеді.

      6. Сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың санаттары арасында тарифтік квоталардың жылдық көлемдерін бөлу мынадай:

      тарихи өнім берушілерге: ІҚМ етiн әкелуге арналған тарифтік квотаның жылдық көлемінің 54%-ы, құстың аяқтарына- 90% және өзге құс етіне - 90%;

      өңдеушілерге: ІҚМ етiн әкелуге арналған тарифтік квотаның жылдық көлемінің 44%-ы;

      жаңа өнім берушілерге: ІҚМ етін әкелуге арналған тарифтік квотаның жылдық көлемінің 2%-ы, құстың аяқтарына - 10% және өзге құс етіне - 10%;

      7. Тарифтiк квоталар өнiм берушi елдер арасында Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімі бойынша алдыңғы кезеңде көрсетілген елдерден әкелу көлемiне пропорционалды түрде бөлінеді.

3-тарау. Тарихи өнiм берушiлер арасында тарифтiк квоталарды бөлу әдiсі

      8. Тарихи өнім берушілер арасында ІҚМ етiн, құстың аяқтарын және өзге құс етін әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлу екі кезеңде жүзеге асырылады.

      9. Бірінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілер арасында тауардың әрбір түрі бойынша тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталардың жылдық көлемінің жиырма бес пайызы бөлінеді.

      Әрбір тарихи өнiм берушiнің тарифтік квотасының көлемін есептеу әрбір өнім беруші үшін тауардың әрбір түрі бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргізіледі:

                             


      мұндағы:

      q9 – бірінші кезең шеңберiнде есептелген тарихи өнім берушiнiң тауардың әрбір түрін әкелуге арналған тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;

      Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тауардың әрбір түрі бойынша жылдық тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;

      VI – алдыңғы кезеңнiң бiрiншi жылында тарихи өнiм берушiнiң тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен;

      VII-9 – тарифтiк квота қолданылатын жылдың алдындағы жылдың тоғыз айында тарихи өнiм берушiнiң тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен;

      V’I - тарифтік квота қолданылатын жылдың тікелей алдындағы жылдың тоғыз айы ішінде тауардың тиісті түрін әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердiң алдыңғы кезеңнің бірінші жылында тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен;

      V’II-9 - тарифтiк квоталар қолданылатын жылдың тікелей алдындағы жылдың тоғыз айында осы кезеңде ішінде тауардың тиісті түрін әкелуді жүзеге асыратын барлық тарихи өнiм берушiлердің тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен.

      10. Екінші кезең шеңберінде тарихи өнім берушілердің арасында тауардың әрбір түрі бойынша тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тарифтік квоталардың жылдық көлемінің жүз пайызы бөлінеді.

      Әрбір тарихи өнiм берушi үшін тарифтiк квотаның көлемiн есептеу тауардың әрбір түрі бойынша жеке мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

                             


      мұндағы:

      q12 – екінші кезең шеңберiнде есептелген тарихи өнiм берушiнің тауардың әрбір түрін әкелуіне арналған тарифтiк квотаның жылдық көлемi, килограммен;

      Q – тарихи өнім берушілер үшін айқындалған тауардың әрбір түрі бойынша жылдық тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;

      q9 – бірінші кезең шеңберiнде тарихи өнiм берушiге бөлінген тауардың тиісті түрін әкелуге арналған тарифтiк квотаның көлемi, килограммен;

      V – алдыңғы кезеңде тарихи өнім берушi жүзеге асырған тауардың тиісті түрін әкелу көлемi, килограммен;

      V’–тарифтік квота қолданылатын жылдың тікелей алдындағы жылы тауардың тиісті түрін әкелуді жүзеге асырған барлық тарихи өнiм берушiлердiң алдыңғы кезеңде тауардың тиісті түрін әкелу көлемі, килограммен.

      11. ІҚМ етiнің әрбір тарихи өнім берушісі үшін тарифтік квотаның көлемін есептеу кезінде ол әкелген жоғары сапалы сиыр етінің көлемі осы тарихи өнім берушілерге ІҚМ етiн әкелу көлемі есепке алынбайды.

      Әкелінген жоғары сапалы сиыр етінің көлемі алдыңғы кезеңде сондай-ақ көрсетілген алдыңғы кезеңге ІҚМ етiнің барлық тарихи өнім берушілерінің әкелу көлемі есепке алынбайды.

      12. Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген формулалар бойынша жүргiзiлген есептеулердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).

      13. Егер осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес есептелген тарихи өнім берушінің тауардың қандайда бір түрін әкелуге арналған тарифтік квотаның көлемі коммерциялық пайдалы санынан кем болса, онда осындай осы тауар түрі бойынша тарихи өнім берушіге тарифтік квота бөлінбейді. Бұл ретте ол әкелген тауардың тиісті түрінің көлемі қалған тарихи өнім берушілерге тарифтік квотаның көлемдерін есептеу кезінде алдыңғы кезеңде әкелінген тауардың осы түрінің жалпы көлеміде есепке алынбайды.

      14. Егер ол тауардың осы түрін өңдеуші болып табылса, ІҚМ етін әкелуге арналған тарифтік квота тарихи өнім берушіге бөлінбейді.

      Осындай тарихи өнім берушілер әкелген ІҚМ етінің көлемі қалған тарихи өнім берушілерге тарифтік квотаның көлемдерін есептеу кезінде алдыңғы кезеңде әкелінген тауардың осы түрінің жалпы көлемінде есепке алынбайды.

      15. Лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күннің ішінде тарихи өнім берушілер сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органға тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясының шешімімен бекітілген нысан бойынша кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган беретін лицензияның орындалғаны туралы анықтама ұсынады.

4-тарау. Жаңа өнім берушілер арасында тарифтік квоталарды бөлу әдісі

      16. Тарифтік квоталарды бөлуге қатысу үшін жаңа өнім берушілер сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органға Еуразиялық экономикалық комиссиясының шешімімен бекітілген тауардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат рәсімдеу туралы нұсқауға сәйкес тауардың әрбір түрі бойынша еттің жекелеген түрлерінің импортына арналған лицензия беруге Өтініш (бұдан әрі – Өтініш) береді.

      Өтініштер тарифтік квота қолданылатын жылдың бірінші наурызынан бастап беріледі.

      Көрсетілген күннен бұрын ұсынылған Өтініштер қараусыз қайтарып беріледі.

      17. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган Өтініштерді қарайды және Өтініштер беру кезегінің тәртібімен еттің жекелеген түрлерінің импортына арналған лицензияларды береді.

      Еттің жекелеген түрлерінің импортына арналған лицензияларды Өтініште көрсетілген сан бойынша жаңа өнім берушілер үшін айқындалған жылдық тарифтік квотаның жалпы көлемінен әр жаңа өнім беруші үшін он бес пайыздан аспайтын көлемде, жаңа өнім берушілер үшін көзделген тарифтік квоталар көлемдері таусылғанға дейін беріледі.

      18. ІҚМ етін өңдеуші тауардың осы түрінің жаңа өнім берушісі бола алмайды.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер болып табылатын заңды немесе жеке тұлғалар, егер олар тауардың осы түрінің тарихи өнiм берушiсі болып табылса, тауардың жаңа өнім берушісі бола алмайды.

      19. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті орган апта сайын тарифтiк квота қолданылатын жылдың наурыз айынан бастап аптаның соңғы жұмыс күнінде лицензиялар берілген тарифтік квоталардың көлемдері мен тарифтік квота таусылғанға дейін тауардың әрбір түрі бойынша бөлінбей қалған көлемдері туралы мәліметтерді интернет - ресурста жариялайды.

      20. Лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күннің ішінде жаңа өнім берушілер сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органға тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясының шешімімен бекітілген нысан бойынша кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган беретін лицензияның орындалғаны туралы анықтама ұсынады.

      21. Егер жаңа өнім беруші берілген лицензия бойынша тауар әкелуді жүзеге асырмаған жағдайда, ол тауардың осы түрі бойынша кейінгі екі жылда жаңа өнім беруші ретінде тарифтік квоталарды бөлуге қатысу мүмкіндігінен айырылады.

      Осындай жаңа өнім берушінің Өтініштері қараусыз қайтарып беріледі.

      Осы тармақтың ережелері жаңа өнім берушіге қолданымайды, егер ол еттің жекелеген түрлерінің импортына берілген лицензияны қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қайтарса.

      22. Жаңа өнім беруші лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін еттің жекелеген түрлерінің импортына арналған, өзіне берілген лицензияны қайтарған жағдайда, жаңа өнім беруші пайдаланбаған тарифтік квотаның көлемі қайта бөлуге жатады.

      Лицензияның қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган интернет - ресурсқа тауардың тиісті түрін әкелуге арналған, тарифтік квоталардың пайдаланылмаған көлемдері туралы хабарландыруды орналастырады.

      Тарифтік квотаның пайдаланылмай қалған көлемдері шеңберінде тауарларды әкелуге лицензия алу үшін жаңа өнім берушілердің өтініштері хабарландыру жарияланған күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң қабылданады. Аталған көлемдер осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында белгіленген ережелерге сәйкес бөлінеді.

5-тарау. Өңдеушілер арасында тарифтiк квоталарды бөлу әдiсі

      23. Өңдеушілер арасында ІҚМ етiн әкелуге арналған тарифтік квоталарды бөлуді агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      24. Тарифтік квоталарды бөлуге қатысу үшін өңдеушілер агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      әкелуге жоспарланған ІҚМ етінің көлемін, Өтінім берілген жылдың алдындағы толық жылда және Өтінім берілген жылдың тоғыз айында дайын тауардың әрбір түрінде дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде ІҚМ етінің үлесін көрсете отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтінімді;

      кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – тамақ өнімдерін өндіретін (дайындайтын) объектіге есептік нөмір беру туралы (растау) анықтаманы) Өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда және Өтінім берілген жылдың тоғыз айында құжаттың қабылданғаны туралы статистика органының белгісі бар өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариат растаған көшірмесін (не салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын міндетті түрде ұсынған кезде көшірмені) ұсынады.

      25. Егер барлық өңдеушілердің Өтінімдерінде көрсетілген ІҚМ етінің көлемі өңдеушілер үшін айқындалған тарифтік квота көлеміне тең немесе одан аз болса, онда тарифтік квота өңдеушілер арасында сұратылатын көлемдерге сәйкес бөлінеді.

      26. Егер барлық өңдеушілердің Өтінімдерінде көрсетілген ІҚМ етінің көлемі өңдеушілер үшін бөлінген тарифтік квота көлемінен асып кетсе, онда тарифтік квотаның көлемі өңдеушілер арасында мынадай формулалар бойынша бөлінеді:

      1)

                             


      мұндағы:

      Vтұтыну – Өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда ет өнімдерін өндіру үшін өңдеуші пайдаланған ІҚМ етінің көлемі, килограммен;

      Р – кәсіпорынның өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына беретін Өтінім берілген күннің алдындағы толық жылдағы есебінде (дара кәсіпкерлер үшін – тамақ өнімдерін өндіретін (дайындайтын) объектіге есептік нөмір беру туралы (растау) анықтамада) көрсетілген, өңдеуші өндірген ет өнімдерінің көлемі, килограммен;

      К – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ет өнімдерін етке ауыстыру коэффициенті;

      S – Өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізаттың жалпы көлеміндегі ет өнімдерін өндіру кезінде және өнім беруші елдерден әкелінген ІҚМ етінің үлесі, пайыздық мәнде;

      2)

                             


      мұндағы:

      D – Өтінім берген барлық өңдеушілердің ІҚМ етін тұтынуының жалпы көлемінде әрбір өңдеушінің үлесі, пайыздық мәнде;

     

Vтұтыну – Өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда барлық Өтінім берген өңдеушілер тұтынған ІҚМ етінің жиынтық көлемі, килограммен;

      3)

                             


      мұндағы:

      V’trq – әрбір нақты өңдеуші үшін есептелген ІҚМ етін әкелуге арналған тарифтік квотаның көлемі;

      Vtrq – өңдеушілер үшін ІҚМ етін әкелуге арналған тарифтік квотаның жалпы көлемі;

      27. Егер өңдеуші өтінім берген ІҚМ етін әкелуге тарифтік квотаның көлемі осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген формулалар бойынша, осы кәсіпорын үшін есептелген тарифтік квотаның көлемінен аз болса, онда өңдеушіге тарифтік квотаның өтінім берілген көлемі бөлінеді. Тарифтік квотаның қалған көлемі қалған өңдеушілер арасында ІҚМ етін тұтынудың жалпы көлеміндегі олардың үлестеріне пропорционалды түрде бөлінеді.

      28. Осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген формулалар бойынша жүргiзiлген есептеулердің нәтижелері математикалық түрде тұтас санға дейiн дөңгелектенедi (килограмм мәніне дейін).

      29. Егер есептеу нәтижелері бойынша өңдеушіге бөлінген тарифтік квотаның көлемі тауардың коммерциялық пайдалы санынан кем болса, онда тарифтік квота мұндай өңдеушіге бөлінбейді, ал ол тұтынған ІҚМ етінің көлемі қалған өңдеушілерге тарифтік квотаның көлемдерін есептеу кезінде ет өнімдерін өндіру үшін пайдаланылған ІҚМ етінің жалпы көлемі есепке алынбайды.

      30. Лицензияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күннің ішінде өңдеушілер сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкілетті органға тарифтік емес реттеу шараларын қолдану туралы Еуразиялық экономикалық комиссиясының шешімімен бекітілген нысан бойынша кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган беретін лицензияның орындалғаны туралы анықтама ұсынады.

      31. Кедендік әкелу баждарын төлеуден босатылуы болжанатын кедендік рәсімдерде ІҚМ етін әкелуді жүзеге асыратын өңдеушілерге тарифтік квота бөлінбейді.

      Кедендік баждарды төлеуден босату іс-қимылдары тоқтатылған жағдайда, осындай өңдеушілер тарифтiк квоталарды бөлуге жалпы негізде қатысады.

      32. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкiлеттi орган жыл сайын:

      1) 1 қаңтардан бастап 1 қазанға дейін іс жүзінде әкелінген ІҚМ еті туралы деректерді ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өңдеушілер өндірген ет өнімінің көлемімен салыстырып тексереді;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін іс жүзінде әкелінген ІҚМ еті туралы деректерді толық өткен жылы өңдеушілер өндірген ет өнімінің көлемімен салыстырады.

      Егер өңдеушінің ІҚМ етін әкелу көлемі ІҚМ етіне қайта есептеген кезде өзі өндірген ет өнімінің көлемінен асып кеткен жағдайда, онда аталған өңдеуші кейінгі жылға тарифтік квоталардың көлемдерін бөлуге қатысу мүмкіндігінен айырылады.

      33. Бөлінген тарифтік квота көлемін пайдаланбаған өңдеушілер кейінгі жылы тарифтiк квоталарды бөлуге қатыспайды.

      Тарифтік квоталарды кейінгі жылдарға бөлу кезінде тарифтік квотаның бөлінген көлемін ішінара пайдаланған өңдеушілер үшін тарифтік квотаның мөлшері бұрын әкелінген көлемнен аспайтын деңгейде белгіленеді.

  Қазақстан Республикасына
еттiң жекелеген түрлерiн
әкелуге арналған тарифтiк
квоталардың көлемдерін сыртқы
сауда қызметіне қатысушылар
арасында бөлу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өтінім

      ________________________________________________________________________________

                                    (өңдеушінің толық атауы)

      Мыналарды ІҚМ етінің (коды ЕАЭО СЭҚ ТН 0202)

      ________ тонна көлемінде) импортына квота бөлуді сұрайды.

      Біздің кәсіпорнымызда дайын өнім өндірісінде ет шикізаты түрлерінің арақатынасы мынадай:

Дайын өнімнің атауы

Өндірістің көлемі (өтінім берілген күннің алдындағы толық жылда және өтінім берілген жылдың тоғыз айында)

Дайын өнім өндіру кезінде пайдаланылатын ІҚМ етінің* үлесі, %










      Әкелінетін шикізатты мақсатына қарай пайдалануға міндеттенеміз.

      Бірінші басшы _______________(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Мөр орны (күні)

      Ескерту:

      ІҚМ еті* - ірі қара мал еті

  Қазақстан Республикасына
еттiң жекелеген түрлерiн
әкелуге арналған тарифтiк
квоталардың көлемдерін сыртқы
сауда қызметіне қатысушылар
арасында бөлу қағидаларына
2-қосымша

Ет өнімдерін етке аудару коэффициенттері

Өнім

Коэффициент

Шұжық өнімдері (орташа коэффицент)

1,37

Пісірілген шұжықтар, жіңішке шұжықтар, сардельдер

1,2

Жартылай ысталған шұжықтар

1,7

Пісіріліп ысталған шұжықтар

2,0

Шикілей ысталған шұжықтар

2,5

Ет консервілері:


Шартты банкілерден қайта есептеу үшін

0,5

Салмағынан (тонна) қайта есептеу үшін

1,4

Ет-өсімдік консервілері

0,43



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады