"Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 525-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 16 қыркүйекте № 24381 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10181 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасына еттiң жекелеген түрлерiн әкелуге арналған тарифтiк квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады