"Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10356 тіркелді

      1. «Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Энергетика Министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 тіркелген), мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидаларында:
      такырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын айқындау қағидалары»;
      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес әзірленген жоспарланған кезеңге арналған сұйытылған мұнай газының шекті бағасының денгейі жөніндегі ұсыныстары 2015 жылғы 1 қаңтарға бекітілген тауарлық газдың шекті көтерме бағысының орташа арифметикалық мәнінен төмен болмауы және 2014 жылғы бекітілген ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің ең максималды мәнінен артық болмауы қажет.
      15. Тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган тиісті кезең басталғанға дейін күнтізбелік алпыс бес күннен кешіктірмей әзірлейді және әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға келісуге енгізеді.
      Ұсыныстарды келісу мерзімі күнтізбелік отыз бес күннен аспауға тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      «15-1. Сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасының деңгейі жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган тиісті кезең басталғанға дейін күнтізбелік отыз бес күннен кешіктірмей әзірлейді және әзірлеу кезінде пайдаланылған деректерді қоса бере отырып, мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға келісуге енгізеді.»;
      Ұсыныстарды келісу мерзімі күнтізбелік он бес күннен аспауға тиіс.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 15 және 15-1 тармақтарында көрсетілген ақпаратты белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган тауарлық, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларының деңгейі жөніндегі ұсыныстарды келісуден бас тартуға құқылы.
      Бұл ретте тауарлық, сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағалары ағымдағы кезеңнің деңгейінде сақталады.»;
      көрсетілген ережеге қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі                                 В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      «____» __________ 2015 жыл

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 150 бұйрығына  
қосымша       

Тауарлық және сұйытылған   
мұнай газын ішкі нарықта көтерме
саудада өткізудің шекті бағаларын
айқындау қағидаларына қосымша

Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада
өткізудің шекті бағасын анықтау

      P = (Pw – TRexp) x К
      мұнда,
      P – ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасы, бір тоннасы үшін теңге;
      Pw – бірінші айының ағымдағы тоқсан үшін күндегі баға белгілеудің орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалатын сұйытылған мұнай газына әлемдік баға, бір тоннасы үшін теңге. Осы тармақтың мақсаттары үшін баға кесу «Argus Media (Russia) Ltd. (Petroleumargus)» компаниясының «Аргус сұйытылған газ және конденсат» ақпарат көзінде жарияланатын ақпараттың негізінде шетел валютасында белорусь-поляк шекарасындағы (СПБТ daf Брест), ал жоғарыда көрсетілген ақпарат көзінде сұйытылған мұнай газына арналған баға туралы ақпарат болмаған кезде – Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында айқындалатын басқа көздердің деректері бойынша сұйытылған мұнай газының бағасын белгілеуді білдіреді;
      TRexp – Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге сұйытылған мұнай газын өткізу жөніндегі мәмілелердің мониторингі негізінде уәкілетті орган айқындайтын бірінші айының ағымдағы тоқсан үшін Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сұйытылған мұнай газын өндіру жөніндегі объектілерден белорусь-поляк шекарасына дейін сұйытылған мұнай газын тасымалдау жөніндегі орташа арифметикалық шығыстар, бір тоннасы үшін теңге;
      К – осы коэффициентті есептеу барысында Қазақстан Республикасы Ұлтық экономика министрігінің Статистика комитеті мен жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері негізінде алдыңғы өткен күнтізбелік жылда Қазақстан Республикасында жалпы халық саны деңгейіне Қазақстан Республикасында газбен жабдықталған халық сыны деңгейінің қатынасын көрсететін түзету коэффициенті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады