2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жеңіл дистилляттар мен өнімдерді (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 12310 0 - 2710 12590 0), дизель отынын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 350 0 - 2710 19 480 0) әкелуге 2015 жылдың 5 наурызынан 20 сәуіріне дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті хабардар етсін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен төмендегілерді қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет- ресурсында жариялауды.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика Бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
2015 жылғы 27 ақпан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________________А.Исекешев
2015 жылғы 2 наурыз