Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 наурызда № 10376 тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 34) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс–шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр В. Школьник

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 23 қаңтар



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 31 бұйрығымен
бекітілген

Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар персоналының жұмыс орындарын есепке алуды, аттестаттауды, ұтымды етуді және жоспарлауды ұйымдастырудың негізін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жұмыс орындарын ұтымды ету – бар жұмыс орындарын жетілдіруге және оларды пайдалануды жақсартуға, олардың техникалық және ұйымдық деңгейін, еңбек жағдайы мен қауіпсіздік техникасын жақсартуға, артық жұмыс орындарын таратуға және тиімділігі аз жұмыс орындарының орнына жаңа жоғары өнімді жұмыс орындарын ашуға бағытталған ұйымдық-техникалық іс-шаралардың жиынтығы;

      2) жұмыс орындарын жоспарлау – жұмыс орындарының еңбек ресурстары мен еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ету теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында олардың оңтайлы санын және құрылымын есептеу;

      3) жұмыс орны – қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындау кезінде тұрақты немесе уақытша болатын кеңістікті аймақ;

      4) жұмыс орындарын есепке алу – жұмыс орындарының санын айқындау және олардың осы Ережеде қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылатын жіктелуі;

      5) жұмыс орындарын аттестаттау – жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау;

      6) жылжымалы жұмыс орны – еңбек аймағының белгіленген шекарасы жоқ, оларға мұқтаждық кәсіпорынның әртүрлі орындарында туындайтын жұмыстарды орындауға арналған жұмыс орны;

      7) жеке жұмыс орны – нақты бір қызметкерге оның жеке жұмыс аймағы ретінде бекітілген жұмыс орны;

      8) жұмыс аймағы – өз жабдықтары мен құрал-саймандары бар кеңістікті оқшауландырылған еңбек аймағы;

      9) стационарлық жұмыс орны – еңбек аймағының белгіленген шекарасы бар, жұмыстарды кәсіпорынның нақты тағайындалған орнында орындауға арналған жұмыс орны;

      3. Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау мақсаттары:

      1) персоналдың қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мен қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанушылық пен өлім-жітім деңгейін төмендету;

      2) негізгі өндірістік қорлар мен еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану есебінен электр және жылу энергиясын өндіру мен берудің тиімділігін арттыру.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жұмыс орындарын аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу және жоспарлау бойынша жұмыстарды жүргізу ұйымдар қызметкерлерінің және ұйымдағы қызмет ететін кәсіптік одақтардың өкілдерін жұмылдыру арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Энергетикадағы жұмыс орындарын есепке алу және аттестаттау

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Энергетиканың өндірістік объектілеріндегі жұмыс орындарын аттестаттау:

      1) ұйымның жұмыс орындарын электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздік жөніндегі қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;

      2) ұйымның өндірістік объектілеріндегі жұмыс орындарының электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздік жөніндегі қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды:

      жұмыс күрделілігінің деңгейі бойынша оның зияндылығы мен қауіптілігінің дәрежесін бағалауды;

      персоналдың жарақат қауіпсіздігі мен атқарып отырған жұмыс орны бойынша дайындығының қамтамасыздық дәрежесін бағалауды;

      қызметкерлердің жеке қорғану құралдарын қолданылуын бағалауды қамтиды.

      6. Энергетика объектілеріндегі жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері:

      1) энергетика объектілеріндегі жұмыс орындарын электр энергетикасы саласындағы қауіпсіздік жөніндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;

      2) жұмыс орындарындағы электр энергетикасы саласындағы өндірістік орта мен жұмыс қауіпсіздігі жағдайларының нақты жай-күйін бағалау;

      3) қызметкерлердің энергетикада жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануын айқындау;

      4) энергетикадағы зиянды немесе қауіпті жағдайларында жұмыс істеу кезінде қауіпсіздіктің бұзылу фактісін растау;

      5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ екі және одан да көп жұмыс орындарында қауіпсіздік шарттары мен шаралары бұзылған кезде технологияны өзгерту;

      6) энергетикадағы жұмыс қауіпсіздігінің жағдайларын сақтау туралы статистикалық есептілікті жасау;

      7) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге ықпал ету жағдайларын жасағаны үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін айқындау;

      8) электр энергетикасы саласында көзделген энергетикадағы жұмыс жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлердің ұсынуы бойынша негіздеу;

      9) энергетикадағы қызметкерлердің жұмыс жағдайлары, қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.

      7. Электр энергетикасы саласында жұмыс істейтін ұйымдар объектілерінің барлық жұмыс орындары аттестаттауға жатады.

      8. Аттестаттауды өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне орай, бірақ өндірістік объектілердің соңғы аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.

      9. Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау энергетикада жұмыс жағдайлары бойынша аттестатталған жұмыс орны бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтауды бұзғаны анықталған кезде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қадағалау және бақылау органымен жүргізіледі.

      Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.

      10. Энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттауды ретке келтіру мақсатында оларды есепке алу жүргізіледі.

      11. Есепке алуға қолданыстағы және пайдаланылмайтын, есепке алуды жүргізу күніне жұмыс күшімен қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген, сондай-ақ оқу жұмыс орындарын қоса алғанда, барлық қызметкерлер санатының барлық жұмыс орындары жатады.

      12. Есепке алудың толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс орындарының мынадай негізгі жіктеу белгілері пайдаланылады:

      1) қызметкерлер кәсіптерінің (лауазымдарының) атауы бойынша;

      2) қызметкерлердің саны бойынша - жеке;

      3) жылжымалық деңгейі бойынша - стационарлық, жылжымалы;

      4) қызметкерлердің санаты бойынша – жұмысшылардың, қызметшілердің жұмыс орындары;

      5) пайдалану уақыты бойынша.

      13. Әр жұмыс орны оның бір немесе бірнеше ауысымда пайдаланылуына қарамастан, бір жұмыс орны ретінде есепке алынады.

      14. Тұрақты пайдаланылмайтын жұмыс орындары үшін олардың есепке алу күніне жұмыс істеуіне қарамастан, олардың орташа жылдық пайдалану ұзақтығы көрсетіледі.

      15. Жұмыс орындарын есепке алу осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес ведомость бойынша жүзеге асырылады.

      16. Жұмыс орындары осы Ережеге 2-қосымшада келтірілген ұсынымдар ескеріле отырып айқындалады.

      17. Жұмыс орындарын есепке алу жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу мерзімділігіне сәйкес мерзімділікпен жүзеге асырылады.

      18. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарды техникалық жарақтандыру, технологиялық процестерді жақсарту және өзге де ұйымдық-техникалық іс-шараларды өткізу кезінде жұмыс орындарының құрамы, олардың шекаралары, сондай-ақ жұмыс орындарының жалпы саны жұмыс орындарын есепке алу ведомосына тиісті өзгерістер енгізу жолымен қайта қаралады.

3-тарау. Энергетикадағы жұмыс орындарын ұтымды ету және жоспарлау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Жұмыс орындарын ұтымды ету және жоспарлау жұмыс орындарын есепке алу мен аттестаттау нәтижелері, қызметкерлердің мен энергия өндіруші мен энергия беруші ұйымдардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.

      20. Жұмыс орындарын ұтымды етудің негізгі міндеттері:

      1) жұмыс орындарының техникалық деңгейін жетілдіру;

      2) жұмыс орындарының ұйымдық деңгейін жетілдіру;

      3) жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасын жетілдіру;

      4) артық және тиімділігі аз жұмыс орындарын тарату болып табылады.

      21. Жұмыс орындарын жоспарлаудың негізгі міндеттері:

      1) жұмыс орындары санын жүйелі оңтайландыру;

      2) әр жұмыс орнының барынша жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету;

      3) жұмыс орындары мен қызметкерлердің теңгерімділігіне қол жеткізу және кейіннен оны қолдау болып табылады.

      22. Пайдалануға жаңадан енгізілген кәсіпорындарда жұмыс орындарының саны электр энергетикасы туралы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген жұмыс орындарының нормативтік (жобалық) жинақталуын есепке алу арқылы айқындалады. Талап етілетін жұмыс орындарының саны кәсіпорынның жобасында, сондай-ақ жобаны әзірлеу сатысында оның техникалық-экономикалық негіздемесінде немесе басқа да жобалық материалдарда белгіленеді.

      23. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жұмыс орындарын аттестаттау аяқталған сәттен бастап бір айдан кешіктірмей жұмыс орындарын ұтымды ету жоспарын әзірлейді.

      24. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жұмыс орындарын жоспарлауды тұрақты негізде жүзеге асырады және тарифтік сметаларды жасау кезіндегі жоспарлау нәтижелерін ескереді.

  Энергетикадағы жұмыс орындарын
аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу
және жоспарлау туралы ережеге
1-қосымша

Жұмыс орындарын есепке алу ведомосы

Р/с

Жұмыс орны

Қызметкерлер туралы деректер

Жұмыс орнын пайдаланудың орташа жылдық ұзақтығы, %

Атауы

Коды

Реттік нөмірі

Жеке жұмыс орнының саны

Кәсібі

Санаты

Дәрежесі, жіктеу тобы

Саны, ад.

Жоспар нақты

Ауысым бойынша саны, адам

I

II

III

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















      Ведомосты әзірлеген _________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә., күні)

      Келісілді ___________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә., күні)

      Жұмыс орындарын есепке алу ведомосын толтыруға түсініктеме.

      1. 2-бағанда жеке жұмыс орнын қызметкердің кәсібі бойынша жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес атау. Ұжымдық (бригадалық) жұмыс орны бригада орындайтын функциялар бойынша аталады.

      2. 3-бағанда код қолданыстағы жіктеушілерге сәйкес қойылады.

      3. 4-бағанда кәсіпорынның әр бөлімшесі бойынша өсу қорытындысымен реттік нөмір көрсетіледі. Мысалы, КТЦ - № 1-20, РЭС - № 1-30.

      4. 5-бағанда жеке жұмыс орындарының саны тікелей есеппен көрсетіледі. Ұжымдық (бригадалық) жұмыс орнына кіретін жеке жұмыс орындарының саны бір ауысым қызметкерлерінің саны бойынша көрсетіледі.

      5. 6-бағанда кәсіптің (лауазымның) атауы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

      6. 7-бағанда қызметкерлердің санаты былайша көрсетіледі: жұмысшылар - 1, инженерлік-техникалық қызметкерлер - 2, қызметшілер – 3.

      7. 8-бағанда осы жұмыс орнына қызмет көрсететін жұмысшылар кәсібінің тарифтік разряды немесе біліктілік тобы көрсетіледі.

      8. 9-бағанда жұмыс орнындағы қызметкерлердің жоспарлы және нақты саны көрсетіледі.

      9. 10 - 12–бағандарда ауысым бойынша жұмысқа келетін қызметкерлер саны көрсетіледі. Бір ауысымда жұмыс істейтін қызметкерлер үшін тиісті ауысымдағы саны көрсетіледі.

      10. 13-бағанда түгел емес жоспарлы кезеңге пайдаланылатын жұмыс орындары үшін оның есепке алуды жүргізу күні жұмыс істейтініне немесе жұмыс істемейтініне қарамастан, оны пайдаланудың орташа жылдық ұзақтығы көрсетіледі.

  Энергетикадағы жұмыс орындарын
аттестаттау, ұтымды ету, есепке алу
және жоспарлау туралы ережеге
2-қосымша

Жұмыс орындарын айқындау жөніндегі ұсынымдар

      1. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарда жұмыс орындарын айқындау кезінде қызметкерлердің басым көпшілігінің еңбек қызметі бір-бірінен едәуір ара қашықтықта орналасқан және қауіпті және зиянды факторлар аймағынан өтетін жер (өтпе) бағыттарымен байланысатын қызмет көрсетілетін жабдықтың, ғимараттар мен құрылыстардың жиынтығын қамтитын жұмыс аймағында жүзеге асырылатындығын ескеру қажет.

      2. Қызметкердің технологиялық процестерге негізделген операцияларды, жедел және техникалық қызмет көрсетуді және ғимараттар мен құрылыстардың жабдықтарын жөндеуді жұмыстарын орындайтын барлық орындар осы қызметкердің немесе қызметкерлер тобының жұмыс орны ретінде қаралады.

      3. Жедел пайдалану персоналының жұмыс орны еңбек қауіпсіздігі және қорғау заңнамасымен белгіленген талаптарды ескере отырып айқындалған кеңістікті аймақ болып табылады. Мысалы, турбиналық жабдық бойынша барлаушы машинисінің жұмыс орны жабдыққа қызмет көрсетілетін турбиналардың саны ескеріле отырып тексеру жүргізілетін турбиналық жабдықтың барлық белгілерінің жұмыс аймақтарын қамтиды. Шағын станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электр монтердің жұмыс орны өзіне жабдық пен құрылыстарды қарау және оларға техникалық қызмет көрсетудің технологиялық карталарына сәйкес басқару қалқанының үй-жайы мен шағын станциялардағы жұмыс аймақтарын қамтиды.

      4. Жөндеу жұмысын атқаратын персоналдың жұмыс орны тікелей жөнделетін жабдықтың, ғимараттың және құрылыстың жанында орналасқан жөндеу шеберханалары, қызметкерлердің демалыс бөлмелері және жөндеу жұмыстарын жүргізбейтін алаңды қамтитын кеңістікті аймақ болып табылады.

      Осындай жұмыс орындары орындалған жөндеу жұмыстарының түрлері бойынша мамандандырылатын бригадалар санына байланысты айқындалады.

      Мысалы, жылу электр станциясында қыздыру қабатын жөндеу бойынша бригаданың жұмыс орны шеберхана үй-жайлары, демалыс бөлмесі, қазандықтың жанындағы жұмыс алаңы, қазандық пеші, сондай-ақ жөнделетін қазандықтардың саны ескерілетін кеңістікті аймақ болып табылады.

      Электр желілері кәсіпорындары ұжымы электр берудің әуе желілерін жөндеу жөніндегі бригаданың жұмыс орны әуе желілерінде жөнделетін учаскенің ұзындығымен айқындалатын кеңістікті аймақ болып табылады. Сондай-ақ, жұмыс орнына тіректегі жұмыс, автомобильдегі өту жолы, базадағы жөндеу шеберханалары да кіреді.

      5. Жедел (кезекші) персоналдың жұмыс орны басқару қалқанының үй-жайы, диспетчерлер бөлмесі, сондай-ақ тексеріп қарауды жүргізу арқылы күнделікті қарап өтілуі тиіс электр жабдығы кіретін жұмыс аймағы болып табылады. Жұмыс орындарының саны нормативтік саны ескеріле отырып құрылған штаттық кесте бойынша айқындалады.

      Мысалы, энергия блок машинисінің жұмыс орны басқару қалқанының үй-жайы болып табылады. Электр желілері диспетчерінің жұмыс орны – басқару қалқанының үй-жайы.

      6. Әкімшілік-басқару персоналының жұмыс орны жұмыс үй-жайы кіретін жұмыс аймағы болып табылады. Жұмыс орнының атауы орындалатын функциялар бойынша айқындалады (мысалы, өндірістік-техникалық бөлімі, өндірістік техникалық қызметі, бухгалтерия).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады