Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпарттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 ақпандағы № 142 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 наурызда № 10553 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1277 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 30.12.2015 № 1277 (алғаш рет ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сәрсенов):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімдік баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды жариялау;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрі міндетін атқарушысының
2015 жылғы 23 ақпандағы
№ 142 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің
ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабы 5-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелерімен ақпарат алмасу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелерімен алмасуға жатпайды.

      3. Ақпарат алмасу процесінде пайдаланылатын мәліметтердің қағаз тасығыштағы құжаттардың мәліметтерімен мәні бірдей болады.

      4. Ақпарат алмасу мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға заңдық мәні бар фактілерді растайтын құжаттардың аз санын ұсынудың қағаз құжат айналымын болдырмауды (азайтуды) қамтамасыз етеді.

      5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) ақпараттық жүйе - ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, беру және ұсынуға, аппараттық-бағдарламалық кешенді қолдануға арналған жүйе;

      2) ақпараттық өзара іс-қимыл - "электрондық үкімет" ақпараттық жүйелерінің арасында ақпарат алмасуды және мәліметтер беруді ұйымдастыру үшін желі аралық байланыстыру процесі;

      3) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар.

      4) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;

      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы (бұдан әрі - ҚР ҰКО) - электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;

      6) мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі - мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингіне арналған, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін ақпараттық жүйе.

      7) хабарлама - ақпараттық жүйесінен мемлекеттік ақпараттық жүйеге ақпаратты ұсыну және одан кері ұсыну нысаны;

      8) халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - ХҚО) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды жүзеге асыратын, сондай-ақ ақпараттық жүйелерден мәліметтер алу арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамассыз ететін заңды тұлға.

      9) электрондық цифрлық қолтаңба - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.

2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық
жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу тәртібі

      6. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің қызметті берушілердің ақпараттық жүйелерімен өзара ақпарат алмасуы үш санат бойынша:

      1) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәртебесін алу;

      2) мемлекеттік деректер қорында және басқа да көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелерінде тұратын құжаттар бойынша мәліметтерді алу;

      3) көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсетуге өтінімдер беру мен алу бойынша жүйелердің ықпалдасуын білдіреді.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәртебесін алу бойынша ықпалдастыру мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторнингін іске асыру мақсатында көрсетілетін қызметті берушілермен қабылданатын мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтінімдерді орындау жөніндегі мәртебелерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингісі ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелерінен беруді болжайды.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар туралы мәліметтерді алу бойынша ықпалдасу мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде талап етілетін электрондық түрдегі құжаттар бойынша мәліметтерді беруді болжайды немесе мемлекеттік деректер қорында және басқа да көрсетілетін қызметті берушілер ақпараттық жүйелерінде ұсталатыны туралы мәліметтер, құжаттардың қағаз көшірмелерін болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері болып табылады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтінімдерді алу және беру бойынша ықпалдасу көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтінімдер беруді және нәтижесін ХҚО-ға беруді болжайды.

      7. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпарат алмасу тәртібі төменде берілген:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ХҚО-ға немесе уәкілетті органға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу мақсатында жүгінген кезінде ХҚО жұмыскері немесе уәкілетті органның жұмыскері мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарына сәйкес, қажетті құжаттар бойынша олардан мәліметтерді алу мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінен (уәкілетті органның ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) сұрау салуға бастама жасайды.

      2) ХҚО жұмыскері немесе уәкілетті органның жұмыскері мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтінім толтырады (уәкілетті органның ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) және мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарына сәйкес қажетті құжаттардың электрондық құжаттарын қоса береді;

      3) мемлекеттік қызметті алуға және көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын құжаттар мен көрсетілген мәліметтерді тиісті тексеруге келісуді көрсетілетін қызметті алушы жазбаша немесе электронды цифрлы қолтаңбаны қолданумен растайды;

      4) "сұрау салу" түріндегі хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі үшін қалыптастырылады және шығыс мәліметтерді беру үшін арналған.

      5) көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі сұрау салуды қабылдайды және өңдейді, мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне сұрау салуды өңдеу нәтижесімен "жауап" хабарламасын береді.

      8. Сұрау салуды өңдеу мәртебесі мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингін іске асыру мақсатында қызметті алушының жүгінген жағдайында мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

      9. Хабарламаның жөнелту және алу фактісі ақпараттық жүйелерде тіркеледі. Электрондық байланыс болмаған кезде немесе хабарламаны жіберуде кедергі келтіретін басқа да себептер туындағанда жеткізілмеген хабарламалар кезекте жиналады. Апатты жағдайды жойғаннан кейін, жеткізілмеген хабарламаларды жіберу кезектен жаңартылады, Астана қаласының уақыты бойынша хабарламаның нақты жеткізілу мерзімі және уақытымен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне жазылады.

      10. Ақпараттық алмасу үрдісінде барлық уақытша параметрлерді тіркеу Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі. Ақпараттық алмасудың уақытша сипаттамалары мемлекеттік қызмет көрсетудің әрбір кезеңіне бөлінген уақыттан аспауы тиіс.

      11. Ақпарат алмасу кезінде ақпаратты қорғау мемлекеттік органдардың бірыңғай қорғалған көліктік ортасын, ақпаратты кепілді жеткізудің бағдарламалық құралын пайдалану есебінен де, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік бойынша ұйымдастырушылық іс-шараларын өткізу есебінен де қамтамасыз етілуі тиіс.

      12. Қабылдауға/беруге жататын мәліметтер мемлекеттік қызметтерді көрсетілетін уәкілетті тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбамен расталады. Алмасу кезінде деректердің қорғалуын ұйымдастыру үшін ҚР ҰКО берген тіркеу куәліктері пайдаланылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады