Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10605 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.06.2017 № 420 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағы 41-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмелерін жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 169 бұйрығымен бекітілген

Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық
ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының жауапкершілік аймағында ұсынылатын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидалардың талаптарды әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қатысатын азаматтық авиация кәсіпорындарының, мекемелері мен ұйымдарының барлық лауазымды тұлғалары және авиациялық персоналы орындайды.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі анықтамалар мен терминдер:

      1) абсолюттік биіктік – теңіздің орта деңгейінен нүктенің немесе нүкте деп есептелген объектінің деңгейіне дейінгі тік қашықтық;

      2) адами фактордың аспектілері - жоспарлау, сертификаттау, кадрларды даярлау, техникалық қызмет көрсету және авиациядағы пайдалану қызметтері процестеріне қолданылатын және адамның мүмкіндіктерін тиісті түрде есептеу арқылы адам мен жүйенің басқа компоненттері арасындағы қауіпсіз қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;

      3) аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелрінің ұшуын қамтамасыз ету әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;

      4) аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі - нақты белгіленген әрекет ету аймағында құрылған қызмет, ол әуе навигациясының қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық ақпараттардың деректердің ұсынылуына жауапты;

      5) аэронавигациялық деректер - аэронавигациялық нақты деректерді, тұжырымдамаларды немесе нұсқаулықтарды байланыс, түсіндіру немесе өңдеу үшін ыңғайлы формальді тәртіппен баяндау;

      6) аэронавигациялық карта - аэронавигация үшін арнайы тағайындалған жер бетінің учаскесі, оның бедері және жасанды құрылыстары бейнеленген шартты бейне;

      7) аэронавигациялық ақпараттар жинағы - аэронавигация үшін елеулі маңызы бар ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпаратты қамтитын мемлекет шығарған немесе бекіткен жарияланым;

      8) аэронавигациялық ақпарат жинағына қосымша - аэронавигациялық ақпараттар жинағындағы ақпаратқа енгізілетін және жеке парақтарда жарияланатын уақытша өзгерістер;

      9) аэронавигациялық ақпараттар жинағында жасалатын түзетулер - аэронавигациялық ақпараттар жинағындағы ақпаратқа енгізілетін тұрақты өзгерістер;

      10) аэронавигациялық ақпараттың циркуляры - NОТАМ шығаруды немесе оны аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуді қажет етпейтін, бірақ ұшулардың қауіпсіздігі мәселелеріне немесе аэронавигациялық, техникалық, әкімшілік және заңдық мәселелерге қатысты ақпаратты қамтитын хабарлама;

      11) ажырату қабілеті (ажыратымдылық) - қолданылатын өлшенген немесе есептелген мәннің тәртібін анықтайтын бірліктердің немесе цифрлардың саны;

      12) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      13) аймақтық навигация - әуе кемелеріне кез келген траектория бойынша радиомаяктік навигациялық құралдардың әрекет аймақтары шегінде және автономды құралдардың немесе олардың құрамдастарының мүмкіндіктерімен анықталатын шектерінде ұшу жасауға мүмкіншілік беретін навигация әдісі;

      14) аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі - аспаптық метеорологиялық жағдайларда пайдаланылуға тиісті және әдетте паралельдермен және меридиандармен айқындалатын белгіленген аймақ шегіндегі кедергілердің үстінен ең төменгі биіктік қорын қамтамасыз ететін ең төменгі абсолюттік биіктік;

      15) ақпарат өнімі - деректер шоғыры немесе ақпарат өнімінің ерекшеліктеріне жауап беретін деректер шоғырының жиынтығы;

      16) аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы – кедергілермен соқтығысуды болдырмауды көздейтін белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда, қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінен немесе, тиісті жағдайларда, белгіленген ұшып келу маршрутының басынан бастап, қону орындалуы мүмкін нүктеге дейін, ал егер қону орындалмаған болса, күту аймағында немесе маршрутта кедергілердің үстінен ұшып өту критерийлері қолданылып басталатын нүктеге дейін пилотаждық асаптар бойынша орындалатын алдын ала белгіленген маневрлер сериясы;

      17) асып кету – вертикаль бойынша теңіздің орта деңгейінен жер бетінің немесе онымен байланысты объектінің нүктесіне немесе деңгейіне дейінгі арақашықтық;

      18) әуеайлақ ауданына келудің абсолюттік биіктігі – радиусы 46 км (25 м. миль) айналым доғасы жармасында орналасқан барлық объектілердің үстінен 300 м (1000 фут) болатын ең төменгі биіктік қорын қамтамасыз ететін, орталығы қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінде немесе, егер қонуға кірудің бастапқы кезеңінің нүктесі жоқ болса, осы доғаның ұштарын қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесімен қосатын тура сызықтармен шектелген қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесінде болатын ең аз абсолюттік биіктік;

      19) әуеайлақ - әуе кемелерінің толық немесе жартылай келуі, кетуі және сол жазықтықтағы қозғалысына арналған жер немесе су бетіндегі (кез келген ғимараттарды, құрылыстарды және жабдықтарды қоса) белгіленген учаске;

      20) әуе трассасы - бақыланатын әуе кеңістігі немесе дәліз түріндегі оның бөлігі;

      21) әуеайлақтың бақылау нүктесі – әуеайлақтың географиялық орналасқан жерін айқындайтын нүкте;

      22) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут;

      23) әуе кемесіне қызмет көрсету – тиісті жағдайларда ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді, авариялық хабарлауды, әуе кемесіне консультациялық қызмет көрсетуді, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, жақындау кезінде дичпетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету) білдіретін жалпы термин;

      24) әуеайлақтан асып кету – қону алаңының ең жоғары нүктесінен асып кету;

      25) әуеайлақтың пайдалану минимумдары – төмендегілер үшін әуеайлақты пайдалануға шектеу қою:

      ұшу-қону жолағындағы көріну ұзақтығы және/немесе көріну мәндерімен және қажет болған жағдайда, бұлттылық параметрлерімен белгіленетін ұшып көтерілу үшін;

      қонуға дәл кіруді орындау кезінде қондыру және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көрінудің алыстығы және пайдалану санаттарына сәйкес шешім қабылдаудың абсолюттік /салыстырмалы биіктігі мәндерімен белгіленетін қонулар үшін;

      қонуға кіруді орындау кезінде қону және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көріну алыстығы және шешім қабылдаудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі мәндерімен белгіленетін тік жазықтыққа дәлдеумен қонулар үшін;

      қонуға дәл емес кіруді орындау кезінде қону және ұшу-қону жолағында көріну және/немесе көрінудің алыстығы, төмендеудің ең төменгі абсолюттік/салыстырмалы биіктігі мәндерімен және қажет болған жағдайда бұлттылық параметрлерімен белгіленетін қонулар үшін;

      26) база - басқа шамаларды есептеудің басы немесе негізі ретінде қызмет ететін кез келген шама немесе шамалар қатары;

      27) бедер - аэронавигациялық карталарда горизонтальдармен, реңктік гипсометриямен, бояу жуумен немесе биіктік белгілерімен берілген жер бетінің тегіс емес жерлері;

      28) біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті - пакет мынадай элементтерден тұрады:

      аэронавигациялық ақпараттар жинағы, түзетулерін қоса;

      аэронавигациялық ақпараттар жинағына енгізілетін толықтырулар;

      NOTAM және ұшу алдындағы ақпарат бюллетені;

      аэронавигациялық ақпараттың циркуляры;

      бақылау тізбесі және қолданыстағы NОТАМ тізбесі;

      29) векторлау - әуе кемелерін ӘҚҚ бақылау жүйелерін қолдану негізінде белгілі бір курстарды көрсету арқылы навигациялық бағыттауды қамтамасыз ету;

      30) геоид толқыны (геоид биіктігі) - геоид беті мен математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид беті арасындағы қашықтық (оң немесе теріс мағына);

      31) геоид - Жердің гравитациялық өрісіндегі теңіздің бекітілген орта деңгейі мен оның материктер алып жатқан жалғасына сәйкес келетін баламалы әлеуетті беті. Жергілікті гравитациялық ауытқулардың салдарынан геоид пішіні дұрыс емес қалыптасқан, сондықтан ауыртпалық күшінің бағыты кез келген нүктеде геоид бетіне перпендикуляр;

      32) глиссада - қонуға кірудің соңғы кезеңінде тік бағыттау үшін орнатылған төмендеу пішіні;

      33) григориандық күнтізбе – көпшілік қабылдаған күнтізбе; алғашқы рет юлиандық күнтізбемен салыстырғанда тропикалық жылға барынша сәйкес келетін жылды анықтау үшін 1582 жылы енгізілген;

      34) дәлдік - есептеу немесе өлшеу мәнінің нақты мәнге сәйкес келу дәрежесі. Тұрған жерді өлшеу дәлдігі, әдетте, нақты тұрған жері анықталған ықтимал дәрежесімен белгіленген шектегі хабарланған жерінен бергі қашықтықпен беріледі;

      35) деректер сапасы - ұсынылған деректердің нақтылық, ажыратымдылық және тұтастық тұрғысынан деректерді пайдаланушы қоятын талаптарға жауап бере алатындығының дәрежесі немесе деңгейі;

      36) деректер шоғырының жиынтығы - өнімнің бірдей ерекшеліктеріне сәйкес келетін деректер шоғырының жиынтығы;

      37) деректер шоғыры - деректердің белгілі бір жиынтығы;

      38) деректерді беру желісі бойынша "диспетчер-пилот" байланысы - деректерді беру желісін қолдану арқылы әуе қозғалысына қызмет көрсету мақсатында диспетчер мен пилот арасындағы байланыс құралы;

      39) екінші айналымға кету схемасы – қонуға кіруді жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда ұстануға тиісті тәртіп;

      40) екінші айналымға кету нүктесі – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасындағы кедергілердің үстінен биіктіктің ең төменгі қорын қамтамасыз ету үшін екінші айналымға кетудің алдын ала жасалған схемасы бойынша ұшу басталған немесе оған дейін ұшу басталған нүкте;

      41) жабын – өсімдіктің салыстырмалы биіктігі ескерілгендегі тақыр Жер;

      42) жерге қону аймағы – жерге қонатын ұшақтар ұшу-қону жолағына бірінші жанасуға арналған ұшу-қону жолағының табалдырығының алдындағы учаске;

      43) жерге қону мен жер үстінен көтерілу аймағы – тікұшақ жерге қонуды немесе жер үстінен көтерілуді орындай алатын жүктеме түсетін алаң;

      44) жергілікті жер – жасанды кедергілерден басқа тау, төбешік, жота, алап, су шоғыры, мәңгілік мұз бен қар тәрізді табиғи элементтері бар Жер беті;

      45) жергілікті жердегі кедергілер туралы деректерді есепке алу шегі кедергілер (жергілікті жер) туралы деректер жасау мақсатында қолданылатын белгілі шек;

      46) жолдың нүктелері – аймақтық навигация маршрутын немесе аймақтық навигацияны қолданатын әуе кемесінің ұшу траекториясын анықтау үшін қолданылатын нақты географиялық пункт. Жолдың нүктелері төмендегідей белгіленеді:

      "флай-бай" жол нүктесі – маршруттың немесе схеманың келесі учаскесіне шығуды қамтамасыз ету үшін алдын ала бұрылуды көздейтін жол нүктесі; немесе

      "флайовер" жол нүктесі – маршруттың немесе схеманың келесі учаскесіне шығу мақсатында бұрылуды бастайтын жол нүктесі;

      47) жолдың сызығы – әуе кемесінің жер бетіне ұшу траекториясының әдетте бағыты кез келген нүктеде солтүстік бағыттан (ақиқат, магниттік немесе бұрыштық меридиандардан) санап шығарылатын бұрыш градустарымен белгіленетін проекциясы;

      48) жұмыс алаңы - әуеайлақтың маневрлеу алаңы мен перроннан (перрондардан) тұратын әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және рульдеуге арналған бөлігі;

      49) жылжытылған ұшу-қону жолағының табалдырығы – ұшу-қону жолағының басталған жерінде орналаспаған табалдырық;

      50) кедергілерді ұшып өтудің абсолюттік биіктігі – ұшу-қону жолағының тиісті шегін асып түсу үстіндегі немесе тиісті жағдайларда кедергілерді ұшып өтудің тиісті критерийлерін сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын әуеайлақтан асып түсу үстіндегі ең кіші абсолюттік биіктік;

      51) кедергілерді ұшып өтудің салыстырмалы биіктігі - ұшу-қону жолағының тиісті шегін асып түсу үстіндегі немесе тиісті жағдайларда кедергілерді ұшып өтудің тиісті критерийлерін сақтауды қамтамасыз ету үшін қолданылатын әуеайлақтан асып түсу үстіндегі ең кіші салыстырмалы биіктік;

      52) кедергілерден бос аймақ – қонуға кірудің ішкі бетінің, ауыспалы ішкі беттерінің және үзілген қону кезінде екінші айналымға кету бетінің және осы беттермен шектелген ұшу жолағы бөлігінің үстіндегі, салмағы жеңіл және аэронавигация мақсатында қажетті берік емес негіздегі ешбір қозғалмайтын кедергі шығып тұрмайтын әуе кеңістігі;

      53) кедергілердің үстінен ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктігі – белгілі учаскедегі кедергілердің үстінен қажетті биіктік қорын қамтамасыз ететін ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      54) кедергілерден бос жолақ – ұшақ соның үстінен белгіленген биіктікке дейін бастапқы биіктіктің бір бөлігіне көтерілуі үшін жарамды учаске ретінде таңдап алынған немесе дайындалған, тиісті уәкілетті органның бақылауындағы жер немесе су бетіндегі тік бұрышты учаске;

      55) кедергі - барлық жылжымайтын (уақытша немесе тұрақты) және жылжитын нысандар немесе олардың мына жерлердегі бөлігі:

      әуе кемелерінің жер бетінде қозғалуына арналған аймақта орналасқан;

      ұшып бара жатқан әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгілі бір жерде тұрғызылған;

      осы жерлер шегінде орналасқан және әуе навигациясы үшін қауіп төндіретін деп бағаланған;

      56) кері схема - әуе кемесіне аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының бастапқы учаскесінде бағытты өзгертуге мүмкіндік беретін схема. Бұл маневр стандартты бұрылу немесе қонатын сызыққа бұрылуды қамтуы мүмкін;

      57) көлденең - бірдей асып түсу нүктесін байланыстыратын картадағы немесе схемадағы сызық;

      58) күту аймағындағы ұшу схемасы - әуе кемесіне келесі шешімді күту үшін белгілі бір әуе кеңістігі шеңберінде бола тұруға мүмкіндік беретін алдын ала белгіленген маневр;

      59) қауіпті аймақ – соның шегінде белгілі бір уақыт аралығында әуе кемелерінің ұшуына қауіп төндіретін қызмет жүзеге асырылуы мүмкін белгілі ауқымдағы әуе кеңістігі;

      60) қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңінің аймағы – үстінен қонуға кіру маневрінен бастап әуеде қалқып тұру режиміне дейінгі соңғы кезең немесе қону орындалатын және ұшып көтерілу маневрі басталатын белгіленген аймақ. Қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңінің аймағы 1-класты ұшу-техникалық сипаттамалары бар ұшақтар пайдаланатын жағдайларда бұл белгіленген аймақ үзілген ұшып көтерілудің орналастырылған аймағын қамтиды;

      61) қонуға кірудің соңғы учаскесі – соның шегінде ұшу-қону жолағының жармасына шығу және қонуға төмендеу жүргізілетін аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының учаскесі;

      62) қонуға кірудің соңғы кезеңі – қонуға кірудің соңғы кезеңінің белгіленген бақылау нүктесінде (немесе нүктесінде) немесе осындай нүкте жоқ болған жағдайда:

      егер ондай көзделген болса, "ипподром" үлгісіндегі схемада ең соңғы стандартты бұрылу, қонатын сызыққа бұрылу немесе жақындау жолының сызығына бұрылу соңында; немесе

      қонуға кіру схемасындағы жолдың ең соңғы сызығына шығу нүктесінде басталып, әуеайлақ ауданындағы қону орындалуы немесе екінші айналымға кету басталуы мүмкін нүктеде аяқталады.

      63) қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі (немесе нүктесі) –аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының қонуға кірудің соңғы кезеңінің учаскесі басталатын бақылау нүктесі (немесе нүктесі);

      64) қонуға кірудің бастапқы учаскесі – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесі мен қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесі арасындағы немесе, тиісті жағдайларда, қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі (немесе нүктелері) арасындағы учаскесі;

      65) жерге қону алаңы - әуе кемелерінің қонуына және ұшып көтерілуіне арналған жұмыс алаңының бір бөлігі;

      66) қонуға кірудің аралық учаскесі – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының тиісінше қонуға кірудің аралық кезеңінің бақылау нүктесі мен қонуға кірудің соңғы кезеңі нүктесінің (немесе нүктесінің) бақылау нүктесі немесе кері схеманың, "ипподром" үлгісіндегі схеманың немесе есептеу әдісімен салынатын жол сызығының соңы және қонуға кірудің соңғы кезеңінің бақылау нүктесі (немесе нүктесі) аралығындағы учаскесі;

      67) қонуға визуалды кіру схемасы – визуалды бағдар бойынша қонуға кірудің бастапқы кезеңінің бақылау нүктесінен немесе, тиісті жағдайларда, белгіленген ұшып келу маршрутының басынан бастап, қону орындалуы мүмкін және, егер қону орындалмаған болса, одан кейін екінші шеңберге кету схемасы орындалуы мүмкін алдын ала белгіленген маневрлер сериясы;

      68) қонуға дәл кіру схемасы - ILS немесе РАR беретін азимут және глиссада туралы ақпаратты пайдаланаотырып, аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы;

      69) қосылу мекенжайлары - деректерді әуе қозғалысына қызмет көрсету органына беру желісін қосу үшін қолданылатын орнатылған код;

      70) магниттік ауытқу – ақиқат және магниттік меридианның солтүстік бағыты арасындағы бұрыш;

      71) маршрут бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі – маршрут учаскесіндегі тиісті навигациялық құралдар мен әуе қозғалысына қызмет көрсету байланыс құралдарының сигналдарын барабар қабылдауды қамтамасыз ететін, әуе кеңістігінің құрылымына сәйкес келетін және кедергілердің үстінен қажетті биіктік қорын қамтамасыз ететін ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      72) маневрлеу алаңы - әуеайлақтың әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және рульдеуіне арналған перроннан басқа бөлігі;

      73) метадеректер – деректер туралы деректер;

      74) орналасқан жер (географиялық) - нүктенің Жер бетіндегі орналасқан жерін анықтайтын математикалық тұрғыдан анықталған референц-эллипсоид арқылы берілетін координаттар (ені мен ұзындығы);

      75) өткелдің абсолюттік биіктігі – әуе кемесінің абсолюттік биіктікте немесе одан төмен тұрған жері тік жазықтықта авбсолюттік биіктік шамасында беріледі;

      76) перрон – жолаушыларды отырғызу немесе түсіру, пошта немесе жүкті тиіеу немесе түсіру, май құю, тұрақтау немесе техникалық қызмет көрсету мақсатында әуе кемелерін орналастыруға арналған құрлықтағы әуеайлақ алаңының белгілі аумағы;

      77) реңктік гипсометрия – жер бетінен асып кету деңгейін көрсету үшін қолданылатын түстер мен олардың реңктерінің жүйелік градациясы;

      78) рульдеу маршруттары – тікұшақтардың түкұшақ алаңының бір бөлігінен екінші бөлігіне жүруінің белгіленген траекториясы. Рульдеу маршруты рульдеу маршрутының осьтік сызығының бойымен өтетін, түкұшақтарды бұруға арналған әуедегі немесе жердегі рульдеу жолы қамтиды;

      79) рульдеу жолы – құрлықтағы әуеайлақтағы әуе кемелерінің бұрылуы үшін орнатылған және әуеайлақтың бір бөлігін екіншісімен қосуға арналған белгілі бір жол, оның ішінде:

      әуе кемесінің тұрақтағы рульдеу жолағы – рульдеу жолы ретінде белгіленген және тек әуе кемелерінің тұрақ орындарына жақындауға арналған перрон бөлігі;

      перрондық рульдеу жолы. Перронда орналасқан және перрон арқылы рульдеу маршрутын қамтамасыз етуге арналған рульдеу жолдары жүйесінің бір бөлігі;

      перрондық рульдеу жолы – ұшу-қону жолағымен сүйір бұрыш арқылы жалғанған және қонған ұшаққа басқа шықпа рульдеу жолдарында қол жеткізілетін жылдамдықтарға қарағанда жоғарырақ жылдамдықпен ұшу-қону жолағынан шығып кетуге және соның арқасында ұшу-қону жолағында болу уақытын барынша азайтуға мүмкіндік беретін рульдеу жолы;

      80) сапа - меншікті сипаттамалар жиынтығының қойылған талаптарды орындау дәрежесі;

      81) сапа менеджменті - ұйымның сапаға қатысты басшылық ету және басқару жөніндегі үйлестірілген қызметі;

      82) сапаны қамтамасыз ету - сапаға қойылатын талаптардың орындалатынына сенім туғызуға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі;

      83) сапаны басқару - сапаға қойылатын талаптардың орындалуына бағытталған сапа менеджменті бөлігі;

      84) салыстырмалы биіктік – вертикаль бойынша көрсетілген бастапқы деңгейден бастап, нүкте ретінде қабылданған деңгейге, нүктеге немесе объектіге дейінгі арақашықтық;

      85) сектордағы ең төменгі абсолюттік биіктік – пайдаланылуы мүмкін және ортасында негізгі нүкте, әуеайлақтың бақылау нүктесі немесе тікұшақ айлағының бақылау нүктесі орналасқан радиусы 46 км (25 м. миль) шеңбер секторындағы барлық объектілердің үстінен ең төмен дегенде 300 м (1000 фут) артық биіктікті қамтамасыз ететін ең аз абсолюттік биіктік;

      86) тежеудің ақырғы жолағы – екпіннің орналасқан ұзындығының соңындағы үзілген ұшып көтерілу орын алған жағдайда әуе кемесін тоқтату үшін жарамды учаске ретінде дайындалған жер бетінің белгілі бір тік бұрышты учаскесі;

      87) техногенді орта – жер бетіндегі барлық жасанды құрылыстар, мәселен, қалалар, теміржолдар және арналар;

      88) тұрақ орны - перрондағы әуе кемесін қою үшін арнайы бөлінген учаске;

      89) тұтастық (аэронавигациялық деректер) - аэронавигациялық деректердің, оларды дайындаған немесе түзету енгізуге рұқсат етілген сәттен бастап жоғалмағанының немесе өзгермегенінің анықталған кепілі;

      90) тыйым салу аймағы – әуе кемелерінің ұшуына тыйым салынған мемелекет аумағында немесе аумақтық сулар үстіндегі белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;

      91) тікұшақ айлағы - тікұшақтардың толық немесе жартылай келуі, кетуі және сол жазықтықтағы қозғалысына арналған әуеайлақ немесе құрылыстағы белгілі бір бет учаскесі;

      92) ұшу-қону жолағындағы көріну алыстығы – ұшу-қону жолағының осьтік сызығында орналасқан әуе кемесінің пилоты ұшу-қону жолағында үстіндегі таңбалау белгілерін немесе ұшу-қону жолағы шектейтін немесе оның осьтік желісін белгілейтін оттарды көре алатын арақашықтық;

      93) ұшу-қону жолағының жанындағы күту орны – ұшу-қону жолағының, кедергілерді шектеу бетін немесе, егер әуеайлақтық диспетчерлік пункттен басқа нұсқаулар келіп түспеген болса, бұрылатын әуе кемелері мен көлік құралдары тоқтап және күтіп тұратын әсер сезгіш/шекті ILS/MLS аймағын қорғауға арналған белгілі бір орын;

      94) ұшу-қону жолағының табалдырығы – қону үшін пайдаланылу мүмкін ұшу-қону жолағы учаскесінің бас жағы;

      95) ұшу алдындағы ақпарат бюллетені - ұшу алдында дайындалған, айрықша пайдаланылу маңызы бар ағымдағы NОТАМ ақпараты;

      96) ұшу-қону жолағы - әуе кемелерінің қонуы мен ұшуы үшін дайындалған құрлықтағы әуеайлақтың белгілі бір тік бұрышты учаске;

      97) ұшуды шектеу аймағы - әуе кемелерінің ұшуы белгілі шарттармен шектелген аумақ немесе аумақтық сулар үстіндегі белгіленген өлшемдегі әуе кеңістігі;

      98) ұшып келу маршруттары – аспаптар бойынша қонуға кіру схемасында көрсетілген, маршрут бойынша ұшу кезеңі аяқталғаннан кейін әуе кемелері қонуға кірудің бастапқы кезеңініің бақылау нүктесіне шыға алатын маршруттар;

      99) ұшу эшелоны - қысымының белгіленген 1013,2 гектопаскаль (гПа) мәніне жатқызылған және басқа да осындай беттерден белгіленген қысым интервалдарының мәніне алыс тұрған тұрақты атмосфералық қысымның беткі жағы;

      100) циклдық артық кодты пайдалану арқылы бақылау - деректерді жоғалып кетуден немесе өзгеруден қорғаудың белгілі деңгейін қамтамасыз ететін, деректердің цифрлық мәніне қатысты қолданылатын математикалық алгоритм;

      101) электрондық аэронавигациялық картаның дисплейі – қажетті ақпаратты көрсету арқылы ұшу экипаждарына ыңғайлы тәсілмен және уақытылы маршруттарды жоспарлауды, ұшу маршрутын бақылауды және навигацияны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы;

      102) АSНТАМ - әуе кемелерінің ұшуды орындауы үшін маңызды мәні бар жанартау қызметінің өзгеруі туралы, жанартаудың атылуы және (немесе) жанартау күлінен болған бұлт туралы ерекше пішімде ұсынылған ақпарат қамтылған арнайы сериядағы NОТАМ;

      103) NОТАМ - электр байланысы құралдарымен таралатын және уақтылы ескертілген жағдайда, ұшуларды орындаумен байланысты персонал үшін маңызды болып табылатын кез келген азронавигациялық жабдықты іске қосу, оның жай-күйі немесе өзгеруі, қызмет көрсету және қағидалар немесе қауіп-қатер туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;

      104) SNОWТАМ - қар, мұз, еріген қардан болған батпақ немесе тоқтам су, әуеайлақтың жұмыс алаңындағы батпақ пен мұздың болуынан туындаған қауіпті жағдайлардың орын алғаны немесе оларды жою туралы белгіленген пішімде хабарлайтын арнайы сериядағы NОТАМ.

      4. Осы Қағидаларда төмендегідей қысқартылған сөздер қолданылады:

      ААҚ – аэронавигациялық ақпарат қызметі;

      ӘҚҚ – әуе қозғалысына қызмет көрсету;

      РЖ – рульдеу жолы;

      ТО – тұрақ орны;

      ТСЖ – тежеудің ақырғы жолағы;

      ҰҚЖ – ұшу-қону жолағы;

      АҰЕ – аспаптар бойынша ұшу ережелері;

      AIC – аэронавигациялық ақпарат циркуляры;

      AIP – аэронавигациялық ақпарат жинағы;

      АМА – аймақтағы ең төменгі абсолюттік ұшу биіктігі;

      ARP – әуеайлақтың бақылау нүктесі;

      CRC – циклдық артық код;

      DA/H – шешім қабылдаудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      FATO – қонуға кіру және ұшудың соңғы кезеңі аймағы;

      HRP – тікұшақ айлағының бақылау нүктесі;

      IAF – қонуға кірудің бастапқы кезеңінің нүктесі;

      IF – қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесі;

      MAPt – екінші айналымға кету нүктесі;

      MDA/H – төмендеудің ең төменгі абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      МЕА – маршрут бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      МОСА – кедергілерді ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      MSL – теңіздің орташа деңгейі;

      ОСА/Н – кедергілерді ұшып өтудің абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      OFZ – кедергілерден бос аймақ;

      PBN – сипаттамаларға негізделген навигация;

      PIB – ұшу алдындағы ақпарат бюллетені;

      RNAV – аймақтық навигация;

      RVR – ҰҚЖ-да көріну алыстығы;

      TAA – әуеайлақ маңына ұшып келудің абсолюттік биіктігі;

      TLOF – жерге қону және көтерілу аймағы;

      UTC – дүниежүзілік үйлестіру уақыты.

      WGS-84 – 1984 жылғы дүниежүзілік геодезиялық жүйе.

      5. Көлденең жазықтықта есептеу жүйесі (геодезиялық) ретінде аэронаивгациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында 1984 (WGS-84) Дүниежүзілік геодезиялық жүйесі қолданылады. Ені мен бойлықты білдіретін географиялық координаталар (WGS-84) Дүниежүзілік геодезиялық жүйесіне қатысты көрсетіледі.

      6. Жұлдызшамен (*) WGS-84 координаталарына өзгертілген географиялық координаталар және осы Қағидалардың 1-қосымшасының талаптарына сай келмейтін геодезиялық түсіру дәлдігі белгіленеді.

      7. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында тік жазықтықта есептеу жүйесі ретінде теңіздің орта деңгейі (MSL) қолданылады.

      8. Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында уақытты есептеу жүйесі ретінде григориандық күнтізбе мен дүниежүзілік үйлестірілген уақыт (UTC) қолданылады.

      9. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы жауапты болатын аудандарда ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйекті, сапалы және уақтылы болуын қамтамасыз ету үшін қажет барлық шараларды қабылдайды.

      10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұсынылатын аэронавигациялық ақпараттың дәйектілігін, дәлдігін және уақытылылығын қамтамасыз етуді бақылайды.

      11. Аэронавигациялық ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын аэронавигациялық ұйымының аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі (бұдан әрі - ААБ қызметі) дайындап, таратады.

      12. Көзбен шолып ұшу және аспаптар бойынша ұшу (ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру) схемаларын әзірлеуді және аэронавигациялық карталарды дайындауды ААБ қызметі жүзеге асырады.

      13. ААБ қызметі ұшулардың қауіпсіздігі, тұрақтылығы және тиімді орындалуы үшін қажет ақпараттар (деректер) ағынын қамтамасыз етеді.

      14. ААБ қызметі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы өз аумағынан тыс жерлердегі әуе қозғалысына қызмет көрсетеді, жауапты аудандарға қатысты аэронавигациялық ақпараттар мен деректерді алады немесе жасайды, тексереді, жинақтайды, редакциялайды, пішімге келтіреді, басып шығарады, сақтайды және таратады.

      15. Аэронавигациялық ақпарат біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті түрінде де, осы пакеттің жекелеген элементтері түрінде де таратылады.

      16. Біріккен аэронавигациялық ақпарат пакеті мынадай элементтерден тұрады:

      1) AIP, соның ішінде оған енгізілген түзетулер мен толықтырулар;

      2) NOTAM және ұшу алдындағы ақпарат бюллетені;

      3) аэронавигациялық ақпарат нұсқаухаты;

      4) бақылау тізбелері мен қолданыстағы NОТАМ тізбелері.

      17. ААБ қызметі Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметтері" 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) құжаты) талаптарына сәйкес, біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің барлық элементтерінің жариялануын қамтамасыз етеді.

      18. Тәулік бойғы қызмет көрсету қымтамасыз етілмеген жағдайларда, оны аэронавигациялық ақпарат қызметі әуе қозғалысына қызмет көрсетуге жауапты аудандарда толық ұшу барысында, сондай-ақ ұшу алдында және одан кейін екі сағат ішінде ұсынады. Қызмет көрсету тиісті ұйымның сұрауы бойынша кез келген басқа уақытта ұсынылады.

      19. Аэронавигациялық ақпарат қызметтерін ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) құрастыру, мазмұнын белгілеу, өңдеу және тарату кезінде оларды тиімді пайдалануға әкелетін адами факторлардың аспектілері ескеріледі.

      Ақпараттың бүтіндігін ескере отырып, адамдар арасында өзара әс-қимыл жасау талап етілген жағдайларда, және тәуекел факторлары анықталған кезде оларды жою бойынша шаралар қолданылады.

2. Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық
ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібі
Параграф 1. Аэронавигациялық ақпараттар жинағы (AIP)

      20. AIP стандартталған электрондық деректерді сақтау мен іздеу мүмкіндігі үшін сәйкестендірілген белгілермен жабдықталған үш бөлімдер, тараулар және бөлімшелермен қамтылған.

      21. AIP-тың "Жалпы ережелер" (GEN) 1-бөлімінде әр бөлімінің тиісті орындарында мыналар қамтылған:

      1) аэронавигациялық құралдарға,қызмет көрсетуге және процедураларға жауапты құзыретті органның атауы, олар туралы ақпараттар AIP сақталған;

      2) халықаралық пайдалану үшін қызмет көрсетуді немесе құралдарды ұсынудың жалпы талаптары;

      3) ұлттық қағидалар мен мемлекет тәжірибесі мен пайдаланушыға мемлекет талаптары және ИКАО-ның тиісті талаптары арасындағы айырмашылықты жылдам белгілеуге мүмкіндік беретін ИКАО-ның ұсынылатын тәжірибесінің тиісті стандарттары арасындағы маңызды айырмашылықтар тізбесі.

      Схемалар, карталар немесе диаграммалар қажет болған жағдайда, толықтыру үшін немесе кестенің немесе AIP мәтінінің орнына қолданылады.

      22. Әрбір AIP дербес құжат болып табылады және кіріспесі болады.

      23. Әрбір AIP-та қамтылған немесе басқа көздердегі ақпараттар қайталанбайды.

      24. Әрбір AIP-тың күні көрсетіледі. Егер AIP қосымша салынған парақтар ретінде жарияланса, әрбір бетінің күні көрсетіледі. Күні, айы (атауы) және жылы көрсетілген күн ақпараттың жарияланған күні немесе күшіне енген күні болып табылады.

      25. Пайдаланушыға жинақ ақпаратының жаңаруына көмектесу үшін AIP сериясының әр бетінің қолданылатын күндерінің соңғы тізбесі үнемі басылып шығарылады. Беттің нөмірі/картаның атауы және соңғы тізбенің шығу күні ең соңғы тізбеде көрсетіледі.

      26. Әрбір AIP және қосымша беттер ретінде шығарылатын жинақтың әр бетінде мыналар нақты көрсетілген ескертпелер болады:

      1) AIP белгісі;

      2) осы жинақта қымтылған аумақ, және қажет болған жағдайда, бұл аумақтың бөліктері;

      3) жинақты шығаратын мемлекеттің, атауы, және жинақты басып шығаратын ұйымның немесе органның атауы;

      4) беттердің нөмірі/карталардың атауы;

      5) егер ақпарат күмән тудырса, дұрыстығының дәрежесі.

      27. AIP-қа барлық өзгерістер немесе қайта басылып шығарылған беттердегі жаңа ақпарат ескертпемен нақты көрсетіледі және тіркеледі.

      28. AIP-қа енгізілген пайдалану сипаттағы маңызды өзгерістер AIRAC қағидаларына сәйкес жарияланады және AIRAC қысқартуларымен нақты белгіленеді.

      29. AIP оларды жаңарту үшін қажетті тұрақты уақыт интервалын сақтап өзгертіледі немесе қайта басып шығарылады.

      30. AIP-қа тұрақты өзгерістер AIP-қа түзетулер ретінде жарияланады.

      31. AIP-қа әрбір түзетуге жүйеді нөмірде реттік нөмір беріледі.

      32. Бас бетті қоса, AIP-қа түзетулердің әрбір бетінде жарияланған күні көрсетіледі.

      33. Бас бетті қоса, AIP-қа түзетулердің әрбір бетінде AIRAC сәйкес күшіне енген күні көрсетіледі. Күшіне енген күні 0000 UTC-дан өзге уақыт көрсетілген жағдайларда, бұл уақыт бас бетінде көрсетіледі.

      34. AIP-ке түзетулер шығарылған жағдайда, түзетуге енгізілген аэронавигациялық ақпараттың біріктірілген пакетінің сол элементтерінің реттік нөмірлеріне сілтеме қосылады, егер ондайлар болса.

      35. AIP-қа түзетулердің бас бетінде түзетулерде қозғалған мәселелер қысқаша түрде көрсетіледі.

      36. AIP-қа түзетулер белгіленген уақыт аралығында немесе жариялау күніне сәйкес жарияланбайтын болса, онда бұндай жағдайда, қолданыстағы NОТАМ тізбесін ашық мәтінде ай сайын жариялау арқылы NIL хабарламасы шығарылады және жарияланады.

      37. Ұзақмерзімді сипаттағы уақытша өзгерістер (3 ай немесе одан көп) және ауқымды мәтіндік және/немесе графикалық материалдарды қамтитын қысқамерзімді сипаттағы ақпарат AIP-қа толықтырулар ретінде жарияланады.

      38. AIP-қа әрбр толықтыруға күнтізбелік жыл бойы кезекпен өсіп отыратын реттік нөмір беріледі.

      39. AIP-қа қосымшалардың беттері AIP-та сақталады, олардың мазмұны толық немесе жартылай күшінде қалғанға дейін.

      40. AIP-қа қосымшада қате табылған кезде немесе AIP-қа толықтырулардың әрекет ету кезеңі өзгертілген жағдайда, оның орнына AIP-қа жаңа толықтырулар шығарылады.

      41. AIP-қа толықтырулар NОТАМ-ның орнына таратылғанда, оған NОТАМ-ның реттік нөміріне сітеме қосылады.

Параграф 2. Аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухаты (AIC)

      42. АIС мыналарға жауап беремейтін аэронавигациялық ақпаратты тарату қажет болғанда, барлық жағдайларда құрастырылады:

      1) AIP-қа енгізуге қатысты осы Қағиданың 2-тарауының 1-параграфында баяндалған талаптарға;

      2) NОТАМ құрастыруға қатысты осы Қағиданың 2-тарауының 8-параграфында баяндалған талаптар.

      43. АIС мыналарды таратқанда құрастырылады:

      1) заңнаманың, ұйғарымның немесе құралдардың кез келген бірқатар өзгерістерне қатысты ұзақмерзімді болжам;

      2) ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін нақты түсіндірме немесе консультациялық сипаттағы ақпарат;

      3) техникалық, заңнамалық немесе тек әкімшілік мәселелерге қатысты түсіндірме немесе консультациялық сипаттағы ақпарат немесе хабарлама.

      44. Осы Қағиданың 43-тармағында көрсетілген ақпаратқа жатады:

      1) аэронавигациялық қағидалардың, қызмет көрсетудің және құралдардың маңызды өзгерістеріне қатысты болжамдар;

      2) жаңа навигациялық жүйелерді қатарға енгізуге қатысты болжамдар;

      3) ұшу қауіпсіздігіне қатысы бар авиациялық оқиғалар/жағдайларды тексеру нәтижесінде алынған маңызды ақпарат;

      4) заңсыз араласу актілерінен халықаралық азаматтық авиацияны қорғауға байланысты қағидалар туралы ақпарат;

      5) ұшқыштар үшін ерекше мүддесін білдіретін медициналық мәселелер бойынша кеңестер;

      6) ұшқыштарға физикалық қауіптен құтылу үшін бағытталған ескерту;

      7) ұшуды орындауға белгілі бір ауа райы құбылыстарының әсері туралы ақпарат;

      8) әуе кемелерін пилоттық етушілік техникасына әсер ететін жаңа қауіп түрлері туралы ақпарат;

      9) шектеулер белгіленген тасымалдарға қатысты заттарды әуе бойынша тасымалдау қағидалары;

      10) ұлттық заңнамада көзделген талаптарға сілтемелер, және олардағы өзгерістерді жариялау;

      11) ұшу экипажының мүшелеріне куәліктерді беру тәртібі;

      12) авиациялық персоналды даярлау туралы ақпарат;

      13) ұлттық заңнамада көзделген талаптарды орындау туралы немесе орындаудан босату туралы ақпарат;

      14) жабдықтың нақты үлгілерін қолдануға немесе қызмет көрсетуге қатысты кеңестер;

      15) аэронавигациялық карталардың нақты немесе жоспарланған жаңа немесе өңделген басылымдардың бар болуы туралы ақпарат;

      16) әуе кемелерінде орнатуға жататын байланыс жабдығы туралы ақпарат;

      17) шудың азаюына қатысты түсіндірме ақпарат;

      18) ұшу жарамдылығына қатасты бөлек тапсырмалар;

      19) NОТАМ серияларында немесе таратылымдағы өзгерістер, жаңа АIР жинақтарын басып шығару немесе олардың мазмұны, көлемі немесе пішімінің елеулі өзгеруі;

      20) осы Қағиданың 45-тармағында көрсетілген қардың түсу жағдайының жоспары туралы алғашқы ақпарат;

      21) осыған ұқсас сипаттағы өзге ақпарат.

      45. Қар жауған жағдайға арналған жоспар қыс басталмай тұрып (қалыпты қысқы жағдайлар орын алғанға дейін кемінде бір ай бұрын) таратылуға тиісті маусымдық сипаттағы ақпаратпен толықтырылады және төменде көрсетілген ақпаратты қамтиды:

      1) ҰҚЖ мен РЖ жүйелерін немесе ҰҚЖ-дан ауытқумен қардан тазалаудың жоспарлы схемасын көрсете отырып (ҰҚЖ ұзындығы, ені және саны, қамтылатын РЖ мен перрондар немесе олардың учаскелері), алдағы қыста қардан тазалау жұмыстарын жүргізу күтіліп отырған әуеайлақтардың (тікұшақтардың) тізбесі;

      2) қардан тазалау жұмыстары барысы туралы және ҰҚЖ, РЖ және перрондардың жай-күйлері туралы ағымдағы ақпаратты үйлестіруге арналған кез келген орталыққа қатысты мәліметтер;

      3) NОТАМ-ды артық таратудан арылу мақсатында SNОWТАМ таратылым тізбелері бойынша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) тарату;

      4) қажет болған жағдайда, қолданыстағы қардың түсу жағдайының жоспарына шамалы өзгерістерді көрсету;

      5) қардан тазалайтын жабдықтың сипаттамасы бар тізбе;

      6) әрбір әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) омбы қардың ең критикалық биіктігі қандей екенін және хабарлауға жататынын көрсету.

      46. ААБ қызметі халықаралық таратуға жататын АIС таңдайды.

      47. Әрбір АIС-қа реттік нөмір беріледі; нөмірлер күнтізбелік жыл бойы кезекпен артады.

      48. АIС-тың бір сериясынан артығы таратылған жағдайда, әрбір серия бөлек әріппен белгіленеді.

      49. Қолданыстағы АIС-тың соңғы тізбесі соңғы шама бойынша жылына бір рет басылып шағыраладыжәне АIС-қа ұқсас түрде таратылады.

      50. Қазақстан Республикасы халықаралық таратылу үшін таңдалып алынған АIС-ты АIР-қа ұқсас түрде таратады.

Параграф 3. Электр байланысын пайдалану тәртібі.

      51. NОТАМ органдары авиациялық белгіленген қызметке (АFS) қосылуы керек және әріпті басып шығаратын байланыспен қамтамасыз етуге тиі.

      52. Әрбір NОТАМ органы қызмет көрсететін аумақты орналасқан ынадай пунктерге авиациялық белгіленген қызмет (АFS) арқылы байланысты болуға тиіс:

      1) аудандық диспетчерлік орталықтар мен ұшу ақпараты орталықтарына;

      2) ұшу алдындағы ақпараттық қызмет көрсету ұйымдастырылған әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына).

Параграф 4. Аэронавигациялық ақпаратты жинау, талдау және өңдеу

      53. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағына, АІР-қа енгізілетін толықтыруларға, NOТАМ-ға, РІВ-ке және аэронавигациялық ақпараттың нұсқаухатына енгізу үшін ААБ қызметіне қажет бастапқы деректерді дайындау бойынша міндеттерді азаматтық авиация ұйымдары мен өзінің құрылымдық бөлімшелері арасында бөледі.

      54. Аэронавигациялық ақпаратты жедел және дәл таратуды қамтамасыз ету үшін, ААБ қызметін бастапқы деректермен қамтамасыз етуге жауапты әрбір ұйым мен қызметте ААБ қызметімен тікелей және тұрақты байланысты сақтауға жауап беретін лауазымды тұлғалар тағайындалады.

      55. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ААБ қызметімен келісілген Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілер тізбесін, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімдері мен пішімдерін бекітеді.

      56. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілер аэронавигациялық деректерді, осы Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес, аэронавигациялық ақпарат сапасына қойылатын талаптарға сәйкес ұсынады.

      57. Деректер сыныптамасына қатысты аэронавигациялық деректердің тұтастығына және сапасына қойылатын талаптар осы Қағиданың 1-қосымшасында ұсынылған.

      58. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілер болып табылатын құрылымдық бөлімшелердің (ұйымдардың, басқармалардың, бөлімдердің) басшылары бастапқы деректердің дәйекті, нақты және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.

      59. Азаматтық авиацилы ұйымдары және олардың қызметтері (басқармалар, бөлімдер) ААБ қызметімен сенімді және шапшаң байланысу арналарын қамтамасыз етеді.

      60. Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушілер тізбесінде мынадай ақпарат болады:

      1) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілердің атауы;

      2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган аэронавигациялық ақпаратты жеткізушіге берген сәйкестендіру нөмірі;

      3) аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілердің заңды және нақты мекенжайы;

      4) байланысатын адамның аты, тегі, лауазымы, телефон, факс, АҒТN (болса) нөмірі және электрондық поштасы;

      5) ұсынылатын ақпараттың мазмұны.

      61. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган 10 жұмыс күн ішінде бұрын бекітілген Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілер тізбесіне мына жағдайларда анықтаулар енгізеді (толықтырады):

      1) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігімен байланысты жаңа ұйым немесе қызмет (басқарма, бөлім) құрған жағдайда;

      2) тізбеге енгізілген ұйымды немесе қызметті (басқарманы, бөлімді) таратқан жағдайда;

      3) тізбеде көрсетілген ұйым немесе қызмет (басқарма, бөлім) туралы ақпарат өзгерген жағдайда.

      62. Тізбеде көрсетілген бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілер ААБ қызметімен келісім жасайды, онда мерзімдері, көлемі және аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) сапасына және оларды алу әдістеріне қойылатын талаптар анықталады.

      Бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілер мына ақпаратты ұсынады:

      1) егер аэронавигациялық ақпарат AIP жариялауға арналған болса, осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес AIP-ға түзетулер түрінде таратылуға тиісті аэронавигациялық ақпарат туралы хабарлама;

      2) егер аэронавигациялық ақпарат NOTAM баспасына арналған болса, осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес NOTAM түрінде таратылуға тиісті аэронавигациялық ақпарат туралы хабарлама.

      63. Қазақстан Республикасының AIP құжатына өзгерістер енгізудің қосымша негізі Қазақстан Республикасының әуе трассалары тізбесіне енгізілген түзетулер болып табылады.

      64. Қазақстан Республикасының AIP құжатында түрлі әуе кемелері пайдаланушыларының жалпы пайдалануы үшін ашық (қолжетімді) әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) туралы мәлімет жарияланады.

      65. Басқа мемлекеттердің аэронавигациялық қызметтерінен алынған аэронавигациялық ақпаратты тарату кезінде, оны берген мемлекеттің рұқсатымен жарияланғанына нақты сілтеме жасалады.

      66. Басқа қол жетімді дереккөздерден алынған аэронавигациялық ақпарат (деректер) таратылар алдында тексеріледі.

      Тексеру жүргізілмеген жағдайда, ақпаратты таратқан кезде оған тексеру жүргізілмегені көрсетіледі.

      67. ААБ қызметінің бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) жеткізушінің осы Қағидаларына белгіленген талаптарға жауап бермейтін аэронавигациялық ақпаратын (деректерін) өңдеуге қабылдамайды.

      68. ААҚ қызметі жыл сайын төртінші тоқсанда АІР құжатына енгізілген түзетулердің күшіне ену күндерінің тізбесін анықтайды, онда келесі жылы Қазақстан Республикасының АІР құжатында жариялануға тиісті бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) ұсыну мерзімдері мен шарттары көрсетелід. Бұл тізбені ААБ ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін аэронавигациялық ақпаратты жеткізушілерге таратады.

      69. Халықаралық таратуға арналған, ашық мәтінде жасалған біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің барлық элементтері ағылшын тілінде ұсыныла.

      70. ААБ қызметі аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) таралуын жеңілдету мақсатында қысқартулар қолданады.

      71. ААБ қызметі келіп түскен бастапқы аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) арнайы журналда тіркелуін қамтамасыз етеді. Онда мыналар көрсетіледі:

      1) бастапқы аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) келіп түскен күні мен уақыты;

      2) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушінің атауы, байланысатын адамның аты мен тегі;

      3) бастапқы аэронавигациялық ақпарат (деректер) ұсынылған АІР бөлімі;

      4) бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) алғаннан кейін онымен жасалған әрбір әрекет, сондай-ақ аэронавигациялық ақпаратты дайындау барысында жасалған өзгерістер туралы белгілер.

      72. ААБ қызметі бастапқы аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) тіркеу алдында тексереді, қажет болған жағдайда, анықтаулар енгізеді және бастапқы аэронавигациялық ақпаратты жеткізушімен қайта келіседі.

      73. ААБ қызметі, осы Қағидаларының 10-тармағында көрсетілген аэронавигациялық ақпараттың таратылу түрін ескере отырып, аэронавигациялық ақпаратты Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның "Аэронавигациялық ақпарат қызметтері" 15-қосымшасының және Аэронавигациялық ақпарат қызметтері жөніндегі нұсқаулық (Dос 8126, ИКАО құжаты) талаптарына сәйкес тарату үшін дайындайды.

      74. ААБ қызметі жеткізушілер ұсынған бастапқы аэронавигациялық ақпарат өзекті болған жағдайда сақтайды.

Параграф 5. Аэронавигациялық ақпаратты келісу, бекіту және тарату

      75. Қазақстан Республикасының АІР-ына түзетулер түрінде таратылатын аэронавигациялық ақпаратты түпкілікті пайдаланушыға жіберер алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      76. Егер осындай ақпараттың қолданылу мерзімі NOTAM қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін үш айдан асып кететіні күтіліп отырған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұрын NOTAM түрінде басып шығарылған аэронавигациялық ақпарат үшін Қазақстан Республикасының АІР құжатына толықтыру енгізуді бақылайытын болады.

      77. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының АІР-ына жасалатын түзетуді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексеріп, бекітеді.

      78. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының АІР-ына жасалатын түзетудің бекітілгендігі туралы ААБ қызметіне жазбаша хабарлайды.

      79. Бекітілген түзетуді алғаннан кейін ААБ қызметі алушының қажеттіліктеріне қарай бекітілген Қазақстан Республикасының АІР құжатына түзетуді осы Қағидалардың 83 және 129-тармақтарында көрсетілген тәсілдермен таратуды қамтамасыз етеді.

Параграф 6. Аэронавигациялық ақпаратпен алмасу

      80. ААБ қызметі шетел мемлекеттерінің аэронавигациялық қызметтері сұраған Қазақстан Республикасының біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің барлық элементтерін ұсынады.

      81. Аэронавигациялық ақпаратпен халықаралық алмасуды жеңілдету мақсатында ААБ қызметі басқа мемлекеттердің аэронавигациялық ақпарат қызметтерімен тікелей байланыс орнатады.

      82. ААБ қызметі аэронавигациялық ақпаратты тексергеннен кейін, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып, оны Халықаралық аэронавигациялық ақпараттың деректер базасына орналастырады.

      83. Басқа ИКАО Уағадаласушы мемлекеттерінің ААҚ, авиакомпаниялар немесе аэронавигациялық карталарды дайындаумен, ұшуды орындаумен немесе қамтамасыз етумен байланысты басқа ұйымдар сұратқан біріктілірген аэронавигациялық ақпарат пакеті ның элементтері аэронавигациялық ұйымның интернет-ресурсында орналастыру, электрондық тасығыштарда пошта (курьер) арқылы тарату және электрондық пошта немесе AFTN байланыс арналары бойынша тікелей электрондық тарату арқылы тегін ұсынылады. Аэронавигациялық ақпаратты ұсыну тәсілін алушы анықтайды.

Параграф 7. Аэронавигациялық ақпаратты ұсыну және тарату

      84. Осы Қағиданың 4-қосымшасында аталған АІRАС жүйесі арқылы таратуға жататын ақпарат ААБ қызметі алдын ала белгілеген күндер бойынша таратылады. Белгілеу, жою немесе едәуір өзгерту 28 күндік аралықпен бір күнде күшіне ену қағидатына негізделеді. Көрсетілген ақпарат уақытша болған және бүкіл кезең бойы сақталмайтын болған жағдайдан басқа жағдайларда, күшіне енген күнінен кейінгі 28 күн бойы өзгертілмейді.

      85. ИКАО-ның бағыт карталарын және (немесе) әуеайлақ карталары мен схемаларын қайта шығаруды талап ететін ақпарат, ААБ қызметіне АІRАС-тың 4 циклынан бұрын (112 күнтізбелік күн), басқа жағдайларда АIRАС-тың 3 циклынан бұрын (84 күнтізбелік күн) өңделуге ұсынылуы тиіс.

      86. АІRАС циклында өзгерістердің АІRАС жүйесі шеңберінде күшіне ену күндері ретінде 21 желтоқсан мен 17 қаңтарды қоса алғандағы аралық ішіндегі күндер қолданылмайды.

      87. AIRAC жүйесі арқылы таратылатын аэронавигациялық ақпаратты ААБ қызметі аэронавигациялық ұйымның интернет-ресурсында күшіне енген күнге дейін кем дегенде 42 күнтізбелік күн бұрын орналастырады.

      88. AIRAC жүйесі арқылы таратылатын аэронавигациялық ақпаратты ААБ қызметі алушыларға электрондық тасығыштарда күшіне енген күнге дейін кем дегенде 42 күн бұрын таратады.

Параграф 8. NОТАМ хабарламалары

      89. NОТАМ мына жағдайларда тез арада жасалып, шығарылады:

      1) таратуға жататын ақпарат уақытша және қысқа мерзімді сипатта болған жағдайда;

      2) пайдалану тұрғысынан маңызды, ұзақ мерзімді сипаттағы тұрақты немесе уақытша өзгерістерді жедел тәртіппен енгізген жағдайда.

      NОТАМ жасаған кезде ауқымды мәтіндік және (немесе) графикалық материал қолданылмайды.

      90. NOTAM төмендегілермен байланысты ақпаратқа қатысты жасалады және үш айдан аспайтын қолданылу мерзіміне шығарылады:

      1) әуеайлақ (тікұшақ айлағын) немесе ұшу-қону жолағын пайдалануды бастау, тоқтату немесе оларды пайдалану тәртібін өзгерту;

      2) ұшуларды қамтамасыз етуге байланысты қызметтердің (әуеайлақ қызметі, ӘҚҚ қызметі, РТЖБП қызметі, метеоқамтамасыз ету, іздестіру және құтқару қызметі) жұмысын бастау, тоқтату;

      3) ұшуларды және байланысты қамтамасыз етудің радиотехникалық құралдары мен басқа да аэронавигациялық және әуеайлақ (тікұшақ айлақтары) құралдарын пайдалануды бастау немесе тоқтату. Пайдалану параметрлеріне пайдалануды уақытша тоқтату немесе қайта жалғастыру, жиілікті өзгерту, жарияланған жұмыс уақыты, танымдық сигнал, бағдар (бағытталған құралдар), тұрған жері, қуатын 50 % немесе одан да көп пайызға ұлғайту немесе азайту, кестені өзгерту немесе радиохабарлар мазмұны, кез келген электрондық аэронавигациялық құралдардың немесе "әуе-жер" байланысы құралдары жұмысының жүйесіздігі немесе сенімсіздігі жатады;

      4) әуеайлақты жарық техникасымен жабдықтау жүйелерінің негізгі құрамдас бөліктерін пайдалануды уақытша тоқтату немесе қайта жалғастыру;

      5) аэронавигациялық қызмет көрсету ережесін енгізу, жою немесе өзгерту;

      6) маневр жасау алаңдары шегінде елеулі ақаулардың немесе кедергілердің пайда болуы немесе оларды жою;

      7) отын, май және оттегінің болуына қатысты өзгерістер мен шектеулер;

      8) қолданыстағы құралдар мен іздестіру және құтқару қызметтеріне қатысты өзгерістер;

      9) аэронавигация үшін кедергілерді белгілейтін, бөгейтін жарық маяктарын пайдалануды бастау, тоқтату немесе қайта жалғастыру;

      10) ұшуларды орындау үшін қауіп көздерінің болуы (соның ішінде кедергілер, әскери оқу-жаттығулары, көрсету ұшулары, хабарланған аймақтардан тыс жерлерге парашютпен жаппай секіру);

      11) ұшып шығу (биіктікке көтерілу) аймақтарында, екінші айналымға кету, қонуға кіру және ұшу-қону жолағында ұшуларды орындау үшін кедергілер келтіру, жою немесе өзгерту;

      12) тыйым салынған аймақтарды, қауіпті аймақтарды немесе ұшуларды шектеу аймақтарын белгілеу немесе жою (соның ішінде тиісті қызметті бастау немесе тоқтату) немесе осы аймақтардың статусын өзгерту;

      13) тұрған орындарының индекстерін беру, жою немесе өзгерту;

      14) әуеайлақтың талап етілетін белгіленген өрттен қорғау деңгейін едәуір өзгерту;

      15) әуеайлақтың маневрлеу жұмыс алаңындағы қарға, батпаққа немесе мұзға, суға байланысты қауіпті жағдайлардың болуы, оларды жою немесе едәуір өзгерту;

      16) карантиндік іс-шаралар жүргізуді талап ететін індеттің тарауы;

      17) жанартаудың атылғанға дейінгі немесе жанартаулардың атылғанға дейінгі орналасқан жері, күні мен уақыты және (немесе) жанартау күлінен болған бұлттың көлденең және тік көлемі, қозғалыстың бағытын, ұшу эшелондары мен бағыттарын немесе олардың осы бұлт тиетін бөліктерін қоса;

      18) ядролық немесе химиялық жағдайдан кейін радиоактивті материалдар немесе улы химиялық заттардың атомосфераға таралуы, осы жағдайдың орын алған жері, күні мен уақыты, ұшу эшелоны мен бағыты немесе оның осы жағдайдың әсеріне ұшырайтын бөліктері, қозғалыс бағыттары;

      19) әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бұзылуына байланысты төтенше жағдайларда қысқа мерзімді іс-шараларды орындау.

      91. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның нұсқауы бойынша қосымша NОТАМ шығару ұшулардың қауіпсіз орындалуына ықпал ететін өзге жағдайларда жүзеге асырылады.

      92. NОТАМ төменде келтірілген ақпаратқа қатысты шығарылмайды:

      1) әуе кемелерінің қауіпсіз қозғалуына әсер етпейтін, перрондар мен рульдеу жолдарында техникалық қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы жұмыстар;

      2) егер әуе кемелері қолдағы бар басқа ұшу-қону жолақтарын қауіпсіз қолданатын болса немесе осындай жұмыстар үшін қолданылатын жабдық қажет болған жағдайда жойылатын болса, ұшу-қону жолағын таңбалау бойынша жұмыстар;

      3) әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейтін әуеайлақ (тікұшақ айлағы) айналасындағы уақытша кедергілер;

      4) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарық техникалық жабдықтары жүйесінің жартылай істен шығуы, егер бұлар әуе кемелерінің ұшуына тікелей әсер етпесе;

      5) тиісті қосалқы жиіліктердің бар екендігі және оларды қолдануға болатындығы белгілі болса, "әуе-жер" байланысы құралдарының жартылай уақытша істен шығуы;

      6) қозғалысты ретке келтіру және перрондарға диспетчерлік қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі;

      7) тұрған жері мен бағытын көрсететін белгілердің, сондай-ақ әуеайлақтың жұмыс алаңындағы басқа да көрсеткіш белгілердің жарамсыздығы;

      8) көзбен шолып ұшу ережесі бойынша бақыланбайтын әуе кеңістігінде, сондай-ақ бақыланатын әуе кеңістігіндегі хабарланған орындарда немесе қауіпті немесе тыйым салынған аймақтар шегінде парашютпен секіру;

      93. Белгіленген қауіпті және тыйым салынған аймақтарға, сондай-ақ ұшуларды шектеу аймақтары және әуе кеңістігіндегі уақытша шектеулермен байланысты қызметтер туралы ережені қолданысқа енгізу туралы хабарлама 7 күнтізбелік күн ішінде жіберіледі.

      94. Аэронавигациялық құрал, құрылғы немесе байланыс қызметтерінің жарамсыздығы туралы хабарлайтын NОТАМ хабарында осы құралдардың жарамсыздық уақытының болжамды кезеңі немесе оларды пайдалануды жалғастырудың болжамды уақыты көрсетіледі.

      95. NОТАМ осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес жазылады.

      96. NОТАМ мәтіні ИКАО қысқартуларымен, индекстермен, анықтағыштармен, көрсеткіштермен, дабылдармен, жиіліктермен, цифрлармен және ашық мәтінмен толықтырылған, NОТАМ ИКАО коды үшін жазылған қысқарған (бірдей) сөз тіркестерін пайдалана отырып жасалады. Қысқарған (бірдей) сөз тіркестері мен ИКАО қысқартулары кіретін NОТАМ ИКАО коды РАNS-АВС құжатында (Dос 8400, ИКАО құжаты) қамтылған.

      97. NОТАМ сериялармен таратылады. NОТАМ сериясын белгілеу үшін S және Т әріптерін қоспағанда, А-Z әріптері қолданылады.

      98. Әр NОТАМ-ға әріп түрінде серия және төрт цифрдан тұратын нөмір беріледі, бұл нөмірден кейін бөлшек және жылдың екі цифры тұрады. Төрт цифрдан тұратын нөмір, күнтізбелік жыл ішінде біртіндеп көбейе береді.

      99. NОТАМ-да қателіктер болған жағдайда, қатесі бар NОТАМ-ның орнына жаңа нөмірмен басқа NОТАМ шығарылады.

      100. Бұрынғы NОТАМ-ды жоятын немесе ауыстыратын NОТАМ шығарылған жағдайда, бұрынғы NОТАМ-ның сериясы мен нөмірі қойылады. Екі NОТАМ-ның да сериясы, орналасқан орнының индексі (Q-кодының 2 және 3 әріпі) мен мәні бірдей болуы тиіс. Тек бір NОТАМ ғана жойылып немесе екіншісімен алмастырылып отырады.

      101. Тұрақты немесе уақытша сипаттағы ұзақ мерзімді ақпараттан тұратын NОТАМ-ның АІР-қа немесе оған жасалған толықтыруға сілтемесі болады.

      102. NОТАМ мәтініне енетін орналасқан орындарының индекстері "Орналасқан орнының көрсеткілері (индекстері)" құжатында (Dос 7910, ИКАО құжаты) көрсетілген индекстерге сәйкес келеді. Пунктке ИКАО-ның орналасқан орнының индексі берілмеген жағдайда, оның атауы ашық мәтінмен беріледі.

      103. Қолданыстағы NОТАМ-ның бақылау тізбесі осы Қағиданың 5-қосымшада келтірілген, NОТАМ пішімін пайдалана отырып, айына кем дегенде бір рет (немесе өтініш бойынша) белгіленген байланыс арналары арқылы біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетін алушыларға беріледі. Әр серияға бір NОТАМ шығарылады.

      104. Қолданыстағы NОТАМ-ның бақылау тізбесінде соңғы түзетуге, АІР пен АІС-қа жасалған толықтыруға сілтеме болуы тиіс.

Параграф 9. Әуеайлақ схемалары мен аэронавигациялық
карталарды жариялау

      105. Қазақстан Республикасының АІР-ында мынадай аэронавигациялық карталар жарияланады:

      1) әуеайлақ картасы (ІСАО);

      2) әуе кемесі айлағының (айлаққа қою) картасы (ІСАО);

      3) жерүсті әуеайлағындағы қозғалыс картасы (ІСАО);

      4) А типіндегі, әуеайлақ кедергілерінің картасы (ІСАО);

      5) қонуға дәл кіру орнының картасы (ІСАО) (II және III санаттағы жабдықталған ҰҚЖ үшін);

      6) аудан картасы (ІСАО);

      7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (SID) (ІСАО);

      8) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (SТАR) (ІСАО);

      9) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ІСАО);

      10) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ІСАО);

      11) ӘҚК (ИКАО) ең төмен абсолюттік биіктігін шолу картасы.

      106. Осы Қағиданың 105-тармақта санамаланған аэронавигациялық карталар Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға "Аэронавигациялық карталар" деген 4-қосымшаның талаптарына сәйкес келетін, осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Аэронавигациялық ақпарат жинағына енгізуге жататын аэронавигациялық карталарды жасауға қойылатын талаптарға сәйкес дайындалады.

      107. Әр картаның бетінде аэронавигациялық ақпараттың енгізілген күні жазылады.

      108. Барлық жазбалар үшін латын алфавитінің белгілері қолданылады.

Параграф 10. Жергілікті жер мен кедергілер туралы электрондық деректер

      109. Жергілікті жер туралы деректер шоғырында белгілі бір тордағы барлық тораптардың (нүктелердің) асып түсу мәндерінің ортақ базасынан есептелетін үздіксіз қатар түріндегі жергілікті жер бетін беретін цифрлық деректер шоғыры болады. Жергілікті жер торы бұрышпен немесе сызықпен жасалады, ол дұрыс немесе дұрыс емес пішінде болады.

      110. Жергілікті жер туралы электрондық деректер шоғыры кедергілерді қоспағанда, тау, төбе, жота, алқап, судың жиналуы, мәңгілік мұз бен қар сияқты табиғи элементтері бар Жер бетінің кеңістіктік (орналасу жері және асып түсуі), мәндік және уақытша аспектілерді сипаттайды.

      111. Аэронавиагациялық деректермен бірге тиісті жағдайларда қолданылатын жергілікті жер мен кедергілер туралы электрондық деректер шоғыры ұшуларды орындау мен әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты мынадай қолданыс түрлерін қамтамасыз етеді:

      1) ұшу бағытындағы жер бедерін бағалау функциясы бар, жердің жақын екені туралы ескерту жүйесі және ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктік туралы ескерту жүйесі (МSАW);

      2) екінші айналымға кететін немесе ұшып шығатын кезде апаттық жағдайда қолданылатын қосалқы схемаларды анықтау;

      3) әуе кемесінің пайдалану шектеулерін талдау;

      4) аспаптар бойынша ұшу схемаларының құрылымы (айналып ұшу схемасын қоса);

      5) бағыт бойынша ұшу кезінде төмендету тәртіптемелерін және апатты жағдайда қону орнын анықтау;

      6) жерүсті қозғалысын басқару және оны бақылаудың жетілдірілген жүйесі (А-SМGСS);

      7) аэронавигациялық карталарды және борттық деректер базасын жасау;

      8) ұшу тренажеры;

      9) әуеайлақтағы (тікұшақ айлағындағы) кедергілерді шектеу және жою.

      112. Осы Қағиданың 111-тармақта айтылған аэронавиагциялық жүйелерді немесе функцияларды қолдануға байланысты талаптарды орындау мақсатында, жергілікті жер және кедергілер туралы электрондық деректер шоғыры төмендегі аудандарға бөлінеді:

      1) 1-аудан: мемлекеттің бүкіл аумағы - әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) қоса, мемлекеттің бүкіл аумағын қамтиды;

      2) 2-аудан: тораптық диспетчерлік аудан - мемлекеттің АІР-ында көрсетілген немесе әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бақылау нүктесінен, кішісіне қарай, 45 километр радиуспен шектелген тораптық диспетчерлік ауданды білдіреді. АҰЕ бойынша операциялар қамтамасыз етілетін және тораптық диспетчерлік ауданы белгіленбеген әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында), 2-аудан әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бақылау нүктесінен 45 километр радиус шегіндегі аймақты білдіреді;

      3) 3-аудан: әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданы - бір (бірнеше) ҰҚЖ-ның бүйір жиегінен (жиектерінен) ҰҚЖ-ның ось желісіне (ось желілеріне) дейін 90 метрге, ал әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жұмыс алаңының басқа барлық бөліктері үшін белгіленген аймақтың (аймақтардың) бүйір жиегінен (жиектерінен) 50 метрге созылатын аймақты қамтиды; және

      4) 4-аудан: II немесе III санаттары бойынша операциялар орындалатын аудан - II немесе III санаттар бойынша қонуға дәл кіру орындалатын және пайдаланушыларға радиобиіктік өлшегіш қолдану арқылы шешім қабылдау биіктігін белгілеуге жергілікті жердің ықпалын бағалауға мүмкіндік беретін жергілікті жер және тиісті кедергілер туралы толық ақпарат талап етілетін ҰҚЖ-ларда ғана көзделеді. Аудан ені ҰҚЖ-ның созылған ось желісінің екі жағынан 60 метрді, ал ұзындығы ҰҚЖ-ның басталатын жерінен 900 метрді құрайды және ҰҚЖ-ның созылған ось желісі бойымен өлшенеді.

      113. 2-ауданға арналған деректер барлық халықаралық әуеайлақтарға қатысты ұсынылады.

      114. Осы Қағиданың 112-тармағында көрсетілген аудандардың графикалық суреттері азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган басшысының бұйрығымен белгіленеді.

      115. Қамтылатын тиісті аудандарға арналған жергілікті жер туралы электрондық деректер шоғыры осы Қағиданың 7-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген сандық талаптарға сәйкес келеді, ал кедергілер туралы деректер осы Қағиданың 7-қосымшаның 2-кестесінде көрсетілген сандық талаптарға сәйкес келеді.

      116. Барлық жергілікті жер және кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптар осы Қағиданың 7-қосымшаның 1 және 2-кестелерінде келтірілген.

      117. Жергілікті жер туралы деректер, жергілікті жер туралы деректерді есепке алу шегі мен графикалық суреттерде келтірілген критерийлерді қолдану арқылы, сондай-ақ осы Қағиданың 7-қосымшасының 1-кестесіндегі жергілікті жер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес, осы Қағиданың 112-тармағында көрсетілген аудандар үшін жасалады.

      118. Кедергілер туралы деректерде кедергілер туралы цифрлық деректер шоғыры бар, оған жапсарлас және қоршаған элементтерден жоғары және ұшуларды орындау мақсаттары үшін қауіпті саналатын элементтер кіреді. Кедергілер туралы деректер жасанды нысандардың тік және көлденең көлемінің цифрлық көрінісін береді.

      119. Жылжымайтын (тұрақты немесе уақытша) немесе жылжитын кедергілер, графикалық суреттерге сәйкес, кедергілер туралы деректерді есепке алу шегі мен келтірілген критерийлер негізінде осы Қағиданың 112-тармақта көрсетілген аудандар шегінде анықталады, олар туралы деректер осы Қағиданың 7-қосымшаның 2-кестесіндегі кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптарға сәйкес жасалады.

      120. Жергілікті жер туралы деректерге осы Қағиданың 7-қосымшаның 3-кестесінде келтірілген міндетті атрибуттар тізбесіне сәйкес сипатталатын элементтердің барлық типтері енгізіледі.

      121. Кедергілер туралы деректерге осы Қағиданың 7-қосымшаның 4-кестесінде келтірілген міндетті атрибуттар тізбесіне сәйкес сипатталатын, кедергілер ретінде анықталған элементтердің барлық типтері енгізіледі.

      122. Жергілікті жер туралы деректер бар ақпарат өнімдерінің ерекшеліктеріне қолданылатын дереккөздер мен жергілікті жер туралы деректерді алу үрдістері туралы жалпы ақпарат қамтылған деректерді алу әдісінің сипаттамасы қосылады.

Параграф 11. Аэронавигациялық деректердің
сапасын басқару жүйесі

      123. Таратылатын аэронавигациялық ақпаратты деректер сапасына қойылатын белгіленген талаптарға сәйкес келтіру мақсатында ААБ қызметі аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етудің барлық үрдістерін қамтитын және аэронавигациялық ақпараттың (деректердің) осы Қағидада белгіленген талаптарға сәйкес таратылуын қамтамасыз ететін сапаны басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қолдауды қамтамасыз етеді.

      124. Құрылған сапаны басқару жүйесі Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) 9000 сериясындағы сапаға кепілдік беру стандарттарына сәйкес келуі тиіс.

      125. ААБ қызметі анық деректерді алу және деректерді жариялауға дайындау кезеңдерінде немесе оларды пайдалану кезінде анықталған қателерді түзету (жою) мақсатында, осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген AIP-тың бөлімдеріне сәйкес аэронавигациялық деректер көздерін анықтауды қамтамасыз ету үшін рәсімдер белгілейді.

      Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       126. ААБ қызметі ажыратымдылық дәрежесі аэронавигациялық деректердің сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келетін аэронавигациялық деректердің жариялануын қамтамасыз етеді.

      127. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау оларды түсіру (дайындау) сәтінен бастап келесі болжамды пайдаланушыға (аэронавигациялық ақпаратты жеткізушіден аэронавигациялық ақпаратты алатын органға) жібергенге дейінгі бүкіл ақпараттық процесс бойы қамтамасыз етіледі.

      128. Аэронавигациялық деректердің тұтастығын сақтау үшін деректер тұтастығының мынадай сыныптамасы қолданылады:

      1) критикалық деректер: бұрмаланған критикалық деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы жоғары болады;

      2) маңызды деректер: бұрмаланған маңызды деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы аз болады;

      3) әдеттегі деректер: бұрмаланған әдеттегі деректер пайдаланылған кезде әуе кемесінің ұшуын қауіпсіз жалғастырудың және оны қондырудың айтарлықтай тәуекелімен және апаттың болу мүмкіндігімен ұштасу ықтималдығы өте аз болады.

      129. Болжамды пайдаланушыға аэронавигациялық ақпаратты тарату төмендегі тәсілмен жүзеге аырылады:

      1) аэронавигациялық ұйымның интернет-ресурсында орналастыру арқылы;

      2) курьерлік қызмет (пошта қызметі) арқылы жеткізумен электрондық тасығыштарда тарату арқылы;

      ААБ қызметі мен болжамды пайдаланушы арасындағы тікелей электрондық байланыс, мысалы электрондық пошта немесе AFTN байланыс арналары бойынша аэронавигациялық ақпаратты (деректерді) автоамтты таратуды қамтамасыз ететін тікелей электрондық тарату арқылы.

      130. Электрондық тасымалдауыштардағы аэронавигациялық деректер шоғырын сақтау кезінде қорғау, деректер шоғырына арналған қосымшада келтірілген 32-биттік циклдық артық кодты (СRС) қолданып бақылау арқылы қамтамасыз етіледі.

      131. Біріккен аэронавигациялық ақпарат пакетінің бір бөлігі ретінде енгізілетін, шығаруға жататын материал ААБ қызметіне ұсынылар алдында тексеріліп, оның осы Қағидаға сәйкес келуін қамтамасыз етуге жауапты қызметтермен келісіледі.

  Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
1-қосымша

Аэронавигациялық деректердің сапасы

      1-кесте. Ені мен ұзындығы

Ені мен ұзындығы

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Ұшу ақпаратының ауданы шекараларының нүктелері

2 км (1 м. миль), жарияланған

1 мин

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Р, R, D аудандары шекараларының нүктелері (CTA/CTR шекараларынан тыс)

2 км (1 м. миль), жарияланған

1 мин

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Р, R, D аудандары шекараларының нүктелері (CTA/CTR шекаралары ішінде)

100 м, есептелген

1 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

CTA/CTR шекараларының нүктелері

100 м, есептелген

1 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

NAVAID бағыттары мен бақылау нүктелері, күту пункті, STAR/SID нүктелері

100 м, түсіру нәтижелері/ есептелген

1 с

1 с

маңызды

1-аудандағы кедергілері (мемлекеттің бүкіл аумағы)

50 м, түсірудің нәтижелері

1 с

Салынғанға сәйкес

қалыпты

Әуеайлақтың/тікұшақ айлағының бақылау нүктесі

30 м, түсірудің нәтижелері

1 с

1 с

қалыпты

Әеуайлақта/тікұшақ айлағында орналасқан NAVAID

3 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

Салынғанға сәйкес

маңызды

2-аудандағы кедергілері

5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

3-аудандағы кедергілері

0.5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

Қонуға соңғы кірудің бақылау нүктелері/пункттері және аспаптар бойынша қону сұлбасын жасайтын басқа да манызды бақылау нүктелері/пункттері

З м, түсірудің нәтижелері/ есептелген

1/10 с

1 с

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

критикалық

4-аудандағы кедергілері

0.5 м, түсірудің нәтижелері

1/10 с

1/10 с

маңызды

ҰҚЖ-ның соңы

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

критикалық

ҰҚЖ-ның білік сызығының нүктелері

1 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

критикалық

РЖ білік сызығының нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

маңызды

Жердегі РЖ білік сызығының нүктелері; әуеде рульдеу үшін және транзиттік бағыттардың РЖ нүктелері

0,5 м, түсірудің нәтижелері/ есептелген

1/100 с

1/100 с

маңызды

Әуе кемелері/тікұшақ тұрақтарының нүктелері/ INS тексеру пункттері

0,5 м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1/100 с

қалыпты

TLOF геометриялық орталығы немесе FATO шегі (тікұшақ айлақтары)

1м, түсірудің нәтижелері

1/100 с

1 с

критикалық


      2-кесте. Асып кету, абсолютті биіктік, салыстырмалы биіктік

Асып кету/абсолютті биіктік/салыстырмалы биіктік

Дәлдік/

деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуеайлақтан/тікұшақ айлағынан асу

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Әуеайлақтан/тікұшақ айлағынан асу жеріндегі WGS-84 геоид толқыны

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі немесе FATO (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегіндегі WGS-84 геоидтік толқыны немесе TLOF-тың геометриялық орталығындағы FATO (қонуға нақты емес кіру)

0,5 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

ҰҚЖ-ның шегі немесе FATO (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

ҰҚЖ-ның шегіндегі WGS-84 геоидтік толқыны немесе TLOF-тың геометриялық орталығындағы FATO (қонуға нақты кіру)

0,25 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

Кедергілерді ұшып өтудің абсолютті/салыстырмалы биіктігі (ОСА/Н)

PANS-OPS

(Doc 8168) құжатында көрсетілгендей

-

PANS-OPS

(Doc 8168) көрсетілгендей

маңызды

ҰҚЖ шегі қиылысуының салыстырмалы биіктігі (тірек нүктенің салыстырмалы биіктігі), қонуға дәл кіру

0,5 м немесе 1 фут, есептелген

0,5 м немесе 1 фут

0,5 м немесе 1 фут

критикалық

Қонуға кіру және ұшып көтерілу аймақтарындағы кедіргілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Шеңбер бойынша және әуеайлақта/ тікұшақ айлағында ұшу аймақтарындағы кедергілер

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 миль немесе 1 фут

1 м немесе 1 фут

маңызды

Бағыттағы кедергілерден асып өтуі

З м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)

3 м (10 фут)

қалыпты

Қашықтық өлшегіш жабдығы/ дәлдігі (DME/P)

3 м (10 фут), түсірудің нәтижелері

3 м (10 фут)


маңызды

Қашықтық өлшегіш жабдықтың артуы (DME)

3 м (100 фут), түсірудің нәтижелері

30 м (100 фут)

30 м (100 фут)

маңызды

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының абсолюттік биіктігі

PANS-OPS

(Doc 8168) құжатында көрсетілгендей


PANS-OPS

(Doc 8168) көрсетілгендей

маңызды

Ең төменгі абсолютті биіктіктер

50 м немесе 100 фут, есептелген

50 м немесе 100 фут

50 м немесе 100 фут

қалыпты


      3-кесте. Ауытқу және магниттік ауытқу

Төмен түсү/магниттік төмен түсү

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Құралды техникалық күйге келтіру үшін қолданылатын NAVAID ӨЖЖ станциясының ауытқуы

1о, түсірудің нәтижелері

1о

маңызды

NDB NAVAID құралының магниттік ауытқуы

1о, түсірудің нәтижелері

1о

қалыпты

Әуеайлақтың/ тікұшақ айлағының магниттік ауытқуы

1о, түсірудің нәтижелері

1о

1о

маңызды

ILS курстік радиомаяк антеннасының магниттік ауытқуы

1о. түсірудің нәтижелері

1о

маңызды

MLS-тің азимуталды антеннасының магниттік ауытқуы

1о, түсірудің нәтижелері

маңызды


      Таблица 4. Пеленг

Пеленг

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассаларының учаскелері

1/10о, есептелген

1о

1о

қалыпты

Бағыттардағы және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын пеленг

1/10о, есептелген

1/10о

1/10о

қалыпты

Әуеайлақ ауданындағы келу/ұшып шығу бағыттарының учаскелері

1/10о, есептелген

1о

1о

қалыпты

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын пеленг

1/100о, есептелген

1/100о

1/10о

маңызды

ILS-тың курстық радиомаяктың шығаруы

1/100о, түсірудің нәтижелері

1/100о, шын

1о

маңызды

MLS-тың нөлдік азимутын шығаруы

1/100о, түсірудің нәтижелері

1/100о, шын

1о

маңызды

ҰҚЖ және FATO пеленгі

1/100о, түсірудің нәтижелері

1/100о, шын

1о

қалыпты


      5-кесте. Ұзындық, қашықтық, өлшем

Ұзындық/қашықтық/өлшем

Дәлдік/деректердің түрі

Жарияланатын деректердің дәлдігі

Картаның дәлдігі

Бүтіндігінің сыныптамасы

Әуе трассалары учаскелерінің ұзындығы

1/10 км немесе 1/10 м. миль, есептелген

1/10 км немесе 1/10 м. миль

1 км немесе 1 м. миль

қалыпты

Бағытта және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын қашықтық

1/10 км немесе 1/10 м. миль, есептелген

1/10 км немесе 1/10 м. миль

2/10 км немесе 1/10 м. миль

қалыпты

Әуеайлақ ауданындағы келу/ұшып шығу бағыттары учаскелерінің ұзындығы

1/100 км немесе 1/100 м. миль, есептелген

1/100 км немесе 1/100 м. миль

1 км немесе 1 м. миль

маңызды

Аспаптар бойынша қонуға кіру схемаларының және әуеайлақ ауданындағы бақылау нүктелерін белгілеу үшін қолданылатын қашықтық

1/100 км немесе 1/100 м. миль, есептелген

1/100 км немесе 1/100 м. миль

2/10 км немесе 1/10 м. миль

маңызды

FATO немесе ҰҚЖ ұзындығы, TLOF өлшемдері

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (AD картасы) 0,5 м (АОС карта)

критикалық

Тежеудің шеткі жолағының ұзындығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

0,5 м (АОС картасы)

критикалық

Орналастыратын қону арақашықтығы

1 м немесе 1 фут, түсірудің нәтижелері

1 м немесе 1 фут

1 м (AD картасы) 0,5 м (АОС картасы)

критикалық

ILS-тың курстық радиомаяк антеннасы мен ҰҚЖ-тың немесе FATO-ның соңы аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

З м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

ILS глиссадалық радиомаягінің антеннасы мен ҰҚЖ табалдырықтың аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

ILS таңбалағыштары мен ҰҚЖ шегі арасындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

2/10 км (1/10 м. миль)

маңызды

DME ILS антеннасы мен ҰҚЖ шегі аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

маңызды

MLS-тың азимуттық антеннасы мен ҰҚЖ мен FATO-ның соңы аралығындағы қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

MLS бұрыштық - өңірлік антеннасы мен ҰҚЖ табалдырығы арасындағы білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

DME/P MLS-тың антеннасы мен ҰҚЖ табалдырығының аралығында білікті сызық бойынша қашықтық

3 м немесе 10 фут, есептелген

3 м (10 фут)

Салынғанға сәйкес

қалыпты

  Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

АІР-ке түзетулер ретінде жарияланатын аэронавигациялық ақпарат туралы хабарландыру

      Деректерді жеткізуші

      Т.А.Ә.А.:_______________ Тел:________________

      Лауазымы:______________ Факс:________________

      Ұйым:__________________ e-mail:______________

      Толтырылған AFTN:________________

      күні мен

      уақыты:______________ Қолы: _______________

АІР-ке сілтеме

АІР-ке жарияланатын өзгерістер

Күшіне енгізілетін күні

Парақ

Күні

Параграф







      Қосымша.____________ парақта.

      Жоғарыда келтірілген деректер Жоғарыда келтірілген деректерді

      және/немесе қоса берілген жоба және/немесе жобаны АІР-ке түзету

      АІР-ке түзету ретінде жариялау ретінде жариялауға рұқсат етілген:

      үшін алынған:

      Т.А.Ә.А.:______________ Т.А.Ә.А.:______________

      Лауазымы:______________ Лауазымы:______________

      Ұйым:__________________ Ұйым:__________________

      Толтырылған Толтырылған

      күні мен күні мен

      уақыты:____________ уақыты:____________

      Қолы:__________________ Қолы:___________________

  Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

NОТАМ түрінде жарияланатын аэронавигациялық ақпарат туралы хабарландыру

NОТАМ мәтіні


Құрал, әуе кеңістігі орналасқан немесе қатынас мәні болып табылатын жағдай бар ИКАО-ның орналасқан жерінің индексін анықтау


Астыңғы шекара


Үстіңгі шекара



      Деректерді жеткізуші

      Т.А.Ә.А.:___________________ Тел:_____________________

      Лауазымы:___________________ Факс:____________________

      Ұйым:_______________________ е-mаіl:__________________

      Толтырылған АFTN:____________________

      күні мен Қолы:____________________

      уақыты:____________________

Қолданылу мерзімі


Күні

UTС уақыты

ЕSТ Егер бұл пайдаланылса

Год

Месяц

День

Часы

Минуты

Бастап (топ күн/уақыт, UTС)












Дейін (топ күн/уақыт, UTС)












Кесте (егер бұл пайдаланылса)



      Қосымша.____________ парақта.

      Жоғарыда келтірілген деректер Жоғарыда келтірілген деректерді

      және/немесе қоса берілген жоба және/немесе жобаны АІР-ке түзету

      АІР-ке түзету ретінде жариялау ретінде жариялауға рұқсат етілген:

      үшін алынған:

      Т.А.Ә.А.:______________ Т.А.Ә.А.:______________

      Лауазымы:______________ Лауазымы:______________

      Ұйым:__________________ Ұйым:__________________

      Толтырылған Толтырылған

      күні мен күні мен

      уақыты:____________ уақыты:____________

      Қолы:__________________ Қолы:___________________

  Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
4-қосымша

АІRАС көмегі арқылы беруге жататын ақпарат

      1. Түбегейлі өзгерістерді орнату, жою және жоспарлау (қолдану кезіндегі тексерулермен қоса):

      1) йғарымдар, қолданылатын ережелер немесе келесі аудандардың (тік және көлденең) шекаралары туралы ақпарат:

      ұшу ақпараты аудандарын;

      диспетчер аудандарына;

      диспетчер аймақтарына;

      консультациялық аймақтарға;

      ӘҚҰ бағыттарға;

      тұрақты қауіпті, тыйым салынған, ұшуларды шектеулі аймақтар (қызмет түрі мен кезеңін қоса алғанда, белгілі болған жағдайда) және танитын әуе шабуылына қарсы аймақтарда (АDІZ);

      тұрақты аймақтар немесе ұсталып қалуы мүмкіндігі бар олардың бағыттары мен бөлімшелеріне;

      2) тұрған орын, жиіліктер, шақыру идентификаторлары, белгілі ауытқулар, радионавигациялық құралдар, бақылау байланыс құралдарының техникалық көрсетуінің мерзімдері;

      3) күту, отыру, келу және ұшып шығу ұшу схемалары, шудың төмендетуіне қолданатын және де ӘҚҰ-дың басқа тиісті ережелері;

      4) өткелдің эшелоны, абсолютті (салыстырмалы) өткелдің биіктігі және абсолютті (салыстырмалы) сектордағы ең төменгі биіктігі;

      5) метеорологиялық құралдар (радиохабар беруді қоса алғанда) және ережелер;

      6) ҰҚЖ және соңғы тежелу жолдары;

      7) рульдік жолдар және перрон;

      8) жер бетіндегі әуеайлақтағы қолданалатын рәсімдер (нашар көрініс болған жағдайдағы рәсімдерді қоса алғанда);

      9) қону аймағындағы және ҰҚЖ жарық сигналдық жабдықтар;

      10) егер мемлекет жариялайтын болса әуеайлақта қолданылатын минимумдер.

      2. Анықтау, жою және жоспарланған түбегейлі өзгерістер:

      1) тұрған орын, биіктіктер және навигацияға арналған кедергілердің жарығы;

      2) әуеайлақтың қызметтері мен құралдарының жұмыс мерзімдері;

      3) кеден, иммиграция және санитарлық қызметтер;

      4) ақытша қауіпті, ұшулар шектеулі және тыйым салынған аймақтар, сондай-ақ әскери оқулар және әуе кемелерінің жаппай ұшуларын;

      5) уақытша аймақтар немесе бағыттар немесе ұстап қалу мүмкіндігі бар болатын олардың бөлімшелері.

      3. Анықтау және жоспарланған түбегейлі өзгерістер:

      1) ұшуларды орындау қағидасы (бұдан әрі - ҰОҚ) бойынша халықаралық ұшуларды орындауға арналған жаңа әуеайлақтар;

      2) халықаралық әуеайлақтарға ҰОҚ бойынша ұшуларды орындауға арналған жаңа ҰҚЖ;

      3) әуе қозғалысының қызмет көрсетуінің бағыттары желісінің схемалары мен құрылымдары.

  Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
5-қосымша

      NOTAM форматы



      * тиісті жағдайларда алып тастау керек.

  Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
6-қосымша

1. Қазақстан Республикасының AIP-қа енгізілуге тиіс
аэронавигациялық карталарды жасауға қойылатын тараптар
Параграф 1. Жалпы ережелер

      1. Карталарға қойылатын пайдалану талаптары.

      Әрбір үлгінің картасы картаның міндетіне сәйкес ақпаратты қамтиды және картаны тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін адами фактор аспектілерін секере отырып құрастырылады.

      Әрбір үлгінің картасы әуе кемесі ұшуды қауіпсіз және жылдам орындау мақсатында ұшу кезеңі үшін қжетті ақпаратты қамтиды.

      Ақпаратты беру ұшуды орындаудың барлық қалыпты жағдайлары кезінде екі мәнділікті және жеңілоқылатындықты жоққа шығаратын нақты, бұрмаланбаған және қысқаша болып табылады.

      Түрлі түсті бояу немесе оның реңктері және үлгілік өлшемі табиғи және жасанды жарық түсіру кезінде ұшқыштың картаны жеңіл оқуы мен түсінуін қамтамасыз ету үшін жасалған.

      Ақпарат жұмыс жүктемесі мен ұшуды орындау жағдайларымен келісетін жүйелі уақыт аралығында ұшқыштың оны қабылдауын қамтамасыз ететін түрде ұсынылады.

      Ақпаратты әрбір үлгінің картасында ұсыну ұшу кезеңіне сәйкес бір картадан екінші картаға біртіндеп өту рұқсат етіледі.

      2. Карталардың атауы.

      Осы Қосымшаларда қамтылған талаптарға сәйкес құрастырылған және картаның мақсатына сәйкестендіруге арналған картаның атауы немесе карталардың сериясы тиісті тарауыдың тақырыбына ұқсас болып табылады және осы тарауда қамтылған өзге талаптарды қолдануға байланысты өзгереді; егер карта осы тарауда баяндалған барлық талаптарға, және нақты картаға қатысты кез келген талаптарға сәйкес келмесе, оның атауына "ИКАО" сөзі енгізілмейді.

      3. Басқа да ақпарат.

      Нақты картаның талаптарында арнайы ескерту болмаған кезде, әрбір картаның бетінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      карталар сериясының белгісі немесе атауы;

      парақтың атауы немесе аумақтық бағыныштылығы;

      шектес парақтар туралы карта жолдарындағы ақпарат (егер ол болса).

      Карта пайдаланылатын шартты белгілер мен қысқартулардың түсіндірме сөздер кестесімен жабдықталады. Түсіндірме сөздер орынды үнемдеу мақсатында бөлек жарияланатын жағдайларды қоспағанда, түсіндірме сөздер әрбір картаның немесе артқы бетінде орналастырылады.

      Карта аэронавигациялық құжаттың бөлігі ретінде жарияланса және бұл ақпарат құжаттың басында берілуі мүмкін жағдайларды қоспағанда, картаны жариялаған мекеменің атауы мен тиісті мекенжайы картаның шеткі жолында көрсетіледі.

      4. Шартты белгілер.

      Аэронавигациялық картада қазіргі уақытта ИКАО-да шартты белгілері жоқ азаматтық авиация үшін арнайы маңызды элементтерді немесе мәліметтерді көрсеткен жағдайларды қоспағанда, қолданылатын шартты белгілер Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 4-қосымшаның 2-үстемеде көрсетілген белгілерге сәйкес келеді; мындай жағдайларда ИКАО-да қабылданған және картаны оқу қиындық тудырмайтын кез келген маңызды шартты белгілерден ерекшеленетін жағдайлар кезінде кез келген лайықты шертты белгілерқолданылады.

      Жер үсті навигациялық құралдар, қиылысулер мен жолдардың нүктелері барлық карталарда бірдей негізгі шартты белгілермен белгіленеді, олар картамың мақсатына тәуелсіз түрде түсіріледі.

      Негізгі нүктелерге арналған шартты белгі шартты белгілердің иерархиясына негізделеді және мынадай тәртіппен таңдалады: жер үсті навигациялық құралдың шартты белгісі, қиылысудың шартты белгісі, жол нүктесінің шартты белгісі. Жол нүктесінің шартты белгісі нақты негізгі нүкте жер үсті навигациялық құралдың немесе қиылысудың орналасқан жері бойынша белгіленбеген жағдайда ғана қолданылады.

      5. Өлшем бірлігі.

      Қашықтықтар геодезиялық қашықтық ретінде белгіленеді.

      Қашықтықтар километр немесе теңіз милясында немесе өлшем бірліктердің нақты шектеу жағдайы кезінде сол және басқа өлшем бірліктерде көрсетіледі.

      Абсолюттік биіктік, асып түсулер және салыстырмалы биіктік метр немесе футта немесе өлшем бірліктердің нақты шектеу жағдайы кезінде сол және басқа өлшем бірлікте көрсетіледі.

      Әуеайлақтарға жататын сызық өлшемі және қысқа қашықтар метрмен көрсетіледі.

      Қашықтық, өлшемдер, асып түсулер және биіктіктер бойынша рұқсат ету дәрежелері нақты картада көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.

      Қашықтықты, абсолюттік биіктікті, асып түсулерді және салыстырмалы биіктікті белгілеу үшін қолданылатын өлшем бірліктері әрбір картаның бетінде көрсетіледі.

      Өлшем бірліктерді ауыстыру кестесі (километрлер/теңіз милясы, метрлер/футтар) қашықтықтар, асып түсулер немесе абсолюттік биіктік көрсетілген әрбір картада беріледі. Өлшем бірліктерді ауыстыру кестесі әрбір картаның бетінде көрсетіледі.

      6. Масштаб және кескін.

      Ірі аудандырдың карталарында атауы, негізгі параметрлері және кескіннің масштабы көрсетіледі.

      Кіші аудандардың карталарында тек сызықты масштаб көрсетіледі.

      Аэронавигациялық ақпараттың күнін көрсету.

      Әр картаның бетінде аэронавигациялық ақпараттың енгізілген күні жазылады.

      7. Гегографиялық атауларды жазу.

      Барлық жазбалар үшін латын алфавитінің белгілері қолданылады.

      Латын әліпбиінің түрлері ресми қолданылатын елдерде жер атаулары мен географиялық элементтер тиісті әліпбилердегі екпіндермен диакритикалық белгілерді қолдана отырып, олардың ресми жазылуы көрсетіледі.

      Кез кеген нақты картада қысқартуларды "мүйіс", "нүкте", "шығанақ", "өзен" сияқты графикалық терминдерді қолданған кезде, осы сөздердің әрқайсысы мысал ретінде оның қолданылатын маңызды жерінде картаны басып шығарған тілде жазылады. Картада қолданылатын қысқартуларда тыныс белгілері қойылмайды.

      8. Қысқартулар.

      Қажет болған жағдайда аэронавигациялық карталарда қысқартулар қолданылады.

      9. Мемлекеттік шекаралар.

      Карталарда мемлекеттік шекаралар белгіленеді, алайда олар аса маңызды ақпаратты оқуды қиындатса, алынып тасталуы мүмкін.

      Картада екі немесе одан да көп мемлекеттердің шекаралары белгіленген жағдайда, елдердің атаулары көрсетіледі.

      10. Жер бедері.

      Картада жер бедері көрсетілген жағдайда, ол картаны мынадай мақсаттарда пайдаланушылардың қажетін қанағаттандыру үшін бейнеледеді:

      1) бағдарлау мен тану;

      2) орынның үстінде ұшып өтудің қауіпсіз биіктігін анықтау;

      3)

      4) жоспарлау.

      Картада белгіленген жоғары белгілер бөлек критикалық нүктелерді білдіреді.

      Биіктік белгілердің нақты емес мәндері ± белгісімен қоса беріледі.

      11. Тыйым салынған аймақтары, ұшуларды шектеу аймақтары және қауіпті аймақтар.

      Егер картада тыйым салынған аймақтар, ұшуларды шектеу аймағы немесе қауіпті аймақтар белгіленсе, ол сонымен қатар стандартты немесе басқа белгілермен белгіленеді, алайда, ұлттық тиістілігінің әріптік белгілері жазылмауы мүмкін.

      12. ӘҚҚ әуе кеңістігінің түрлері.

      ӘҚҚ әуе кеңістігін картада бейнелеу кезінде оның сыныбы, үлгісі, атауы немесе дабылдары, тік шекарасы және қолданылуға жататын радиобайланыс жиілігі (жиіліктері), сондай-ақ көлденең шекаралары көрсетіледі.

      13. Магниттік ауытқуы.

      Карталарда ақиқат меридианның солтүстік бағыттары және магниттік ауытқуы көрсетіледі. Магниттік ауытқу бойынша ажырату қабілетінің дәрежесі нақты картада көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.

      14. Аэронавигациялық деректер.

      Әрбір Уағдаласушы мемлекет әрбір функциялық кезеңде сапаны жалпы басшылық етуді жүзеге асыру үшін қажетті әдістемелерді, процесстерді және ресурстарды қамтитын ұйымдастырылған сапа жүйесін тиісті түрде құру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. Қажет болған жағдайда әрбір функционалдық кезең бойынша осындай сапаны жалпы басшылық етуді жүзеге асыру әдістері көрсетіледі. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы аэронавигациялық деректер көзін анықтауды қамтамасыз ететін процедуралар, ол өз кезегінде оларды шығару/қолдау кезеңдерінде немесе оперативтік қолдану кезінде анықталған деректердің кез келген ауытқулары немесе қателері түзетуге мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасы карталардағы аэронавигациялық деректердің ауытқу деңгейі нақты карталарда көрсетілген және осы Қағидаларға 1-қосымшаның кестесіндегі талаптарға сәйкес келгенін қамтамасыз етеді.

      Электрондық тасығыштардағы аэронавигациялық деректердің ауқымы 32-биттік деректердің циклдік кодын (CRC) қолдана отырып, бақылау функциясын деректер ауқымына енгізудің қолданбалы бағдарламасы арқылы қорғалады. Бұл деректер жинағы бүтіндігінің барлық деңгейлерін қорғау үшін қолданылады.

Параграф 2. Әуеайлық/тікұшақ айлағы картасын жасауға қойылатын тараптар

      15. Мақсаты.

      Осы ұшу экипаждарына арналған картада әуе кемелерінің жер үсті қозғалысын жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған:

      1) тұрақ орнынан ҰҚЖ дейін және

      2) ҰҚЖ-дан тұрақ орнына дейін және

      3) түкұшақтардың қозғалысы:

      тікұшақтың тұрақ орнынан жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағына дейін және қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағына дейін;

      қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағынан жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағына дейін және тікұшақ тұрағы орнына дейін;

      жер үсті РЖ үшін және тікұшақтарға арналған әуеде рульдеуі үшін РЖ;

      әуеде қозғалуға арналған маршруттар бойынша;

      онда сондай-ақ әуеайлақ/тікұшақ айлағы бойынша маңызды пайдалану деректері қамтылған.

      16. Бар болауы.

      Әуайлақ (тікұшақ айлағы) картасы халықаралық азаматтық авиацияны жиі пайдаланатын барлық әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) үшін ұсынылады.

      17. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан мен масштабтың өлшемдері барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      Картада сызықтық масштаб көретіледі.

      18. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның және сол әуеайлақтың (тәкұшақ айлағының) атауы көрсетіледі.

      19. Магниттік ауытқу.

      Картада ақиқат және магниттік солтүстік стрелкалары, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы, сондай-ақ магниттік ауытқудың жылдың өзгеруі көрсетіледі.

      20. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) туралы мәліметтер.

      Бұл картада мыналар көрсетіледі:

      1) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бақылау нүктесінің географиялық координаталары градустарда, минуттарда және секундтарда;

      2) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және тиісті жағдайларда перронның (биіктікті өлшеу құралдарын тексеру пункттерінің) ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен есептелген артып кетуі;

      3) ал қонуға дәл кірмеу үшін – ҰҚЖ шегі мен жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағының геометриялық орталығы үшін есептелген артып кетуі мен геоид толқыны;

      4) қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ шегінің, жерге қону және жер үстінен көтерілу аймағының геометриялық орталығының және қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ-ға қону аймағының ең жоғары нүктесінің ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен есептелген артып кетуі мен геоид толқыны;

      5) нөмірі, ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығы және ені, көтергіштік қабілеті, ығысу шектері, соңғы тежеу жолақтары, кедергіден бос жолақтар, магниттік меридианға қатысты ең жақын градус мәніне дейінгі дәлдікпен ҰҚЖ бағыттары, ҰҚЖ бетінің түрі мен таңбалануы көрсетілген барлық ҰҚЖ, оның ішінде жаңадан салынып жатқаны;

      6) әуе кемелері/тікұшақ тұрақтарының орны бар барлық перрондар және тиісті жағдайларда, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасқан жері мен түрін, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілетінен төмен болса, тікұшақ айлақтары үшін жер бетінің түрін және көтергіштік қабілеті немесе әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулерді қоса, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа да көзбен шолып бағыттау және басқару құралдары;

      7) ҰҚЖ шектері, жерге қону және жерден көтерілу аймағының геометриялық орталығы және/немесе қонуға кіру мен ұшып көтерілудің соңғы кезеңі аймағының шектері (қажеттілігіне қарай) үшін географиялық координаталар;

      8) жер бетінің түрі көрсетілген тікұшақтарға арналған барлық рулеждік жолдар, әуе және жерүсті РЖ, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанындағы күту орындарын қоса алғанда, белгілері, ені, жарық-сигналды құралдар, таңбалау көрсетілген тікұшақтардың әуеде қозғалу бағыттары және "тоқта" сызықтарының оты, басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары, егер көтергіштік қабілеті тиісті ҰҚЖ-ның көтергіштік қабілетінен төмен болса, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері;

      9) егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

      10) РЖ тиісті осьтік сызығы мен әуе кемелерінің тұрақ орындары нүктелерінің градустардағы, минуттардағы, секундтардағы және секундтың ондық үлесіндегі географиялық координаталары;

      11) егер мұндай бағыттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелеріне арналған көрсеткіштері бар стандартты бағыттар;

      12) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

      13) ҰҚЖ-да көріну қашықтығын бақылау нүктелерінің орналасуы (RVR);

      14) жақындау оттары мен ҰҚЖ оттары жүйесі;

      15) глиссаданың көзбен шолу индикациясы жүйесінің орналасқан жері және түрі, олар үшін номиналды глиссада бұрыш(тар)ымен, ұшқыштың "глиссададағы" сигналды көретін ҰҚЖ шегі үстінен көру деңгейінің ең төменгі биіктігімен, ал егер жүйенің осі ҰҚЖ осьтік желісіне параллель болмаса, ығысу бұрышы және бағытымен, яғни сол жаққа немесе оң жаққа қарай;

      16) арналары және қажетті жағдайда, қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;

      17) бұрып-жылжу кедергілері;

      18) әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

      19) VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;

      20) бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

      Тікұшақ айлақтарына қатысты әуеайлақтар үшін көрсетілген элементтерден басқа картада мыналар көрсетіледі:

      21) тікұшақ айлағының түрі;

      22) ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен өлшемдері, еңкіштігі, жерүстінің түрі, тоннадағы көтергіштік қабілеті көрсетілген жерге қону және жерден ажырау аймағы;

      23) түрі, ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен нақты пеленгі, белгілейтін нөмірі (егер көзделген болса), ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен ұзындығы және ені, еңкіштігі және жер бетінің түрі көрсетілген қонуға кірудің және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағы;

      24) жер бетінің ұзындығы, ені және түрі көрсетілген қауіпсіздік аймағы;

      25) жер бетінің ұзындығы және пішіні көрсетілген тікұшақтарға арналған кедергілерден бос жолақ;

      26) түрі және метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен барынша артып кетуі (ең жақын жоғары мәнге дейінгі) көрсетілген кедергілер;

      27) қонуға кіру сұлбаларына арналған көзбен шолу құралдары, қонуға кіру және ұшып көтерілудің соңғы кезең аймағының, сондай-ақ жерге қону мен жер бетінен ажырау аймағының таңбалануы мен оттары;

      28) тікұшақ айлақтарына арналған жарияланған қашықтықтар (тиісті жағдайларда ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен), соның ішінде:

      орналастырылған ұшып-көтерілу арақашықтығы;

      орналастырылған үзілген ұшып-көтерілу арақашықтығы;

      орналастырылған қону арақашықтығы.

Параграф 3. Жер үсті әуеайлақ қозғалысының картасын
жасауға қойылатын тараптар

      21. Мақсаты.

      Осы картада ұшу экипаждары үшін әуе кемелерінің РЖ тұрақ орындарына және тұрақ орындарынан жер үсті қозғалысын жүзеге асыруға және әуе кемелерін тұрақта орналастыруға/тұраққа қоюға көмектесетін ақпарат қамтылған.

      22. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан мен масштаб барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      23. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың немесе елді мекеннің және сол әуеайлақтың атауы көрсетіледі.

      24. Магниттік ауытқу.

      Ақиқат солтүстік стрелкасы көрсетіледі.

      25. Әуеайлақ туралы мәліметтер.

      Бұл картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ (тікұшақ айлағы) картасында қамтылған барлық ақпарат соған ұқсас көрсетіледі, соның ішінде:

      1) ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен перроннан артып кету шамасы;

      2) әуе кемелерінің тұрақ орындары бар перрондар және тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрін қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа да көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;

      3) тұрақ орындарының градустағы, минуттағы, секундтағы және секундтың ондық үлестеріндегігеографиялық координаталары;

      4) белгілері ең жақын метрге дейінгі дәлдікпен, ені, көтергіштік қабілеті немесе қажеттілігіне қарай әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулер, егер аралық күту орындары орнатылған болса, ҰҚЖ жанында күту орындары қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау көрсетілген рулеждік жолақтары және "тоқта" сызықтарының оттары және басқа да көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;

      5) егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

      6) егер мұндай бағыттар белгіленген болса, бұрылатын әуе кемелері үшін көрсеткіштері бар стандартты бағыттар;

      7) РЖ тиістіосьтік сызығы нүктелерініңградустағы, минуттағы, секундтағы және секундтың ондың үлесіндегі географиялық координаталары;

      8) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

      9) арналары және қажеттілігіне қарай қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;

      10) жермен жүру кедергілері;

      11) әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

      12) VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;

      13) бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерінің пайдалануына тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

Параграф 4. Әуе кемесі тұрағының/тұраққа қою картасын
жасауға қойылатын тараптар

      26. Мақсаты.

      Осы қосымша картада ұшу экипаждары үшін әуе кемелерінің рулеждік жолдарынан тұрақ орындарына және кері қарай жерүсті қозғалысын жүзеге асыруға және әуе кемелерін тұрақта орналастыруға/тұраққа қоюға көмектесетін ақпарат қамтылған.

      27. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан мен масштаб барлық элементтердің анық көрсетілуін қамтамасыз етеді.

      28. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың немесе елді мекеннің және сол әуеайлақтың атауы көрсетіледі.

      29. Магниттік ауытқу.

      Ақиқат солтүстік стрелкасы көрсетіледі.

      30. Әуеайлақ туралы мәліметтер.

      Осы картада бейнеленетін аймаққа қатысты әуеайлақ (тікұшақ айлағы) картасында қамтылған барлық ақпарат соған ұқсас көрсетіледі, соның ішінде:

      1) ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен перронның артып кету шамасы;

      2) әуе кемелерінің тұрақ орындары бар перрондар және тиісті жағдайларда, әуе кемелерінің түрлері бойынша көтергіштік қабілеті немесе шектеулері, тұраққа көзбен шолып қою жүйелерінің орналасуы мен түрін қоса алғанда, жарық-сигналды құралдар, таңбалау және басқа көзбен шолып бағыттау мен басқару құралдары;

      3) тұрақ орындарының градустағы, минуттағы, секундтағы және секундтың ондық үлесіндегі географиялық координаталары;

      4) ҰҚЖ жанында күту орындарын қоса алғанда, белгілерді көрсетумен рулеждік жолдарына кіру және егер орнатылған болса, аралық күту орындары, сондай-ақ "тоқта" сызықтарының оттары;

      5) егер мұндай учаскелер белгіленген болса, тиісті түрде қосымша ақпарат енгізілген қауіпті учаскелердің орналасқан жері;

      6) РЖ тиісті осьтік сызығы нүктелерінің градустағы, минуттағы, секундтағы және секундтың ондық үлесіндегі географиялық координаталары;

      7) әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету шекаралары;

      8) арналары және қажетті жағдайда, қосылу мекенжайлары көрсетілген тиісті байланыс құралдары;

      9) бұрып-жылжу кедергілері;

      10) әуе кемелеріне қызмет көрсету алаңдары және пайдалану мақсаттарына арналған құрылыстар;

      11) VОR тексеру пункті және осы құралдың радиожиілігі;

      12) бейнеленетін жұмыс алаңының әуе кемелерін пайдалану үшін тұрақты түрде жарамсыз болатын кез келген бөлігі анық белгіленеді.

Параграф 5. Әуеайлақ кедергілерінің картасын
жасауға қойылатын тараптар, "А" түрі

      31. Мақсаты.

      Осындай үлгідегі карта АІР-та жарияланған тиісті ақпаратпен бірге пайдаланушыны пайдалану шектеулерін сақтау үшін қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді.

      32. Бар болуы.

      "А" түріндегі әуеайлақтық кедергілердің картасы ұшып көтерілу кезінде биіктікті жинау траекториясының аймағында кедергілердің болмайтын әуеайлақтарын қоспағанда, халықаралық азаматтық авиация жиі қолданатын барлық әуеайлақтар үшін ұсынылады.

      Егер ұшып көтерілу кезінде биіктікті жинау траекториясының аймағында кедергілердің болмауына байланысты, картаның қажеттілі болмаса, ол туралы AIP-қа арнайы хабарлама жіберіледі.

      33. Өлшем бірлігі.

      Асып түсулер метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      Сызықтық өлшемдер жарты метр дәлдікпен көрсетіледі.

      34. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Әрбір картаның көлемі барлық кедергілерді енгізуге жеткілікті.

      Көлденең масштаб 1:10 000 мен 1:15 000 шегінде таңдалады.

      Тік масштаб көлденең масштабтан он есе ірі болады.

      Сызықтық масштабтар. Көлденең және тік сызықтық масштабтар карталарда метрмен және/немесе футпен белгіленеді.

      35. Формат.

      Карталарға әрбір ҰҚЖ, оған шектес шекті тежеу жолағының немесе кедергіден бос жолақтың, ұшып көтерілу траекториясы мен маңызды кедергілер аймағының жоспары мен пішіні салынады.

      Әрбір ҰҚЖ, оған шекті тежеу жолағының, кедергіден және ұшып көтерілу траекториясы аймағынан бос шекті жолағының пішіні әрбір элементтің тиісті жоспарының үстінде бейнеленеді. ұшып көтерілу траекториясы қосалқы аймағының пішіні барлық ұшып көтерілу траекториясының сызықтық проекциясын қамтиды және ақпаратты барынша тез түсіну нысанындағы оның тиісті жоспарының үстінде орналастырылады.

      Пішіннің торы ҰҚЖ-ны қоспағанда, пішіннің барлық ауданына жазылады. Тік есептеуге арналған нөлдік мәні теңіздің орта деңгейі болып табылады. Көлденең есептеуге арналған нөлдік мәні ұшып көтерілу траекториясының тиісті аймағынан қарама-қарсы жағындағы ҰҚЖ-ның соңы болып табылады. Аралықтары көрсетілген тордың бөлшектерін дәйектеу тордың бойымен және тік торларға енгізіледі.

      Картада мыналар көзделеді:

      1) пайдалану құжаттарын тіркеуге арналған жиектеме;

      2) түзетулер мен оларды енгізу күндерін тіркеуге арналған жиектеме.

      36. Белгілер.

      Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың атауы, елді мекеннің немесе ауданның атауы, сол әуеайлақтың атауы ҰҚЖ белгісі (белгілері) көрсетіледі.

      37. Магниттік ауытқу.

      Картада бір градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы және ақпарат күні көрсетіледі.

      38. Аэронавигациялық деректер.

      Кедергілер.

      Жазықтық үстінде тұрған, еңістігі 1,2 % болатын және ұшып көтерілу траекториясы аймағымен бірдей бастамасы бар ұшып көтерілу траекториясы аймағындағы объектілер басқа кедергілермен толық көлеңкеленген және картада белгілене алмайтын жағдайларды қоспағанда, кедергілер ретінде қарастырылады. Жазықтық үстінде тұрған, еңістігі 1,2 % болатын кемелер, теміржол құрамы, автомашиналар және т.с.с. қозғалатын объектілер кедергілер болып есептеледі, бірақ көлеңкеленуге әкеп соғатын кедергілер болып есептелмейді.

      Кедергінің көлеңкесі көлденең сызықтан басталатын, кедергінің басынан ұшып көтерілу траекториясы аймағының осьтік сызығына перпендикуляр өтететін жазықтық болып табылады. Бұл жазықтық ұшып көтерілу траекториясы аймағының барлық енін қамтиды және еңістігі 1,2% болатын жазықтыққа дейін немесе егер одан да биік кедергі жақын орналасса, соған дейін созылады. Ұшып көтерілу траекториясы аймағының бірінші 300 м (1000 фут) бойымен көлеңке жазықтықтар көлденең орналасады, ал осы нүктеден кейін олардың еңістігі жоғарыға қарай 1,2 % болады.

      Егер көлеңке тудыратын кедергілер жойылса, осының нәтижесінде кедергі болатын басқа объектілер картаға енгізіледі.

      39. Ұшып көтерілу траекториясының аймағы.

      Ұшып көтерілу траекториясының аймағы ұшып көтерілу траекториясының астында жатқан және оған қарағанда симметриялы түрде орналасқан жер бетіндегі төртбұрышты кеңістікті құрайды. Бұл аймақтың мынадай сипаттамалары бар:

      1) ол ұшып көтерілуге жарамды деп танылған аймақтың (яғни, жағдайларға қатысты кедергілерден бос ҰҚЖ соңында немесе шеткі жолағында) соңында басталады;

      2) бастапқы нүктедегі оның ені 180 м (600 фут) құрайды және 0,25D кезеңінде асады да, ең үлкен 1800 м (6000 фут) еніне дейін жетеді, D мөлшері бастапқы нүктеден басталатын қашықтықты білдіреді;

      3) ол кедергілері жоқ нүктеге дейін немесе 10,0 км (5,4 м. мили) белгісіне дейін осы қашақтықтардың қайсысы аз екеніне байланысты созылады.

      Пайдалану шектеулері бар, олардың кемінде 1,2 % градиентімен ұшуды орындау мүмкіндігі бар әуе кемелері пайдаланатын ҰҚЖ-да ұшып көтерілу траекториясы аймағының ұзындығы кемінде 12,0 км (6,5 м. миль) дейін артады, ал жазық беттің еңісі 1 % немесе одан төменге төмендейді.

      40. Белгіленген қашықтықтар.

      Әрбір ҰҚЖ-ның әрбір бағыттары үшін тиісті орында картада мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) екпіннің бар болған ұзындығы;

      2) үзілген ұшып көтерілудің бар болған арақашықтығы;

      3) бар болған ұшып көтерілу арақашықтығы;

      4) бар болған қондыру арақашықтығы.

      41. Жоспардағы түрі мен пішіні.

      Жоспардағы түрде мыналар көрсетіледі:

      1) тұтас сызықтықпен ҰҚЖ-ның контуры, оның ішінде ұзындығы мен ені, бір градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік пеленг және ҰҚЖ нөмірі;

      2) сызықшалармен ұзындығы мен белгілерді қоса, кедергілерден бос жолақтар;

      3) үзік сызықтармен – ұшып көтерілу траекториясының аймағы және кезек-кезек берілген қысқа және ұзын сызықшалары бар жіңішке үзік сызықпен – осьтік сызық;

      4) ұшып көтерілу траекториясының қосалқы аймағы. ҰҚЖ осьтік сызықтың жалғасуына қатысты симметриялы орналасқан ұшып көтерілудің қосалқы аймағы көрсетілген жағдайда, осындай аймақтардың мәні түсіндірілетін ескертпелер көзделеді;

      5) кедергілер, оның ішінде:

      кедергінің үлгісін сипаттайтын шартты белгісі қоса берілген әрбір кедергінің нақты орналасқан жері;

      әрбір кедергінің асуы және белгісі;

      түсінік сөздері берілген үлкен көлемдегі кедергілер төбелерінің шегі.

      Соңғы тежеу жолақтары бейнеленген кезде әрбір соңғы тежеу жолақтарының ұзындығы көрсетіледі.

      Пішінде мыналар көрсетіледі:

      6) тұтас сызықтықпен – ҰҚЖ осьтік сызық пішіні мен үзік сызықтармен – кедергілерден бос соңғы кез келген тиісті тежеу жолақтары мен жолақтардың осьтік сызықтарының пішіні;

      7) ҰҚЖ әрбір соңында, соңғы тежеу жолағында және ұшып көтерілудің әрбір аймағының басында осьтік сызықтан асу, сондай-ақ ҰҚЖ бұрышының және соңғы тежеу жолағының біршама өзгеруі;

      8) кедергілер, оның ішінде:

      әрбір кедергі – тордың тиісті сызығынан басталатын және тордың келесі сызығы арқылы кедергінің жоғарғы нүктесіне дейін соңғы шама бойынша өтетін тұтас тік сызықпен;

      әрбір кедергінің белгісі;

      түсінік сөздері берілген үлкен көлемдегі кедергілер төбелерінің шегі.

      42. Дәлдігі.

      Картада қол жеткізілетін дәлдік дәрежесі көрсетіледі.

      Бастапқы дәреже. Түсірілім кезінде тік жазықтықтағы есептеуде нақты бастапқы дәреже туралы мәлімет болмаған жағдайда, қабылданды деген белгісі бар қолданылатын бастапқы дәреженің асуы көрсетіледі.

Параграф 6. Қонуға дәл кіруге арналған жердің картасын
жасауға қойылатын тараптар

      43. Мақсаты.

      Осы карта ұшуды пайдалану кәсіпорындарына биіктікті өлшеу радиоқұралдарын пайдалану кезінде шешім қабылдау үшін биіктікті айқындауға жергілікті жердің қаншалықты ықпал ететіндігін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында жергілікті жердің қонуға кірудің соңғы кезеңінің берілген учаскесі шегіндегі пішіні егжей-тегжейлі ақпаратты қамтиды.

      44. Бар болуы.

      Қажетті ақпарат жердің картасында және әуеайлақ ауданындағы кедергілер (электрондақ) берілген жағдайларды қоспағанда, қонуға дәл кіруге арналған жердің картасы халықаралық азаматтық авиациясы пайдаланатын әуеайлақтардағы ІІ және ІІІ санаттар бойынша дәл қонуға кіру үшін жабдықталған барлық ҰҚЖ үшін беріледі.

      Қонуға дәл кіруге арналған жердің картасы кез келген маңызды өзгерістер болған кезде қайта қаралады.

      45. Белгілер.

      Картада әуеайлақ орналасқан мемлекеттің, осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы мен ҰҚЖ белгісі көрсетіледі.

      46. Жоспар мен пішін туралы ақпарат.

      Карта мыналарды қамтиды:

      1) ҰҚЖ осьтік сызығы жалғасынан екі жаққа қарай 60 м (200 фут) учаскеде 1 м (3 фут) аралығымен пішін шектерінде жасалған жергілікті жердің жоспары, бұл ретте көлденең бағыты ҰҚЖ шегінің деңгейіне қатысты белгіленеді;

      2) жергілікті жердің немесе жоспарда белгіленген кез келген объектінің биіктігі 1) тармақшасында көрсетілген учаскелерді ±3 м белгілеу жақындау оттарын орнату, бірақ олар толығымен немесе ішінара осьтік сызық пішінінен ±3 м (10 футқа) ерекшеленетін;

      3) жергілікті жердің шектен ҰҚЖ осьтік желісінің жалғасы бойымен 900 м (3000 фут) шегіндегі пішіні орнатылады.

Параграф 7. Аудан картасын жасауға қойылатын тараптар

      47. Мақсаты.

      Осы картада ұшу экипажына келесі кезеңдерде аспаптар бойынша ұшуды орындауға көмектесетін ақпарат қамтылады:

      1) бағыт бойынша ұшу кезеңінен әуеайлаққа қонуға кіру кезеңіне ауысу;

      2) ұшуп көтерілу/екінші айналымға кету кезеңінен бағыт бойынша кезеңіне ауысу;

      3) ӘҚҚ күрделі бағыттары немесе әуе кеңістігінің күрделі құрылымы бар аудандарда ұшу.

      48. Бар болуы.

      Аудан картасы әуе қозғалысына қызмет көрсету бағыттары немесе орналасқан жері туралы хабарламаға қойылатын талаптар күрделі болған кезде немесе бағыттық картада тиісті түрде көрсетіле алмайтын кезде беріледі.

      Ұшып келген немесе ұшып көтерілген әуе кемелері үшін бір картада нақты көрсетуге мүмкін емес ӘҚҚ түрлі бағыттары немесе әуе кемелерінің орналасқан жері туралы хабарламаға қойылатыр талаптар белгіленген жағдайда, бөлек карталар көзделеді.

      49. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Әрбір картада бейнеленген аудан ұшып шығу және ұшып келу бағыттарын нақты белгілейтін нүктелерді қамтиды.

      Бұл картада сызықтық масштабы көрсетілген масштабта құрастырылады.

      50. Жобалау.

      Параллельдер мен меридиандар тиісті аралықта белгіленеді.

      Градусы көрсетілген штрихтар ішкі жиек сызығының бойымен тұрақты аралықта белгіленеді.

      51. Белгілер.

      Әрбір картада бейнеленетін әуе кеңістігінің атауы көрсетіледі.

      52. Техногенді орта және топография.

      Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындатпайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

      53. Магниттік ауытқу.

      Картада ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқуы көрсетіледі.

      54. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар.

      Картада биік ендіктер ауданында тиісті өкілетті орган магниттік солтүстік бойынша бағыттау мүмкін емес екенін анықтаған жағдайда, басқа қолайлы бағдарды, яғни ақиқат солтүстікті немесе координаталар торы бойынша солтүстік бағытты пайдалану керек жағдайларын қоспағанда, магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар белгіленеді. Егер RNAV қатысушылары үшін пеленгтер мен жол сызықтарының ақиқат мәндері қосымша келтірілсе, олар 0,1о дейінгі дәлдікпен жақша ішінде көрсетіледі, мысалы 290о (294,9оТ).

      Магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағыттарымен бағдарланатын жағдайда, ол нақты түрде картада көрсетіледі. Шартты меридианның солтүстік бағытын қолданған кезде, тірек шартты меридиан келтіріледі.

      55. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Осы әуеайлақ ауданындағы бағыттар жүйесіне әсер ететін барлық әуеайлақтар көрсетіледі. Қажет болған жағдайда, ҰҚЖ орналасқан жерінің индексі көрсетіледі.

      Тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар. Белгілері мен тік шекараларын көрсетумен тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар көрсетіледі.

      Аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері. Аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері параллельдер мен меридиандар құрайтын квадрат шегінде көрсетіледі.

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесі. Картада тиісті орнатылған әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесінің құрамдас бөліктері көрсетіледі.

      Бұндай құрамдас бөліктер мыналарды қамтиды:

      1) әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесімен байланысты радионавигациялық құралдар, олардың атаулары, белгілері, жиіліктері және географиялық координаталары градустарда, минуттарда және секундтарда көрсетіледі;

      2) DМЕ қатысты - 30 м (100 фут) дейінгі дәлдікпен DМЕ тарату антеннасын қосымша арттыру;

      3) ұшып көтерілу мен ұшып келу үшін және күту аймағында ұшу үшін қажетті әуеайлақтық радиоқұралдар;

      4) барлық белгіленген әуе кеңістігінің бүйірлік және тік бағытты шекаралары және әуе кеңістігінің тиісті класы;

      5) навигациялық ерекшелік (ерекшеліктер) белгісі, оның ішінде кез келген шектеулер, егер олар белгілеген болса;

      6) бағыт индекстері бар күту схемалары мен әуеайлақ ауданындағы бағыттар және әуеайлақ ауданындағы белгіленген әуе трассалары мен бағыттарының әрбір учаскесі бойымен жол бұрышы жақын бұрышына дейінгі градус дәлдікпен;

      7) әуеайлақ ауданындағы бағыттарды белгілейтін радионавигациялық құралдың орналасқан жері бойынша белгіленбеген барлық негізгі нүктелер, олардың кодтық атаулары мен географиялық координаталары градустарда, минуттарда және секундтарда көрсетіледі;

      8) VОR/DМЕ аймақтық навигация бағыттарын белгілейтін бағыттар нүктелеріне қатысты қосымша:

      тірек VОR/DМЕ орналасқан жері мен радиожиілігінің белгісі;

      егер бағыттың нүктелері оның орналасқан жерімен сәйкес келсе, 0,1ғ дейінгі дәлдікпен пеленг және 0,2 км (0,1 м. миль) дейінгі дәлдікпен тірек VОR/DМЕ басталған қашықтық;

      9) жеткізулерді және "өтініш бойынша" міндетті тарату үшін барлық соңғы пункттердің тапсырмасы;

      10) айналу немесе соңғы пункттерді білдіретін негізгі нүктелер арасындағы ең жақын километр немесе теңіздік мильге дейінгі дәлдігі бар қашықтық;

      11) ең жақын километр немесе теңіздік мильге дейінгі дәлдігі бар радионавигациялық құралдарға дейінгі қашақтық көрсетілген жан жаққа бағытталған ӨЖЖ радиомаяктың көмегімен анықталатын бағыттар учаскесіне ауысу нүктелері;

      12) ең жақын мәнге дейін дөңгелектенген ең жақын 50 м немесе 100 футқа дейінгі дәлдікпен бағыт ӘҚҚ бағыты бойынша ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктігі және бағыттағы кедергіні ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктігі;

      13) ең жақын мәнге дейін дөңгелектенген ең жақын 50 м немесе 100 футқа дейінгі дәлдікпен векторлаудың нақты белгіленген ең төмен абсолюттік биіктігі;

      14) аймақтағы жылдамдық бойынша немесе деңгей/абсолюттік биіктік бойынша шектеулер, егер олар белгілеген болса;

      15) каналдары көрсетілген байланыс құралдары, қажет болған жағдайда, қосылу адрестері;

      16) "флайовер" негізгі нүктелерін көрсету.

Параграф 8. Аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасын
(SID) жасауға қойылатын тараптар

      56. Мақсаты.

      Осы карта ұшу экипажын аспаптар бойынша белгіленген ұшып шығудың стандартты бағыттарының ұшып көтерілу кезеңінен бастап бағыт бойынша ұшу кезеңіне дейінгі ережелерін орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      57. Бар болуы.

      Аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (SID) аспаптар бойынша стандартты ұшып көтерілу белгіленген барлық жағдайларда және оны аудан картасында нақты көрсетуге болатын жағдайларда ұсынылады.

      58. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан ұшып шығу бағыты басталатын нүктені көрсету үшін жеткілікті және ӘҚҚ белгіленген бағыты бойындағы бағыты бойынша ұшу кезеңі басталуы мүмкін негізгі нүктемен ескертілген болып табылады.

      Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштабы көрсетіледі.

      Егер карта масштабта орындалмаған болса, оларды масштабта көрсету үшін өте үлкен көлемдері бар "МАСШТАБТА ЕМЕС" ескертпелері мен жол сызықтарында және картаның басқа бөлшектер масштабтың болмауы шартты белгілер көрсетіледі.

      59. Проекция.

      Картада ішкі шеңбер бойымен тиісті жерлерде тұрақты аралықтарымен бірге дәйектеу сызықшалары көрсетіледі.

      60. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы және аспаптар бойынша ұшып шығудың стандартты бағытының (бағыттарының) белгісі (белгілері) көрсетіледі.

      61. Техногенді орта және топография.

      Егер картаның мәні үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындатпайтын болса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

      62. Магниттік ауытқу.

      Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтары мен радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      63. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар.

      Тиісті еннің биік аудандарында өкілетті орган магниттік меридианның солтүстік бағыты бойынша бағдарлау мүмкін емес деп белгілеген жағдайда, басқа ұқсас бағдарды, мысалы, ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағытын қолданғанды қоспағанда, пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар магниттік болып табылады. Егер RNAV қатысушалары үшін пеленгтер, жол сызықтарының ақиқат мәндері қосымша келтірілсе, олар жақша ішінде 0,1о дейінгі дәлдікпен, мысалы 290о (294,9оТ) көрсетіледі.

      Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағытталуымен көрсетілген жағдайда, ол картада нақты көрсетіледі. Шартты меридианның солтүстік бағыты қолданылған жағдайда, тірек шартты меридиан көрсетіледі.

      64. Аэронавигациялық дерктер.

      Әуеайлақтар. Ұшып шығу әуеайлағы ҰҚЖ орналасқан жерінің схемасының суретімен белгіленеді.

      Аспаптар бойынша алдын ала жазылған стандартты ұшып шығуға әсер ететін барлық әуеайлақтар көрсетіледі немесе белгіленеді. Қажет болған жағдайда, әуеайлақтағы ҰҚЖ-ның орналасқан жері көрсетіледі.

      Тайым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар. Ұшу схемаларын орындауға әсер етуі мүмкін тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар немесе қауіпті аймақтар өзінің белілері мен тік шекараларымен көрсетіледі.

      Сектордағы ең төмен абсолюттік биіктік. Картаға секторы нақты көрсетілген секторда белгіленген ең төмен абсолюттік биіктік белгіленеді.

      Егер сектордағы ең төмен абсолюттік биіктік белгіленбесе, карта масштабта көрсентіледі және аймақтағы ұшудың ең төмен абсолюттік биіктіктері параллельдермен және меридиандармен құралатын квадрат шегінде көрсетіледі. Аймақтағы ұшудың ең төмен абсолюттік биіктігі ең төмен абсолюттік биіктік белгіленген сектормен қамтылмаған картаның бөліктерінде көрсетіледі.

      ӘҚҚ жүйесі. Картада тиісті белгіленген ӘҚҚ-ның қосалқы бөлшектері көрсетіледі.

      Бұндай қосалқы бөлшектер мыналарды қамтиды:

      1) әрбір аспаптар бойынша ұшып шығу стандартты бағытының графикалық сипаттамасы, оның ішінде:

      бағыт индексі;

      бағыттарды белгілейтін негізгі нктелер;

      ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен бағыттың әрбір учаскесі бойындағы жол сызықтары немесе радиал;

      ең жақын километр немесе теңіздік мильге дейінгі дәлдікпен негізгі нүктелер арасындағы қашықтық;

      бағыттағы немесе бағыт учаскесіндегі кедергілерді ұшып өтудің ең төмен абсолюттік биіктігі және ең үлкен мәнге дейін дөңгелектенген ең жақын 50 м немесе 100 футқа дейінгі дәлдікпен схемада көзделген абсолюттік биіктік және ұшу эшелондарына қатысты шектеулер, егер ондайлар белгіленген болса;

      карта масштабта орындалса және ұшып шығу кезінде ең үлкен мәнге дейін дөңгелектенген ең жақын 50 м немесе 100 футқа дейінгі дәлдікпен векторлаудың белгі қойып белгіленген ең төмен абсолюттік биіктіктер радиолокациялық бағыттауды қамтамасыз етеді.

      2) бағытпен (бағыттармен) байланысты радионавигациялық құрал (құралдар), оның ішінде:

      ашып жазылған атауы;

      белгілері;

      жиілігі;

      градустар, минуттар және секундтардағы географиялық координаталар;

      DМЕ үшін, 30 м (100 фут) дейінгі дәлдікпен тарататын DМЕ антеннасыныңарналары мен асып түсуі;

      3) радионавигациялық құрадардың орналасқан жері бойынша белгіленбеген негізгі нүктелердің кодтық атауы, олардың географиялық координаталары нрадустара, минуттарда және секундтарда және 0,1о дейінгі дәлдікпен алынған пеленг, ол қашықтығы – тірек навигациялық пунктінен 0,2 км (0,1 м. миль) дейінгі дәлдікпен;

      4) күту аймағындағы қолданылатын ұшу схемалары;

      5) ең үлкен мәнге дейін дөңгелектенген ең жақын 300 м немесе 1000 футқа дейінгі дәлдікпен ауысудың абсолюттік/қатыстық биіктігі;

      6) кедергілерді белгілеу жазықтығы (OIS) үшін шығатын, жақын орналасқан кедергілердің орналасқан жері мен қатысты биіктігі. Схеманың жарияланған градиентін есептеу кезінде ескерілмеген, OIS үшін шығатын жақын орналасқан кедергілер бар болған кезде тиісті ескертпелер беріледі.

      7) аймақта жылдамдық бойынша шектеулер, егер олар белгіленсе;

      8) навигациялық сертификаттау белгісі, кез келген шектеулер бар болса, соларды қоса;

      9) жеткізулер мен "өтінім бойынша" жеткізулерді міндетті таратуға арналған барлық соңғы пунктер;

      10) радиобайланыс қағидалары, оның ішінде:

      ӘҚҚ органының (органдарының) шақыру белгісі (шақыру белгілері);

      жиіліктер;

      қажет болған жағдайда, қабылдағыш-таратқыштардың деректерін енгізу;

      11) "флайовер" негізгі нүктелерін көрсету.

      Аэронавигациялық деректер базасымен байланысты талаптар. Деректер базасын кодтауды қамтамасыз ететін тиісті деректер картаның артқы бетінде немесе тиісті сілтемелермен бір бетте жарияланады.

Параграф 9. Аспаптар бойынша стандартты ұшып келу
картасын (STAR) жасауға қойылатын тараптар

      65. Мақсаты.

      Осы карта ұшу экипажын аспаптар бойынша белгіленген ұшып келудің стандартты бағыттарының бағыт бойынша ұшу кезеңінен қонуға кіру кезеңіне дейінгі ережелерін орындау мүмкіндігін беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      66. Бар болуы.

      Аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (STAR) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу белгіленген және оны аудан картасында жеткілікті көрсету мүмкін болмаған жағдайларда ұсынылады.

      67. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан маршрут бойынша ұшу кезеңі аяқталып, қонуға кіру кезеңі басталатын нүктелерді көрсету үшін жеткілікті болып табылады.

      Егер карта масштабта орындалған болса, графикалық масштабы көрсетіледі.

      Егер карта масштабта орындалмаған болса, "МАСШТАБТА ЕМЕС" ескертпесі мен жол сызықтарында масштабтың жоқ болуы туралы шартты белгі және картаның масштабта көрсету үшін көлемдері тым үлкен басқа детальдары келтіріледі.

      68. Проекция.

      Картада ішкі шеңбер бойымен тиісті жерлерде тұрақты аралықтарымен бірге дәйектеу сызықшалары көрсетіледі.

      69. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы және аспаптар бойынша стандартты ұшып келу маршрутының (маршураттарының) белгісі (белгілері) көрсетіледі.

      70. Техногенді орта және топография.

      Егер карта масштабта орындалған болса және картаның қолданылу мақсаты үшін маңыздырақ басқа ақпаратты түсінуді қиындататын болмаса, картаға барлық ашық су кеңістіктерінің, ірі көлдер мен өзендердің жағалау сызықтарының жалпы контурлары сызылады.

      71. Магниттік ауытқу.

      Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтары мен радиалдарды анықтау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      72. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар.

      Тиісті уәкілетті орган магниттік меридианның сол жақ бағыты бойынша бағдарлау мүмкін емес деп белгілеген жағдайларда, жоғары ендік аудандарында басқа сәйкес келетін бағдарды, мәселен ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағытын пайдалану қажет болған жағдайларды қоспағанда, пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар магниттік болып табылады. Егер RNAV учаскелері үшін пеленгтер мен жол сызықтарының ақиқат мәндері қосымша келтірілген болса, олар 0,1одейінгі дәлдікпен, мысалы 290о (294,9оТ) жақшаның ішінде көрсетіледі.

      Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағдарымен келтірілсе, ол картада анық көрсетіледі. Шартты меридианның солтүстік бағытын пайдаланған жағдайда, тірек шартты меридиан келтіріледі.

      73. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Қону әуеайлағы ҰҚЖ орналасу схемасының бейнесімен белгіленеді.

      Аспаптар бойынша стандартты ұшып келудің алдын ала белгіленген бағытына әсер ететін барлық әуеайлақтар көрсетіледі немесе белгіленеді. Қажет болған жағдайда, әуеайлақтағы ҰҚЖ орналасуы көрсетіледі.

      Тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар. Ұшу схемасының орындалуына әсер етуі мүмкін тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар мен қауіпті аймақтар өзінің белгілерімен және тік шекараларымен бірге көрсетіледі.

      Сектордағы ең төменгі абсолюттік биіктік. Картаға өзі кіретін секторды анық көрсететін секторда белгіленген ең төменгі абсолюттік биіктік енгізіледі.

      Егер сектордағы ең төменгі абсолюттік биіктік белгіленбеген болса, карта масштабта жасалады және аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері параллельдер және меридиандармен жасалатын квадраттардың шегінде көрсетіледі. Сондай-ақ, аймақтағы ұшудың ең төменгі абсолюттік биіктіктері картаның ең төменгі абсолюттік биіктігі белгіленбеген секторға кірмейтін бөліктері көрсетіледі.

      ӘҚҚ жүйесі. Картада ӘҚҚ тиісті орнатылған ӘҚҚ жүйесінің компоненттері көрсетіледі.

      Бұндай компоненттерге:

      1) аспаптар бойынша стандартты ұшып келудің әрбір маршрутының графикалық сипаттамасы, оның ішінде:

      маршруттың индексі;

      маршрутты айқындайтын негізгі нүктелер;

      ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен маршруттың (маршруттардың әрбір учаскесінің бойындағы жол сызығы немесе радиал;

      ең жақын километрге немесе теңіздік мильге дейінгі дәлдікпен негізгі нүктелер арасындағы қашықтық;

      маршруттағы немесе маршрут учаскелеріндегі кедергілерден ұшып өтудің ең төменгі абсолюттік биіктіктері және көбірек мәнге дейін дөңгелектелген ең жақын 50 м немесе 100 футқа дейінгі дәлдіктегі сұлбада көзделген абсолюттік биіктіктер және, егер белгіленген болса, ұшу эшелондарына қатысты шектеулер;

      егер карта масштабта орындалса және ұшып келу кезінде радиолокациялық бағыттау қамтамасыз етілсе, көбірек мәнге дейін дөңгелектелген ең жақын 50 м немесе 100 футқа дейінгі дәлдіктегі анық белгі қойып белгіленген ең төменгі абсолюттік биіктіктер;

      2) маршрутпен (маршруттармен) байланысты радионавигациялық құрал (радионавигациялық құралдар), оның ішінде:

      ашық мәтінмен жазылған атауы;

      белгісі;

      жиілігі;

      градустардағы, минуттардағы және секундтардағы географиялық координаталар;

      DМЕ үшін арна және 30 м (100 футқа) дейінгі дәлдікпен DМЕ тарату антеннасының артуы;

      3) радиолокациялық құралдардың орналасқан жері бойынша белгіленбеген негізгі нүктелердің кодтық атаулары, олардың 0,1о дейінгі дәлдікпен градустардағы, минуттардағы және секундтардағы географиялық координаталары, ал арақашықтығы – тірек радионавигациялық құралдан 0,2 км (0,1 мильге) дейінгі дәлдікпен;

      4) күту аймағында қолданылатын ұшу схемалары;

      5) көбірек мәнге дейін дөңгелектелген ең жақын 50 м немесе 100 футқа дейінгі дәлдіктегі ауысудың абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      6) егер олар белгіленген болса, аймақтағы жылдамдық бойынша шектеулер;

      7) егер олар белгіленген болса, кез келген шектеулермен қоса навигациялық ерекшеліктің (ерекшеліктердің) белгісі;

      8) хабарламалар мен "сауал бойынша" хабарламаларды міндетті таратудың барлық бақылау пункттері;

      9) байланыс қағидалары, оның ішінде:

      ӘҚҚ органының (органдарының) шақыру белгісі;

      жиілігі;

      қажет болған жағдайда, қабылдау және жауап беру деректерін енгізу;

      10) "флайовер" негізгі нүктелерін көрсету.

      Аэронавигациялық деректер базасымен байланысты талаптар. Навигациялық деректер қорын кодтауды қамтамасыз ететін тиісті деректер картаның арғы бетіне немесе тиісті сілтемелері көрсетіле отырып, жеке парақта жарияланады.

Параграф 10. Аспаптар бойынша қонуға кіру картасына
жасауға қойылатын тараптар

      74. Мақсаты.

      Осы үлгідегі карта ұшу экипаждарын ұшуды межелі ҰҚЖ-ға аспаптар бойынша қонуға кірудің бекітілген схемасына сәйкес орындауға, соның ішінде екінші айналымға кету және тиісті жағдайларда, күту аймағындағы белгіленген ұшу схемасына сәйкес орындауға мүмкіндік беретін ақпаратпен қамтамасыз етеді.

      75. Бар болуы.

      Аспаптар бойынша қонуға кіру картасы тиісті мемлекет аспаптар бойынша қонуға кіру тәртібін белгілеген, халықаралық азаматтық авиация қолданатын барлық әуеайлақтар үшін беріледі.

      Аспаптар бойынша қонуға кірудің бөлек картасы мемлекет белгілеген қонуға дәл кірудің әрбір схемасы үшін көзделеді.

      Аспаптар бойынша қонуға кірудің бөлек картасы мемлекет белгілеген қонуға дәл емес кірудің әрбір схемасы үшін көзделеді.

      Егер жол сызықтарының, уақыттың және абсолюттік биіктіктің мәні аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының соңғы учаскесінде емес, әуе кемелерінің категорияларына қатысты ерекшеленеді, және осындай ерекшеліктерді бір картада көрсету тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін немесе шатастыруы мүмкін, сондықтан бір картадан көп карта көзделеді.

      Аспаптар бойынша қонуға кіру картасы ұшуды қауіпсіз орындау үшін қажетті ақпарат ескірген әрбір жағдайда жаңартылады.

      76. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының барлық учаскелерін және осындай қонуға кіру үлгісіне қажет болуы мүмкін осындай қосымша аймақтарды кіргізу үшін жеткілікті болады.

      Таңдалған масштаб мыналарға сәйкес картаның тиімді оқылуын қамтамасыз етеді:

      1) картада көрсетілген қонуға кіру тәртібі;

      2) парақ өлшемі.

      Картада масштаб көрсетіледі.

      Оны орындау мүмкін болмайтын жағдайларды қоспағанда, әуеайлақта немесе оған жақын жерде орналасқан DМЕ сәйкес орталығы бар, радиусі 20 километр (10 м. миль) болатын қашықтық шеңбері көрсетіледі немесе әуеайлақтың соңғы нүктесінің орталығы бар, тиісті DМЕ болмаса, оның радиусі шеңберінде көрсетіледі.

      77. Проекция.

      Тік сызық ортодромияға сәйкес келетін, қолданылатын тең бұрышты проекция.

      78. Белгілер.

      Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың, елді мекеннің немесе ауданның атауы, әуеайлақтың атауы және аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының белгісі көрсетіледі.

      79. Техногенді орта және топография.

      Картаға екінші айналымға кетуді, тиісті күту схемасында және, егер белгіленген болса, көзбен шолып маневрлеу (айналып ұшу) схемасы бойынша ұшуды қоса алғанда, аспаптар бойынша қонуға кіру схемасын қауіпсіз орындау үшін қажетті жасанды құрылыстар мен топография туралы ақпарат жазылады.

      Топографиялық ақпарат тек қажет болған жағдайда ғана түсіндірме жазбалармен сүйемелденеді және оны түсінуді оңайлату үшін, кем дегенде, жерүсті және ірі көлдер мен өзендердің учаске шекаралары суреттеледі.

      Жер бедерінің элементтері аталған аудандағы асып түсулердің нақты сипаттамалары ескерілген ең қолайлы әдіспен суреттеледі. Картаға түсірілетін аудан шегінде әуеайлақтан асып түсу үстінен 1200 м (4000 фут) асатын немесе әуеайлақтың соңғы нүктесінен 11 км (6 м. миль) шегінде 600 м (2000 фут), немесе қонуға кіру немесе екінші айналымға кетудің соңғы кезеңі схемасының градиенті жергілікті жағдай үшін оптималды мықты болған жағдайда, әуеайлақтың асып түсуі үстінен 150 м (500 фут) асатын жер бедерінің барлық элементтері мәндерін көрсете отырып және тондық гипсометрияны қолдана отырып жайылған көлденеңдер арқылы қоңыр түсте суреттеледі. Бұдан басқа, жоғарғы көлденеңмен сызылған әрбір ауданның шегінде ең үлкен асып түсуді қоса, тиісті биіктік белгілері қара түсте көрсетіледі.

      80. Магниттік ауытқу.

      Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтарын және радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      81. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар.

      Тиісті еннің биік аудандарында өкілетті орган магниттік меридианның солтүстік бағыты бойынша бағдарлау мүмкін емес деп белгілеген жағдайда, басқа ұқсас бағдарды, мысалы, ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағытын қолданғанды қоспағанда, пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар магниттік болып табылады. Егер RNAV қатысушылары үшін пеленгтер, жол сызықтарының ақиқат мәндері қосымша келтірілсе, олар жақша ішінде 0,1о дейінгі дәлдікпен, мысалы 290о (294,9оТ) көрсетіледі.

      Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар ақиқат немесе шартты меридианның солтүстік бағытталуымен көрсетілген жағдайда, ол картада нақты көрсетіледі. Шартты меридианның солтүстік бағыты қолданылған жағдайда, тірек шартты меридиан көрсетіледі.

      82. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Сипаттық белгілері әуеден жақсы көрінетін барлық әуеайлақтар тиісті шартты белгімен белгіленеді. Қараусыз қалған әуеайлақтардың белгісі "Қараусыз қалған" белгісімен қоса жүреді.

      ҰҚЖ схемасы мыналар үшін (жеткілікті түрде үлкен масштабта көрнекіліктер үшін) келтіріледі:

      1) аталған тәртіп қолданылатын әуеайлақ;

      2) әуе қозғалысының схемасына әсер ететін немесе қолайсыз ауа райы жағдайларында олар межелі әуеайлақ деп есептелуі мүмкін болып орналасқан әуеайлақтар.

      Әуеайлақтың асып түсуі ең жақын метр немесе фунтқа дейінгі дәлдікпен картаның ашық жерінде көрсетіледі.

      Картада ҰҚЖ табалдырығының артуы немесе, тиісті жағдайларда, ең жақын метр немесе фунтқа дейінгі дәлдікпен қону аймағы артуының ең үлкен мәні көрсетіледі.

      Кедергілер. Карта жоспарының түрінде кедергілер көрсетіледі.

      Кедергілердің жоғарғы нүктелерінің артуы бір метр немесе бір фунтқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі (дөңгелектеу арту жағында жүргізіледі).

      Орташа теңіз деңгейіне емес, өзге бастапқы деңгейге қатысты, бастапқы есептік деңгей үшін кедергілердің биіктіктерін белгілеу кезінде әуеайлақтың артуы қолданылады; табалдырықтың артуы 2 м (7 фут) аспайтын жабдықталған ҰҚЖ бар әуеайлақтарда әуеайлақтың асып түсу мәнінен аз болған жағдайда, бастапқы есептік деңгей үшін ҰҚЖ табалдырығының артуы қолданылады, оған аспаптар бойынша қонуға кіру жүргізіледі.

      Теңіздің орта деңгейінен басқа бастапқы деңгей қолданылған жағдайда, ол туралы картаның ашық жерінде тиісті белгілер қойылады.

      1-санат бойынша қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ үшін кедергілерден бос аймақ белгіленбеген жағдайда, ол туралы көрсетіледі.

      Тайым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар. Ұшу схемаларын орындауға әсер етуі мүмкін тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар немесе қауіпті аймақтар өзінің белгілері мен тік шекараларымен көрсетіледі.

      Радиобайланыс құралдары және навигациялық құралдар. Картада аспаптар бойынша қонуға кіру үшін қажетті радионавигациялық құралдар, олардың жиіліктері, жол сызықтары бойынша белгілері мен бағыттау сипаттамалары, егер ондайлар бар болса, көрсетіледі. Бірнеше станциялар орналасқан қонуға кірудің соңғы учаскесінің жол сызығындағы схемалар болған жағдайда, картада жол сызығы бойымен бағыттау үшін қолдануға жататын құрал көрсетіледі. Бұдан басқа, мүмкін болған жағдайда, қонуға кіру картасынан схемада қолданылмайтын құралдар алынып тасталады.

      Картаға қонуға кіру бастапқы кезеңінің соңғы нүктесі (IAF), қонуға кіру аралық кезеңінің соңғы нүктесі (IF), қонуға кіру соңғы кезеңінің соңы нүктесі (FAF) (немесе ILS бойынша қонуға кіру схемасына арналған қонуға кіру соңғы кезеңінің нүктесі (FAP), екінші айналымға кету нүктесі (MAPt), егер ол болса, және басқа да соңғы нүктелер немесе схемаға кіретін нүктелер белгіленеді және көрсетіледі.

      Картаға жол сызықтары болған жағдайда оған бағыттау сипаттамаларын көрсете отырып қосымша әуеайлаққа кету кезінде пайдаланылуы мүмкін радионавигациялық құралдар түседі немесе көрсетіледі.

      Картада аспаптар бойынша қонуға кіруді орындау үшін қажетті радиобайланыс құралдарының жиіліктері және шақыру белгілері көрсетіледі.

      Картада егер деректер аспаптар бойынша қонуға кіру үшін қажет болса әрбір радионавигациялық құралдан әуеайлаққа дейінгі арақашықтық ең жақын километрге немесе теңіздік миляға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Егер жол сызықтары бойынша бағыттау құралдарының еш бірі әуеайлаққа пеленгті көрсетпесе ол да картада ең жақын градустағы дәлдікпен көрсетіледі.

      Сектордағы ең төменгі абсолюттік биіктігі немесе әуеайлақ ауданына келудің абсолюттік биіктігі. Картада қай секторға жататындығы анық көрсетіле отырып өкілетті орган белгілеген сектордағы ең төмен абсолюттік биіктігі немесе әуеайлақ ауданына келудің абсолюттік биіктігі көрсетіледі.

      Сұлбаның жол сызықтарының бейнеленуі. Жоспардағы көрінісі мынадай әдістермен бейнеленетін төменде аталған мәліметтерден тұрады:

      3) ұшу бағытын көрсететін стрелкалары бар тұтас сызықтар арқылы қонуға кіру кезіндегі жол сызықтары;

      4) стрелкалары бар үзік сызықтар арқылы екінші айналымға кету кезіндегі жол сызықтары;

      5) нүктелі үзік сызықтар және стрелкалар арқылы сұлбаның кез келген қосымша жол сызықтары;

      6) ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен пеленгтер, жол сызықтары, радиалдар және ең жақын оннан екі километрге немесе оннан бір теңіздік миляға дейінгі арақашықтық немесе осы сұлбаға қажетті уақыт;

      7) жол сызықтары бойынша бағыттау радиоқұралдары болмаған жағдайда қонуға кірудің соңғы кезеңінде пайдаланылатын радионавигациялық құралдардан әуеайлақтағы магнитті пеленгтің ең жақын градусына дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      8) көзбен шолу маневрлеріне (айналып ұшу) тыйым салынатын кез келген сектордың шекаралары;

      9) белгілі жағдайларда күту аймағында ұшу сұлбасы және қонуға кіру мен екінші айналымға кетуге байланысты ұшу аймағында ұшудың ең төмен абсолюттік/салыстырмалы биіктігі;

      10) қажеттілігіне қарай картаның бетінде көрінетін жерінде көрсетілетін тиісті ескертулер;

      11) "флайовер" негізгі нүктелерін көрсету.

      Пішін, әдетте, жоспардағы бейнесінен кіші болып бейнеленуі және мына мәліметтерді қамтуы тиіс:

      12) әуеайлақ – әуеайлақтан асу деңгейінде тұтас тікбұрыш түрінде;

      13) қонуға кіру сұлбасының учаскелер пішіні - ұшу бағытын көрсететін стрелкалары бар тұтас сызықтар;

      14) екінші айналымға кету сұлбасының учаскелер пішіні – стрелкалармен және сұлбаның сипаттамасымен үзік сызықтар;

      15) сұлбаның кез келген қосымша учаскесінің пішіні – стрелкалары бар үзік сызықтар;

      16) ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен пеленгтер, жол сызықтары, радиалдар және ең жақын оннан екі километрге немесе оннан бір теңіздік миляға дейінгі арақашықтық немесе осы сұлбаға қажетті уақыт;

      17) ауысудың абсолюттік биіктігін, сұлбаның абсолюттік/салыстырмалы биіктігін қоса осы сұлбалар үшін қажетті абсолюттік/салыстырмалы биіктіктер және белгіленген жерлердегі тікұшақ айлақтары қиылысуының (НСН) салыстырмалы биіктігі;

      18) келісілген жағдайларда жақын километр немесе теңіздік мильге дейін дәлдікпен стандартты бұрылуды орындау кезіндегі шекті арақашықтық;

      19) 180о бұрылуға рұқсат берілмейтін сұлбалар үшін қонуға кірудің аралық кезеңінің нүктесі немесе бақылау нүктесі туралы деректер;

      20) тиісті жағдайларда әуеайлақтан асуды немесе ҰҚЖ табалдырығы орналасқан нүктеден басталатын ұзындық масштабымен қоса картаның барлық ені бойынша өтетін ҰҚЖ табалдырығынан асуды көрсететін сызық.

      Әуеайлақтың пайдалану минимумдары. Картада егер мемлекетпен белгіленген болса әуеайлақтың пайдалану минимумдары көрсетіледі.

      Сұлба есептелген әуе кемелерінің санаты үшін кедергілерді ұшып өтудің абсолюттік/салыстырмалы биіктіктері көрсетіледі; қонуға дәл кіру сұлбасы жарияланатын жағдайда қажеттілігіне қарай DL санатындағы әуе кемелері үшін (қанатының көлемі 65–80 метр және/немесе дөңгелек траекториясы мен глиссадалық антеннаның арасындағы тік аралық 7–8 метр) қосымша ОСА/Н.

      83. Қосымша ақпарат.

      Егер екінші айналымға кетуді бастау нүктесі құрал немесе бақылау нүктесі мен қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі бақылау нүктесінен тиісті қашықтықпен қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі бақылау нүктесінен қашықтық бойынша анықталса ең жақын оннан екі километрге немесе оннан бір теңіздік мильге дейінгі дәлдікпен қашықтық және қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі бақылау нүктесінен екінші айналымға кету нүктесіне дейінгі жол жылдамдығы мен ұшу уақыты көрсетіледі.

      Қонуға кірудің соңғы учаскесінде DМЕ пайдаланылуы тиіс болған жағдайда сәйкесінше әрбір 2 километр немесе 1 м. миль үшін абсолюттік/салыстырмалы биіктік кестесі келтіріледі.

      Қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі бақылау нүктесінен қонуға дәл емес кіру сұлбаларында пайыздың ең жақын оныншы үлесіне дейінгі дәлдікпен төмендеу градиенті және жақшаның ішінде қонуға кірудің соңғы учаскесіндегі пайдаланылатын градустың ең жақын оныншы үлесіне дейінгі дәлдікпен төмендеу бұрышы көрсетіледі.

      Қонуға дәл кіру сұлбаларында және тік бағыттаумен қонуға кіру сұлбаларында ең жақын жарты метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен тірек нүктесінің биіктігі және градустың ең жақын оныншы үлесіне дейінгі дәлдікпен тік жазықтықтағы траекторияның глиссада/орын бұрышы/бұрыш иілу бұрышы.

      Егер қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі бақылау нүктесі ILS арналған қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі нүкте бойынша анықталатын болса оның ILS жүйесіне, тиісті сұлбаға тек ILS курстық радиомаягының негізінде немесе оның да басқаның да негізінде қолданылатыны анық келісіледі. MLS қатысты егер FAF қонуға кірудің соңғы кезеңіндегі нүктеде көрсетілсе нақты нұсқау беріледі.

      Аспаптар бойынша қонуға кіру сұлбаларының кез келген түрі бойынша қонуға кірудің соңғы учаскесінде төмендеу градиент/бұрышы ең үлкен мәнінен асса ескертетін ескертпе қосылады.

      Аэронавигациялық деректер базасына қойылатын талаптар. Навигациялық деректер базасын кодтауды қамтамасыз ететін тиісті деректер картаның артқы бетіне немесе жеке парақта тиісті сілтемелерімен RNAV пайдалана отырып ұшу сұлбалары үшін жарияланады.

Параграф 11. Қонуға көзбен шолып кіру картасын
жасауға қойылатын тараптар

      84. Мақсаты.

      Осы картада ұшу экипаждарына көзбен шолу бағдарымен бағыт бойынша ұшуға/қонуға кіруге төмендеу кезеңінен белгіленген ҰҚЖ-ға қонуға кіру кезеңіне ауысуды жүзеге асыруға көмектесетін ақпарат қамтылған.

      85. Аэронавигациялық деректер.

      Осы картада мынадай негізгі ақпарат берілуі тиіс:

      1) картаға түсірілетін аудан мен масштаб. Әуеайлақ бедері мен жоспарының барлық элементтерінің бейнеленуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ірі масштаб қолданылуы тиіс;

      2) белгілер. Картада осы әуеайлақ қызмет көрсететін қаланың немесе елді мекеннің атауы және осы әуеайлақтың атауы көрсетілуі тиіс;

      3) техногенді орта және топография. Картада табиғи және жасанды жерүсті бағдарлары, бедер, жағалық сызықтар, көлдер, өзендер мен бұлақтар көрсетілуі тиіс;

      4) магниттік ауытқу. Картада ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен магниттік ауытқу көрсетілуі тиіс;

      5) пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар. Картада магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар көрсетілуі тиіс;

      6) аэронавигациялық деректер. Картада мыналар көрсетілуі тиіс:

      ҰҚЖ орналасуы бойынша барлық әуеайлақтар;

      көрінетін жерде белгіленген әуеайлақтан артып кету;

      барлық маңызды кедергілер, бір метрге дейінгі дәлдікпен олардың әуеайлақтан артып кетуі үстіндегі салыстырмалы биіктігі;

      өзінің белгілері және тік шекаралары бар тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар.

Параграф 12. ӘҚБ ең төменгі абсолюттік биіктігінің шолу
картасын жасауға қойылатын тараптар

      86. Мақсаты.

      Осы қосымша картада ұшу экипаждарына ӘҚҚ бақылау жүйелерін пайдалана отырып диспетчер белгілеген абсолюттік биіктіктерді бақылауды және оларды екі жақты тексеруді жүзеге асыру мүмкіндігін беретін ақпарат қамтылған.

      87. Картаға түсірілетін аудан мен масштаб.

      Картаға түсірілетін аудан аспаптар бойынша қонуға кіру схемасының барлық учаскелерін және осындай қонуға кіру үлгісіне қажет болуы мүмкін осындай қосымша аймақтарды кіргізу үшін жеткілікті болады.

      88. Магниттік ауытқу.

      Картада магниттік пеленгтерді, жол сызықтарын және радиалдарды айқындау кезінде қолданылатын магниттік ауытқуы ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.

      89. Пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар.

      Картада ені биік аудандарда тиісті өкілетті орган магниттік солтүстік бойынша бағдарлау мүмкін емес, басқа қолайлы бағдарды яғни ақиқат солтүстікті және координат торы бойынша солтүстік бағытты пайдаланған дұрыс деп белгіленген жағдайларды қоспағанда магниттік пеленгтер, жол сызықтары және радиалдар белгіленеді.

      Егер пеленгтер, жол сызықтары немесе радиалдар ақиқат және шартты меридианның солтүстік бағытына бағдарланып келтірілсе бұл картада анық көрсетіледі. Шартты меридианның солтүстік бағытын пайдаланға жағдайда тірек шартты меридиан келтіріледі.

      90. Аэронавигациялық деректер.

      Әуеайлақтар. Аталған әуеайлақ ауданындағы бағыттар жүйесіне әсер ететін барлық әуейлақтар көрсетіледі. Қажеттілігі бойынша ҰҚЖ орналасу индексі пайдаланылады.

      Негізгі әуеайлақта ең жақын метр немесе футқа дейінгі дәлдікпен асу көрсетіледі.

      Тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектеу қойылған аймақтар және қауіпті аймақтар. Тыйым салынған аймақтар, ұшуға шектеу қойылған аймақтар және қауіпті аймақтар олардың белгілері көрсетіліп салынады.

      Әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесі. Картада әуе қозғалысына қызмет көрсетудің белгіленген жүйесінің компоненттері көрсетіледі, мыналарды қоса:

      1) олардың белгілері көрсетілген радионавигациялық құралдар;

      2) тиісті белгіленген әуе кеңістігінің бүйірлік шекаралары;

      3) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу және ұшып келу сұлбаларындағы жол нүктелері;

      4) егер ондай белгіленген болса ауысудың абсолютті биіктігі;

      5) векторлауға байланысты ақпараттар, оның ішінде:

      үлкен мәнге дейін дөңгелектей отырып ең жақын 50 м немесе 100 футқа дейінгі дәлдікпен векторлаудың нақты белгіленген ең төмен абсолютті биіктігі;

      радионавигациялық құралдарға немесе ең жақын градусқа дейінгі дәлдікпен пеленгтермен және радиалдармен немесе егер қолданылмайтын болса градуста, минутта және секундта көрсетілетін және белгіленген секторларды нақты бөлу үшін қалың сызықтармен белгіленетін географиялық координаттармен анықталатын векторлаудың ең төмен абсолютті биіктігі белгіленген секторлардың бүйірлік шекарасы;

      20 км немесе 10 м. миль аралықтармен немесе ол қолданылатын болса 10 км немесе 5 м. миль аралықтармен, жұқа үзік сызықтармен, радиуспен белгіленген, белгіленген әуеайлақтық негізгі VOR радионавигациялық құралы орналасқан жердің айналасында және ортасында немесе егер ондай болмаған жағдайда әуеайлақтың немесе тік ұшақ айлағының бақылау нүктесінде көрсетілген бірдей қашықтық айналымдары;

      ең төмен қауіпсіз биіктік туралы ескертулер жүйесінің болуын көрсету;

      тиісті ӘҚБ органының (органдарының) шақыру арнасымен (арналарымен) қоса радиобайланыс қағидалары.

  Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
7-қосымша

      1-кесте. Жергілікті жер туралы деректерге қойылатын сандық талаптар


1-аудан

2-аудан

3-аудан

4-аудан

Бекеттер арасындағы интервал

3 с доға (шамамен 90 м)

3 с доға (шамамен 90 м)

3 с доға (шамамен 90 м)

3 с доға (шамамен 90 м)

Тік жазықтықтағы дәлдігі

30 м

3 м

0,5 м

1 м

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттігі

1 м

0,1 м

0,01 м

0,1 м

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

50 м

5 м

0,5 м

2,5 м

Сенімділік деңгейі

90 %

90 %

90 %

90 %

Деректердің дәрежесі

қалыптылар

маңыздылар

маңыздылар

маңыздылар

Бүтіндік деңгейі

1 х 10-3

1 х 10-5

1 х 10-5

1 х 10-5

Жаңартудың мерзімі

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай


      2-кесте. Кедергілер туралы деректерге қойылатын сандық талаптар


1-аудан

2-аудан

3-аудан

4-аудан

Тік жазықтықтағы дәлдігі

30 м

3 м

0,5 м

1 м

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттігі

1 м

0,1 м

0,01 м

0,1 м

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

50 м

5 м

0,5 м

2,5 м

Сенімділік деңгейі

90 %

90 %

90 %

90 %

Деректердің дәрежесі

қалыптылар

маңыздылар

маңыздылар

маңыздылар

Бүтіндік деңгейі

1 х 10 -3

1 х 10 -5

1 х 10 -5

1 х 10 -5

Жаңарту мерзімі

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай

Қажеттігіне қарай


      3-кесте. Жергілікті жер атрибуттары

Жергілікті жер атрибуттары

Міндетті /міндетті емес

Қамту ауданы

Міндетті

Дерек негізінің көрсеткіші

Міндетті

Шығару әдісі

Міндетті

Бекеттердің арасындағы интервал

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы есептеу жүйесі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы шешу жүйесінің қабілетті

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы сенімділік дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы тұрған орны

Міндетті

Асып кетуі

Міндетті

Асып кетуді есептеу

Міндетті

Тік жазықтықтағы есептеу жүйесі

Міндетті

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттілігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы сенімдік дәлдігі

Міндетті

Беттің түрі

Міндетті емес

Тіркелген бет

Міндетті

Беттің үстінде төбенің деңгейі

Міндетті емес

Белгілі ауытқулар

Міндетті емес

Бүтіндік

Міндетті

Күн және уақыт белгісі

Міндетті

Қолданылатын өлшем бірліктері

Міндетті


      4-кесте. Кедергілер атрибуттары

Кедергілер атрибуттары

Міндетті /міндетті емес

Қамту ауданы

Міндетті

Дерек негізінің көрсеткіші

Міндетті

Кедергілердің көрсеткіші

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы сенімдік дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы тұрған орны

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы өлшемдер

Міндетті

Көлденең жазықтықтағы шешу жүйесінің қабілетті

Міндетті

Асып кетуі

Міндетті

Салыстырмалы биіктік

Міндетті емес

Тік жазықтықтағы дәлдігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы сенімділік дәлдігі

Міндетті

Асып кетуді есептеу

Міндетті

Тік жазықтықтағы шешу қабілеттілігі

Міндетті

Тік жазықтықтағы есептеу жүйесі

Міндетті

Кедергінің түрі

Міндетті

Кескіннің түрі

Міндетті

Бүтіндік

Міндетті

Күн және уақыт белгісі

Міндетті

Қолданылатын өлшем бірліктері

Міндетті

Іс-қимылдар

Міндетті емес

Тиімділік

Міндетті емес

Жарықтандыру

Міндетті

Таңбалау

Міндетті

  Әуе кемелерін пайдаланушыларды
аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету қағидаларына
8-қосымша

AIP-тың бөлімдеріне сәйкес аэронавигациялық деректердің көздері

      Ескерту. Қағида 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Аэронавигациялық ақпараттар жинағының (бұдан әрі - АIP) бөлімдері мен тармақтары

Азаматтық авиация ұйымы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі

1-бөлім (GEN) – Жалпы ережелер


GEN 0


GEN 0.1 Алғысөз

GEN 0.2 AIP-қа енгізілетін түзетулерді тіркеу

GEN 0.3 AIP-қа енгізілетін толықтыруларды тіркеу

GEN 0.4 AIP парақтарының бақылау тізбесі

GEN 0.5 AIP-қа қолмен енгізілген түзетулердің тізбесі

GEN 0.6 AIP мазмұны.

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 1. - Ұлттық қағидалар мен талаптар


GEN 1.1 Тағайындалған өкілетті органдар

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

GEN 1.2 Әуе кемелерінің ұшып келуі, транзиті және ұшып кетуі

GEN 1.3 Жолаушылар мен экипаждың келуі, транзиті және кетуі

GEN 1.4 Жүкті алып келу, транзиті және алып кету

GEN 1.5 Әуе кемесіндегі жабдықтар, аспаптар және ұшу құжаттамасы

GEN 1.6 Ұлттық қағидалар мен халықаралық келісімдердің/конвенциялардың қысқаша мазмұны

GEN 1.7 Практика мен ИКАО қағидалары ұсынатын Стандарттардан айырмашылықтары

GEN 2. - Кестелер мен кодтар


GEN 2.1 Өлшеу жүйесі, әуе кемелерінің таңбаланған белгілері, мерекелер

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 2.2 AIP басылымдарында қолданылатын қысқартулар

GEN 2.3 Карталардағы шартты белгілер

GEN 2.4 Орналасқан жер индекстері

GEN 2.5 Радионавигациялық құралдардың тізбесі

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 2.6 Аудару кестелері

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 2.7 Күннің шығу/бату кестесі

GEN 3. - Қызмет көрсету


GEN 3.1 Аэронавигациялық ақпараттық қызмет көрсету

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 3.2 Аэронавигациялық карталар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 3.3 Әуе қозғалысына қызмет көрсету

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 3.4 Байланыс қызметтері

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 3.5 Метеорологиялық қызмет көрсету

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

GEN 3.6 Іздестіру және құтқару

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

GEN 4. - Әуеайлақтардан алынатын алымдар және аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар


GEN 4.1 Әуеайлақтардан алынатын алымдар

Әуеайлақты пайдаланушы

GEN 4.2 Аэронавигациялық қызмет көрсету үшін алынатын алымдар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

2-бөлім. (ENR) - Бағыт


ENR 1. - Жалпы қағидалар мен рәсімдер


ENR 1.1 Жалпы қағидалар

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

ENR 1.2 Көзбен шолып ұшу қағидалары

ENR 1.3 Аспаптар бойынша ұшу қағидалары

ENR 1.4 ӘҚҚ әуе кеңістігінің сыныптамасы

ENR 1.5 Күту, қонуға кіру және ұшып шығу аймағында ұшу сызбалары

ENR 1.6 ӘҚҰ-ға байқау негізінде қызмет көрсету және қағидалар

ENR 1.7 Биіктік өлшеу құралын орнату тәртібі

ENR 1.8 Өңірдегі қосымша қағидалар

ENR 1.9 Әуе қозғалысы ағындарын басқару

ENR 1.10 Ұшуды жоспарлау

ENR 1.11 Ұшу жоспарлары туралы хабарламаларды жіберу

ENR 1.12 Азаматтық әуе кемелерін ұстап алу

ENR 1.13 Заңсыз араласу

ENR 1.14 Әуе қозғалысына байланысты қақтығыстар

ENR 2. - ӘҚҚ әуе кеңістігі


ENR 2.1 ҰАА, жоғарғы әуе кеңістігінің ұшу ақпараты ауданы, тораптық диспетчерлік аудан

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 2.2 Бақыланатын әуе кеңістігінің өзге де түрлері

ENR 3 - ӘҚҚ бағыттары


ENR 3.1 Төменгі әуе кеңістігіндегі ӘҚҚ бағыттары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 3.2 Жоғарғы әуе кеңістігіндегі ӘҚҚ бағыттары

ENR 3.3 Аймақтық навигация бағыттары

ENR 3.4 Тікұшақтардың ұшу бағыттары

ENR 3.5 Өзге де бағыттар

ENR 3.6 Бағытта күту

ENR 4 - Радионавигациялық құралдар /жүйелер


ENR 4.1 Бағыттағы радионавигациялық құралдар

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 4.2 Арнайы навигациялық жүйелер

ENR 4.3 Жаһандық навигациялық спутниктік жүйе (GNSS)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 4.4 Негізгі нүктелерге арналған кодтық атаулардың белгілері

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 4.5 Бағыттағы жер үсті аэронавигациялық оттары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

ENR 5. - Аэронавигациялық ескертулер


ENR 5.1 Тыйым салынған аймақтар, ұшу шектелген аймақтар және қауіпті аймақтар

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

ENR 5.2 Әскери жаттығулар және жаттығу аймақтары мен ӘШҚ тану аймағы (ADIZ)

ENR 5.3 Қауіп келтіруі мүмкін басқа да қызмет түрлері және ықтимал қауіптің басқа да түрлері

ENR 5.4 Бағыттағы аэронавигациялық кедергілер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

ENR 5.5 Авиациялық спорттық және ойын-сауық іс-шаралары

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

ENR 5.6 Құстардың басқа жаққа ұшып кетуі және жануарлар дүниесі ерекше аймақтар

ENR 6. - Бағыт карталары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

3-бөлім (AD) - Әуеайлақтар


AD 1.- Әуеайлақтарға/тікұшақ айлақтарына кіріспе


AD 1.1 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын беру

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

AD 1.2 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызмет және қар жауған кездегі жоспар

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

AD 1.3 Әуеайлақтардың/тікұшақ айлақтарының индексі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

AD 1.4 Әуеайлақтарды/тікұшақ айлақтарын топтастыру

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

AD 1.5 Әуеайлақтардың сертификатталу жай-күйі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті

AD 2. - Әуеайлақтар (халықаралық және ұлттық)


AD 2.1 Әуеайлақтың орналасқан жерінің индексі және атауы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.2 Әуеайлақ бойынша географиялық және әкімшілік деректер

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.3 Жұмыс сағаттары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.4 Қызмет көрсету қызметтері мен құралдары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.5 Жолаушыларға қызмет көрсету құралдары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.6 Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтер


Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.7 Жабдықтарды маусымдық қолдану: ылғалды кетіру

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.8 Перрон, РЖ және тексеру орындары/пункттері жөнінде деректер

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.9 Жер бетінде қозғалуды басқаруды және бақылау жүйесі, таңбаланған тиісті белгілер

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.10 Әуеайлақтағы кедергілер

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.11 Ұсынылатын метеорологиялық ақпарат

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.12 ҰҚЖ-ның физикалық сипаттамасы

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.13 Жарияланған ара қашықтықтар

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.14 Жақындау оттары мен ҰҚЖ-дағы оттар

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.15 Өзге де оттар, резервтегі электрмен қоректендіру көздері

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.16 Тікұшақтар қонатын аймақтар

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.17 ӘҚҚ әуе кеңістігі

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.18 ӘҚҚ байланыс құралдары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.19 Радионавигациялық құралдар мен қондыру құралдары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.20 Жергілікті қозғалыс қағидалары

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.21 Шуылды басудың пайдаланушылық тәсілдері

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.22 Ұшу қағидалары

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

AD 2.23 Қосымша ақпарат

Әуеайлақты пайдаланушы

AD 2.24 Әуеайлаққа қатысты карталар


1) әуеайлақ/тікұшақ айлағы картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

2) әуе кемелерін тұраққа қою/түйістіру картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

3) әуеайлақ ішінде қозғалу картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

4) әуеайлақтағы кедергілер картасы, А үлгісінде (ИКАО) (әр ҰҚЖ үшін)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

5) қонуға дәл кіруге арналған жергілікті жер картасы (ИКАО) (II және III санаттар бойынша қонуға дәл кіруге арналған ҰҚЖ)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

6) аудан картасы (ИКАО) (ұшып шығу бағыттары және транзиттік бағыттар)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

7) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығу картасы (ИКАО), ұшып шығу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

8) аудан картасы (ИКАО) (ұшып келу бағыттары және транзиттік бағыттар)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

9) аспаптар бойынша стандартты ұшып келу картасы (ИКАО), ұшып келу бағыттарының мәтіндік сипаттамасы

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

10) ең төменгі радиолокациялық абсолюттік биіктіктер картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым 

11) аспаптар бойынша қонуға кіру картасы (ИКАО) (әр ҰҚЖ және әр сызба үшін)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

12) көзбен шолып қонуға кіру картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

13) масштабы 1:500 000 аэронавигациялық картасы (ИКАО)

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорны болып табылатын аэронавигациялық ұйым

14) әуеайлақ маңайына жиналған құстар туралы деректер

Әуеайлақты пайдаланушы

3-бөлікке (AD) ескертпе - Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағында (AIP) жариялануы тиіс әуеайлақтардың тізбесі:

1.

Ақтау

(Халықаралық)

2.

Ақтөбе

(Халықаралық)

3.

Алматы

(Халықаралық)

4.

Астана

(Халықаралық)

5.

Атырау

(Халықаралық)

6.

Балқаш

(Ұлттық)

7.

Боралдай

(Ұлттық)

8.

Жезқазған

(Халықаралық)

9.

Зайсан

(Ұлттық)

10.

Көкшетау

(Халықаралық)

11.

Қарағанды

(Халықаралық)

12.

Қостанай

(Халықаралық)

13.

Қызылорда

(Халықаралық)

14.

Орал

(Халықаралық)

15.

Өскемен

(Халықаралық)

16.

Павлодар

(Халықаралық)

17.

Петропавл

(Халықаралық)

18.

Семей

(Халықаралық)

19.

Талдықорған

(Ұлттық)

20.

Тараз

(Халықаралық)

21.

Үржар

(Ұлттық)

22.

Шымкент

(Халықаралық)


      Ескерту:

      1. ӘҚҚ – әуе қозғалысына қызмет көрсету;

      2. ӘШҚ – әуе шабуылынан қорғаныс;

      3. ИКАО – Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;

      4. РЖ – рульдеу жолы;

      5. ҰҚЖ – ұшу-қону жолағы;

      6. AD – әуеайлақтар;

      7. ADIZ – әуе шабуылынан қорғанысты тану аймағы;

      8. AIP – аэронавигациялық ақпараттар жинағы;

      9. ENR – бағыттар;

      10. GEN – жалпы ережелер;

      11. GNSS – жаһандық навигациялық спутниктік жүйе.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады