Әкімшінің қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеуге, тіркеуден шығаруға, тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізуге арналған өтініштер нысандарын, сондай-ақ тiркелгендiгiн растау және тіркеуден бас тарту нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10607 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 18 маусымдағы № 591 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 18.06.2019 № 591 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеуге арналған өтініш;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаларды тіркеуден шығару туралы өтініш;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаның деректеріне өзгерістер енгізу туралы өтініш;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаның тiркелгендігі туралы растау;

      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыруға тіркеуден бас тарту нысандары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 130 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті

      _______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      _______________________________

      (болған жағдайда))

      _______________________________

      (нақты тұрғылықты мекенжайы)

      _______________________________

      _______________________________

      (байланыс телефондары)

Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаларды тіркеуге арналған өтініш

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес әкімшінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркеу жүргізуді сұраймын.

      Жеке тұлға туралы мәліметтер:

      1. Туған күні, айы, жылы_______________________________________

      2. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері_________________

      (сериясы, нөмірі және

      _____________________________________________________________________

      берілген күні, құжатты берген органның атауы).

      3. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________

      4 Біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы мәліметтер ___________

      (Комиссия шешімі

      _____________________________________________________________________

      және күні).

      5. Жұмыс орны _________________________________________________

      6. Тұрғылықты мекенжайы _______________________________________

      (облыс, аудан, қала (ауыл), көше (шағын аудан),

      _____________________________________________________________________

      үй нөмірі, пәтер нөмірі).

      7. Өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығының болмауы туралы

      мәліметтер _________________________________________________________.

      8. Наркологиялық немесе психиатриялық диспансерлерде есепте

      тұратыны туралы мәліметтердің болмауы ______________________________.

      9. Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп

      танығаны туралы мәліметтердің болмауы_______________________________.

      10. Электрондық пошта мекенжайы (е-mail)______________________.

      11. Қоса берілетін құжаттар:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      2) біліктілік емтиханын тапсырғаны туралы Комиссия шешімінің көшірмесі;

      3) тұрғылықты жері бойынша берілгеніне бір ай өтпеген өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығының болмауы туралы анықтама;

      4) тұрғылықты жері бойынша берілгеніне бір ай өтпеген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамалары;

      5) тұрғылықты жері бойынша берілгеніне бір ай өтпеген сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығаны туралы мәліметтердің болмауы туралы анықтама.

      Ескертпе: құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бірге не құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ________ __________________

      (қолы) (аты-жөні)

      20__ жылғы "____" __________.

      (күні)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 130 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті

      _______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      _______________________________

      (болған жағдайда))

      _______________________________

      (нақты тұрғылықты мекенжайы)

      _______________________________

      _______________________________

      (байланыс телефондары)

Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаның деректерiне өзгерiстер енгізу туралы өтiнiш

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (тіркелген күні және нөмірі)

      уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы ретінде

      қызметті жүзеге асыру мақсатында тіркелген __________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      ____________________ деректеріне өзгерістерді енгізуді сұраймын, атап

      (болған жағдайда))

      айтқанда:

      _____________________________________________________________________

      (тіркеу туралы өтініште көрсетілген өзгертуге жататын деректер

      _____________________________________________________________________

      туралы мәліметтер көрсетіледі).

      ________ _____________________

      (қолы) (аты-жөні)

      20__ жылғы "____" __________.

      (күні)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 130 бұйрығына
3-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер комитеті

      _______________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты

      _______________________________

      (болған жағдайда))

      _______________________________

      (нақты тұрғылықты мекенжайы)

      _______________________________

      _______________________________

      (байланыс телефондары)

Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметiн жүзеге асыру мақсатында тіркелген тұлғаны тiркеуден шығару туралы өтініш

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2015

      жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 8-тармағының 5) тармақшасына

      сәйкес ____________________________уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша

      (тіркелген күні және нөмірі)

      және банкроттықты басқарушылар ретіндегі қызметті жүзеге асыру

      мақсатында тіркелген_________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      _________________________________байланысты тіркеуден алуды сұраймын.

      (негіздеме)

      Қосымша:

      1. Әкімшінінің қызметін жүзеге асырудан шеттету және жаңа кандидатураны таңдау туралы кредиторлар жиналысы хаттамасының көшірмелері.

      ________ __________________

      (қолы) (аты-жөні)

      20__ жылғы "____" __________.

      (күні)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 130 бұйрығына
4-қосымша

      Нысан

Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғаның тiркелгендігі туралы растау

      20__ жылғы " ___" _______ № _____

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті,

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларының қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адам ретінде тіркегенін растайды.

      Ескертпе: "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес тіркеу туралы өтiнiште көрсетілген деректер өзгерген кезде, уәкiлеттi органда тіркелген адам өзгерістер туралы уәкiлеттi органға бес жұмыс күні iшiнде хабарлауға мiндеттi.

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер

      комитеті төрағасының

      орынбасары ________________ ___________________

      (Т.А.Ә.) (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 130 бұйрығына
5-қосымша

      Нысан

Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың қызметін жүзеге асыруға тіркеуден бас тарту

      20__ жылғы " ___" _______ № _____

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 наурыздағы Заңының 12-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті,

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      аталған Заңның ____-бабы ___-тармағының __) тармақшасына сәйкес _______________________________________________________ байланысты, уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар ретінде қызметті жүзеге асыруға тіркеуден бас тартады.

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігінің

      Мемлекеттік кірістер

      комитеті төрағасының

      орынбасары ________________ ___________________

      (Т. А. Ә.) (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады