Орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісіндегі шығасыны өтеу нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 25 ақпандағы № 18-02/132 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 сәуірде № 10613 тіркелді

        2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 131-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Орман алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу нормативтерi бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрінің
      міндетін атқарушы                              С. Омаров

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      __________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының  
2015 жылғы 25 ақпандағы 
№ 18-02/132 бұйрығымен 
бекітілген       

Орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты
емес мақсаттарда пайдалану үшiн алып қоюдан туындаған орман
шаруашылығы өндiрiсiндегi шығасыны өтеу нормативтерi

Р/с

Орман түрлерінің топтары

Орман шаруашылығы өндiрiсі шығасындарының өтеу мөлшері мың теңге/гектар

1

2

3

1

Ақ сексеуiл және қара ceксеуіл өскен жер

32,8

2

Тянь-Шань ормандарының түпкілікті құрғақ қайыңдықтары;
Тянь-Шаньның түпкiлiктi құрғақ көктеректерi;
тiзбектелген қарағайлы тоғайдағы қолдан отырғызылған құрғақ көктеректер

62,1

3

Шөлдi аймақтағы жайылма ормандар; аралдық қарағайлы тоғайдағы қолдан отырғызылған құрғақ көктеректер;

81,1

4

Сулы шоқ қайыңдар, жаппай өскен қайыңдар

101,6

5

Қазақтың ұсақ шоқыларындағы өте құрғақ қарағайлықтар; жас және дымқыл шоқ көктеректер

125,1

6

Дымқыл шоқ қайыңдар

145,4

7

Қазақ Алтайының жалпақ шөптi және папоротниктi қолдан отырғызылған көктеректіктерi;
Қалба тауының өте құрғақ қарағайлықтары;
Жартылай шөлейт аймақтағы жайылма ормандар

167,6

8

Тiзбектелген қарағайлы тоғайдағы түпкiлiктi жас, жас және ылғалды көктеректер

191,03

9

Түпкiлiктi ылғалды, жас және ылғалды аралдық қарағайлы тоғайдағы қайыңдықтар; таулы, бұталы қолдан отырғызылған көктеректер; Қалба тауының құрғақ қарағайлықтары

215,2

10

Тянь-Шаньның таулы түпкілiктi, аралас шөп тұқымдас қайыңдықтары;
Қазақтың ұсақ шоқыларындағы құрғақ қарағайлықтар

243,8

11

Қазақтың ұсақ шоқыларындағы жас және ылғалды, уақытша және түпкiлiктi ылғалды шоқ қайыңдықтар, тiзбектелген қарағайлы тоғайлардың ылғалды және жас қайыңдықтары; тiзбектелген қарағайлы
тоғайлардың өте құрғақ қайыңдықтары; құрғақ мүктi және аршалы балқарағайлықтар

282,5

12

Қазақтың ұсақ шоқыларындағы және аралдық қарағайлы тоғайдағы ылғалды шоқ көктеректіктер, уақытша ылғалды көктеректіктерi; аралдық қарағайлы тоғайдағы өте құрғақ қарағайлықтар; субальпiлiк дымқыл қылқан жапырақты орман, бұталы майқарағайлықтар

322,3

13

Тянь-Шаньның мүктi-шөптi, тасты және құрғақ шыршалықтары; тiзбектелген қарағайлы тоғайдағы құрғақ қарағайлықтар

358,6

14

Қазақтың ұсақ шоқыларындағы және Баян-Қарқаралы тауларының жас және ылғалды қарағайлықтары; Қалба тауының жас қарағайлықтары

398,9

15

Тiзбектелген қарағайлы тоғайдағы жайылма ормандар; аралдық қарағайлы тоғайдағы құрғақ қарағайлықтар

445,7

16

Жас және ылғалды тобылғылы, түрлі шөп тұқымдас самырсындықтар; жас және ылғалды қайыңдықтар; тiзбектелген қарағайлы тоғайдағы жас және ылғалды қарағайлықтар

491,5

17

Жалпақ шөптi, папоротниктi және таулы-жазықтық дымқыл, жас қылқан жапырақты майқарағайлықтар

542,3

18

Түрлі шөп тұқымдас, шетендi-талды, мүктi-шөптi Солтүстiк Тянь-Шаньның жас және ылғалды шыршалықтары

594,7

19

Аралдық қарағайлы тоғайдағы жас және ылғалды қарағайлықтар

664,2

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады