2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 69-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың заттай нормалары бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті аталған бұйрықты заңнамамен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты іске асыру тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
4. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Имашев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «__» __________
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 191 бұйрығымен бекітілген
Әділет органдарының ерекше үй-жайларына арналған алаңдардың
заттай нормаларын бекiту туралы
№ р/с |
Үй-жайдың атауы |
Өлшем бірлігі |
Үй-жайдың алаңы |
1 |
2 |
3 |
4 |
Әділет органдарына арналған ерекше үй-жайлар |
|||
1 |
Жылжымайтын мүлікті, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінің мұрағаты үшін үй-жай: |
шаршы м. |
|
Аудандық (қалалық) әділет басқармасы |
220 |
||
Облыстың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменті |
600 |