Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10659 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы
№ 163 бұйрығымен бекітілген

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендердің сумен жабдықтау және оларға су бұру жүйелерін техникалық пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін техникалық пайдалануы қарау, техникалық зерттеу, технологиялық, техникалық бақылау жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын, бекітілген техникалық пайдалану жоспары бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын жөндеудің барлық түрлерін, сондай-ақ, авариялар мен ақауларды жою бойынша жоспардан тыс жөндеуді қамтиды.

      3. Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары техникалық пайдалану кезінде мынадай элементтердің:

      1) сумен жабдықтау жүйесі бойынша:

      су тарту құрылыстарының, тазартқыш құрылыстардың, су құбырлары желілерінің, сыйымдылықты (резервуарлар) реттейтін сорғы стансаларының, тегеурінді су мұнараларының, санитарлық қорғау аймағының;

      2) сумен жабдықтау жүйесі бойынша:

      коллекторлардың және су бұру желілерінің, сорғы стансаларының, тазартқыш құрылыстардың, сарқынды су жіберудің, сарқынды сулар жинағыштың (бар болған жағдайда) үздіксіз және авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      4. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1-бабының 5), 6) және 7) тармақшаларына сәйкес осы Қағидаға, Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану қағидасына, Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау қағидасына сай жүзеге асады.

      5. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) су бұру – сарқынды суларды жинауды, тасымалдауды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне және (немесе) жер бедеріне бұруды қамтамасыз ететін іс-шаралардың жиынтығы;

      2) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және бұруға бағытталған инженерлік желілер мен құрылыстардың кешені;

      3) сумен жабдықтау – суды жинауды, сақтауды, дайындауды, беруді және сумен жабдықтау жүйесі арқылы су тұтынушыларға таратуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;

      4) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйым) – елді мекендерде шаруашылық-ауыз су, техникалық сумен жабдықтау және (немесе) су бұру пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;

      5) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені.

2. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін
техникалық пайдалану тәртібі

      6. Барлық өнім, материалдар, жабдықтар, заттар, реагенттер, сүзгі жүктемелер өнімге гигиеналық қорытындылары мен сәйкестік сертификаты бар болғанда ғана шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау жүйесінде қолданылады.

      7. Өндірістік зертханаларда судың сапасын бақылау және алынған өнімді сынақтан өткізу жүргізіледі.

      8. Ұйымның басшылығы:

      1) сапалы өнімнің - ауыз су мен тазартылған сарқынды суларды шығару қажеттілігі туралы барлық орындаушыларға мәлімет етеді;

      2) талап етілетін ауыз су мен тазартылған сарқынды суларды қамтамасыз ету тұрғыдан ұйымның барлық бөлімшелерінің қызметіне талдау жасайды;

      3) атқарушылық жауапкершіліктің төмендеуіне жол берген бөлімшелердің жұмысын уақытылы түзетеді;

      4) инженерлік персоналмен бірге технологиялық, пайдалану процесінің сыни межелерін (тораптарын) анықтайды және оларды бақылау үшін параметрлер мен шарттарды белгілейді.

      9. Ұйымдарда барлық бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін үш деңгейдегі мынадай құжаттаманы қамтитын техникалық, пайдалану және атқарушы құжаттар қажет:

      1) ауыз судың, тазартылған сарқынды судың сапасына қатысты ұйымның мақсаттары мен міндеттерін белгілейтін құжаттар;

      2) дайын өнімнің сапасына тікелей жауапты және әсер ететін бөлімшелердің қызметтік міндеттерін сипаттайтын ережелер;

      3) жұмыс нұсқаулықтары, технологиялық карталар, жадынамалар, жорналдар, тексеру хаттамалары және басқа да жұмыс құжаттары.

      10. Барлық құжаттар қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты қайта қаралады, жаңартылады, олардың құрамына нақты бөлімшенің мақсаты мен қызмет саласын ескере отырып, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына, су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық қағидаларға (бұдан әрі - Санитарлық қағидалар) сай келетін сапалы ауыз суды, сарқынды суларды тазартуды қамтамасыз етуге бағытталған параметрлер енгізіледі.

      11. Ұйымда Санитарлық қағидалардың нормаларымен белгіленген су сапасының сәйкес екенін растауға арналған бақылау, өлшеу және сынақ жабдықтармен, өлшеу құралдарымен тұрақты тексеріледі.

      Қолданылатын өлшеу құралдары мен жабдықтары бақылау функцияларына жауап береді.

      Белгіленген шектерде өлшемдердің қателіктеріне жол беріледі (рұқсат берілген шама).

      Сынақ, өлшеу жабдықтары мен құралдарының сәйкестік сертификаты болғанда, олар өлшеу құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген жағдайда ғана сатып алынады.

      12. Өнімділігі тәулігіне 25 мың текше метрден астам сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде сумен жабдықтау және су бұру ұйымдары қазіргі заманғы геоақпараттық технологияларды және гидравликалық үлгілеуді ендіру негізінде оларды басқаруға кезең-кезеңмен ауысуды жүзеге асырып жатыр.

      13. Ұйым ауыз су мен тазартылған сарқынды сулардың сапасын қамтамасыз ету жөніндегі технологиялық кезеңдіктің барлық кезеңдеріне үнемі бақылау жүргізеді, нормалар мен ережелерде белгіленген сапаға сәйкес келмеген жағдайда ауыз су мен тазартылған сарқынды сулардың талап етілетін санын қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар тізімі қамтылған нұсқаулықты әзірлейді.

      14. Ұйым басшылығы кадрларды арнайы даярлау қажеттілігін анықтайды (белгілейді). Осы мақсатта әртүрлі деңгейдегі орындаушыларды дайындау, қайта даярлау жоспарлары, әртүрлі деңгейдегі және профильдегі орындаушыларды оқыту, сондай-ақ, сертификаттау мәселесі бойынша бағдарламалар әзірленеді.

      15. Ұйым жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін, ауыз су мен тазартылған сарқынды сулар сапасының белгіленген көрсеткіштеріне, тұтынушылық қасиеттер мен қызмет көрсету режиміне қол жеткізу үшін барлық сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарына стандарт ИСО (International Standard for Organization) серия 9000 негізінде сапаны басқару жүйесін енгізу ұсынылады.

      16. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің құрылыстарында пайдалану және жөндеу жұмыстарын орындайтын персоналдың өндірістік қызметі жоғары тұрған басқару органдарының ұсынымдарымен, нұсқауларымен, бұйрықтарымен регламенттеледі. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жабдықтары мен құрылыстарына қызмет көрсету бойынша жұмысты тиісті құрылымдық бөлімшелер тәулік бойы жүзеге асырады. Құрылымдық бөлімшелерін қалыптастырудың негізі жабдыққа, құрылысқа қызмет көрсету түрлері, жұмыс түрлері бойынша олардың мамандығы, сондай-ақ, аумақтық аудандар (участок) бойынша бөлу болып табылады.

      17. Ұйым:

      1) қарамағындағы барлық құрылымдық бөлімшелерге әкімшілік-шаруашылық және техникалық жетекшілік етеді;

      2) ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар жоспарын әзірлейді және олардың сенімділігін, үнемділігі мен көрсетілетін қызмет сапасын арттырудың орындалуына жүйелі бақылау жүргізеді;

      3) құрылыстарды, коммуникацияларды және жабдықтарды жарамды күйінде күтіп ұстайды;

      4) суды өңдеудің барлық негізгі кезеңдерінде бастапқы және тазартылған судың сапасына жүйелі бақылау жүргізеді;

      5) көздерден алынатын, технологиялық циклдерде пайдаланылатын, тұтынушыларға берілетін тазартылған және ағызылатын сулар, олардағы ластаушы заттардың көлемін есепке алуды жүргізеді;

      6) жұмыстағы авариялар мен ақаулықтардың алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады, желілердің гидравликалық жұмысына мониторингі жүргізеді;

      7) техника қауіпсіздігінің, өндірістік санитария мен еңбекті қорғаудың жағдайын жақсарту, жарақаттылық пен авариялар жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

      8) күрделі және жоспарлы алдын алу жөніндегі жөндеулерді ұйымдастырады;

      9) салынып және реконструкцияланып жатқан объектілерде техникалық қадағалауды жүргізеді, жаңа және реконструкцияланып жатқан құрылыстарды, коммуникациялар мен жабдықтарды пайдалануға техникалық қабылдауды жүзеге асырады;

      10) техникалық құжаттаманы (іздеу материалдарын, жобаларды, атқарушылық сызбаларын) сақтайды;

      11) құрылыстарды, коммуникацияларды және жабдықтарды паспорттау және түгендеу жүргізеді;

      12) пайдалану және лауазымдық нұсқаулықтарды, басқару және диспетчерлендіру жедел схемаларын құрастырады;

      13) абоненттердің елді мекендердің су бұру жүйелеріне қабылданатын сарқынды суларының құрамын және мөлшерін анықтайды;

      14) бассейндік инспекциялармен келісілген нысан бойынша және мерзімде су объектілерінен алынатын және оларға ағызылатын су көлемінің бастапқы есебін жүргізу;

      15) есептік құжаттарды толтырады және оларды жоғарғы тұрған ұйымдарға береді;

      16) сумен жабдықтау және су бұру жүйелері желілерінің, жеке құрылыстары мен жабдықтарының сенімділік көрсеткіштерін бағалау мен бақылау жүргізеді;

      17) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді.

      18. Ұйым әкімшілігі тиімді жұмысты қамтамасыз ету үшін:

      1) жұмыс орнында техникалық оқытуды, нұсқама жүргізуді ұйымдастыру, озат тәжірибемен алмасу, өнертабыстық ұсыныстар мен еңбекті ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды қоғамдық талдау арқылы пайдалану персоналдың техникалық білімін арттыруға ықпал етеді;

      2) желілер мен жүйелер жұмысында бұзушылықтар мен авариялардың себептеріне талдау жасайды және талқылайды, пайдалану персонал мен жөндеу бригадаларының қатысуымен олардың алдын алу бойынша іс-шараларды қарастырады;

      3) пайдалану персонал мен жөндеу бригадаларымен бірге ең тән аварияларды анықтау, оқшаулау және жою бойынша сабақтар мен аварияға қарсы жаттығулар өткізеді;

      4) белгіленген су тұтыну лимитін сақтайды;

      5) жұмысшылар мен инженерлік-техникалық персоналдың техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарды және қауіпсіздік техникасы жөніндегі білімін тексереді және оқыту жүргізеді;

      6) экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, гигиеналық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру жүйелері мен құрылыстарын пайдалануды жүзеге асыру үшін жағдай жасайды.

      19. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылыстарында, желілерінде, жабдықтарында авария болған жағдайда сумен жабдықтау және су бұру ұйымы оны тез анықтау, оқшаулау, пайда болған аварияны толық жою және оның салдарын жою үшін шараларды дереу қабылдайды.

      20. Авариялық жағдайлар кезінде сумен жабдықтау және су бұру ұйымы тиісті жергілікті атқарушы органдарын, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесін дереу хабардар етеді.

      21. Сумен жабдықтау және су бұру ұйымы судың көлемі мен шығындарын өлшейді және есепке алады:

      1) сумен жабдықтаудың табиғи көзінен немесе аудандық сумен жабдықтау жүйесінен алынатын;

      2) екінші көтеру сорғы стансалары беретін;

      3) кәсіпорындар мен ұйымдар тұтынатын;

      4) тұрғын және қоғамдық ғимараттар тұтынатын;

      5) әрі пәтер бойынша.

      22. Су объектілеріне ағызылатын су тұтынушыларының сарқынды сулары мен тазартылған сарқынды сулардың шығыстары мен көлемі, сондай-ақ, есепке алынады.

      23. Техникалық пайдалануды жедел басқаруды сумен жабдықтау және су бұру ұйымының диспетчерлік қызмет қамтамасыз етеді, ол сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің пайдалану режимдерін әзірлеуге қатысады, барлық жүйенің, сондай-ақ, оның жеке объектілерінің жұмыс режимін оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді, азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті органның ведомстовсының аумақтық бөлімшесімен, жергілікті атқарушы органдарымен жедел байланысты қамтамасыз етеді.

      Сумен жабдықтау және су бұру ұйымы диспетчерлік пунктте кесте бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырады.

      24. Сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының құрылыстары мен жабдықтарын жоспарлы алдын ала жөндеу жүйелеріне құрылыстарды қадағалау мен күтіп ұстау және алдын ала жасалған жоспар бойынша кезеңімен жүзеге асырылатын жөндеулердің барлық түрлеріне қатысты ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары жатады.

      25. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелері мен жеке құрылыстарының салынуына (кеңейтілуіне, реконструкциялануына, техникалық қайта жарақтандырылуына) техникалық қадағалауды сумен жабдықтау және су бұру ұймының басшысы тағайындаған жауапты өкіл немесе шарт негізінде тартылған инжинирингтік компанияның маманы (сарапшысы) жүзеге асырады. Өкіл өзінің ескертулері мен ұсыныстарын құрылыс ұйымы жүргізетін объектінің құрылыс журналына жазады.

      Өкіл:

      1) сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салу кезінде құрылыс-монтаж жұмыстарының барлық сатысында тұрақты техникалық қадағалауды жүзеге асырады;

      2) оларды жою тәсілдері мен нақты мерзімдері көрсетіліп, анықталған ақаулар, жоба мен техникалық шарттардан ауытқушылықтар және жұмысты тоқтату туралы шешім қабылдайды;

      3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісім бойынша ұйым әкімшілігіне құрылыстың өзіндік құнын төмендетуге, қазіргі заманғы материалдарды қолдануға бағытталған жұмыс өндірісін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

      4) жасырын жұмыстарды қабылдауға қатысады;

      5) қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады.

      26. Мамандандырылған ұйымдар орындайтын іске қосу-реттеу жұмыстардан кейін құрылыстар пайдалануға беріледі. Ұйым әкімшілігі тазартқыш құрылыстарын сынама пайдалануға қосу алдында:

      1) тиісті лауазымда жұмыс тәжірибесі бар мамандармен кадрлар жиынтығын қамтамасыз етеді, пайдалану персоналды осыған ұқсас қолданыстағы құрылыстарда тағылымдамадан өткізеді;

      2) жабдықтардың резервін, материалдардың, реагенттердің, қорғаныш құралдарының талап етілетін қорын қамтамасыз етеді;

      3) барлық технологиялық учаскелерді және құрылымдық бөлімшелерді олар туралы ережелермен, лауазымдық нұсқаулықтармен, техника қауіпсіздігі плакаттарымен, тазартқыш құрылыстарының пайдалану көрсеткіштерін тіркеу журналдарымен қамтамасыз етеді;

      4) зертханалық-өндірістік және технологиялық бақылауға зертханалардың дайындығын тексереді;

      5) пайдалану персоналымен сынама пайдаланудың мақсаты мен міндеті және оны жүргізу барысындағы техника қауіпсіздігі туралы нұсқама жүргізеді.

      27. Тазартқыш құрылыстарды сынама пайдалану жобасында қарастырылған пайдалану режимінде жүргізеді (судың шығыстары және өңдеу технологиясы бойынша). Сынама пайдалану процесінде барлық тазартқыш құрылыстардың, олардың элементтерінің, коммуникациялардың, ысырма-тарату және бақылау-өлшеуіш құралдардың жұмысқа қабілеттігін тексереді.

      Тұтынушыларға сынама пайдалану кезінде су құбырынан су беруге жол берілмейді. Сынама пайдалану аяқталған соң тазартқыш құрылыстар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісіліп уақытша пайдалануға енгізіледі.

      28. Уақытша пайдалану кезінде ол басталғаннан кейін су сапасының барлық нормативтік көрсеткіштері тұрақталған соң 24 (жиырма төрт) сағаттан кейін су тұтынушыға ауыз су беріледі.

      Уақытша пайдалану процесі кезінде:

      1) тазартқыш құрылыстарды технологиялық ретке келтіру жүргізіледі;

      2) жобада белгіленген пайдалану режимдері пысықталады;

      3) қолданылатын реагенттердің мөлшері анықталады;

      4) құрылыстың жобалық өнімділігіне және көтеріңкі режимдеріне (авария болған жағдайда) сынақ жүргізіледі;

      5) тазартқыш құрылыстардың, коммуникациялардың, ысырма-тарату жабдықтары мен бақылау және автоматтандыру құралдарының жұмыстағы кемшіліктері анықталады және жойылады.

      Сумен жабдықтаудың тазартқыш құрылыстарының жобалық өнімділігіне және ретке келтірулерге сынақ көздегі су сапасының барлық тән өзгеруі бойынша жыл ішінде жүргізіледі.

      29. Тұрақты пайдалану кезінде тазартқыш құрылыстардың жұмысы үнемі жүргізілетін журналдардағы жазбаларда ескеріледі:

      1) тазартылған судың және өңделген шөгінділердің мөлшерін; шығындалған реагенттер мен олардың мөлшер көлемін; өз қажеттіліктеріне жұмсалған судың мөлшерін; жұмыстағы, тазартылудағы, жөндеудегі кұрылыстардың, агрегаттардың және жабдықтардың атауларын күнделікті тіркеп отыратын техникалық пайдалану;

      2) ағып келетін және тазартылған сулардың құрамын анықтау, сонымен қатар, суды тазалаудың жекелеген тазалау сатыларындағы шикізат пен өңделген шөгінділерді күнделікті талдау нәтижесінің мәліметтерін енгізу;

      3) материалдарды қолдануды есепке алу, онда тазартқыш құрылыстардың қоймаларына реагенттер және басқа материалдардың келіп түскені және шығындалғаны, сақталынып жатқаны туралы жазбалар жүргізіледі.

      Өнімділігі тәулігіне 25 мың текше метрден астам тазартқыш құрылыстарында жедел құжаттама мен журналдар электрондық түрде жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады