"Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 сәуірде № 10718 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 21 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 29.01.2016 № 21 бұйрығымен.

      Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қадағалауды және азаматтық сот ісін жүргізуде мемлекет мүдделеріне өкілдік етудің тиімділігін арттыру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылдың 24 қаңтарында № 8288 тіркелген) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулығында:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «Қадағалау функцияларын тиімді атқару және заң бұзушылықтарға жедел шара қолдану мақсатында прокурорлар өз қызметінде Құқық қорғау және арнайы органдарының ақпараттық алмасу жүйесін, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Бірыңғай сәйкестендірілген статистикалық жүйесін және басқа да ақпараттық ресурстары мен жүйелерін, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдаланады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Азаматтық істер бойынша соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ете отырып, прокурор Қазақстан Республикасының Конституциясына, АІЖК-не, Заңға және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес өзінің өкілеттігін жүзеге асырады.
      Аумақтық прокурорлар өздерінің орналасқан жері бойынша құзыреті шегінде бірінші, аппеляциялық және кассациялық сатыдағы соттарда азаматтық істерді қарау кезінде, осы соттардың орналасқан жерінде мамандандырылған прокурорлардың құзыретіне осы Нұсқаулықпен жатқызылған даулар санаттарын қоспағанда, қатысуларын және кейінгі қадағалауын қамтамасыз етеді.
      Мамандандырылған әскери прокурорлар өздерінің орналасқан жері бойынша құзыреті шегінде осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген азаматтық істерді әскери соттардың қарауы кезінде қатысуды және кейінгі қадағалауды қамтамасыз етеді.
      Мамандандырылған көлік прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша құзыреті шегінде бірінші, аппеляциялық және кассациялық сатыдағы соттарда даудың мәні көліктік инфрақұрылым объектілері не тараптардың бірі ретінде темір жол, автомобильдік (жолаушыларды, багаждарды және жүктерді халықаралық автомобильдік тасымалдау бөлігінде), теңіз, ішкі су, әуе, қалалық рельстік және магистралдық құбыржол көлігі, ғарыш жүйесінің ұйымдары, сондай-ақ аталған объектілер мен субъектілерге қатысты өкілеттікті іске асыратын мемлекеттік органдар және көлік прокуратура органдары болып табылатын осы Нұсқаулықтың 8-тармағында көзделген азаматтық істерді қарауы кезінде қатысуды және кейінгі қадағалауды қамтамасыз етеді.
      Мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорлары өздерінің орналасқан жері бойынша құзыреті шегінде өздері талапкер, жауапкер не үшінші тұлға ретінде тартылған азаматтық істердің соттарда қарау кезінде қатысуды және кейінгі қадағалауды қамтамасыз етеді.
      Аумақтық прокурорлар осы бұйрықпен мамандандырылған прокурорлардың құзыретіне жатқызылған істерді сот өндірісіне қабылдаған жағдайда, осы соттардың орналасқан жері бойынша мамандандырылған прокурорларды уақтылы және тиісті түрде хабарлауын (телефонограммамен не хабарлаудың тіркелуін қамтамасыз ететін басқа байланыс құралдарымен) қамтамасыз етеді. Мамандандырылған прокурорлар қарауға тағайындалған барлық істердің мониторингін жергілікті соттың ресми сайттарын қолдана отырып немесе басқа тәсілдер арқылы жүзеге асырады.
      Мамандандырылған прокуратураның құзыретіне жатқызылған істі қарайтын соттың орналасқан жерінде аталған прокуратураның болмаған, не бұл туралы мамандандырылған прокурорды хабардар етпеген жағдайда, соттарға қатысу және кейін сот актілерінің заңдылығын тексеру тиісті аумақтық прокурорға жүктеледі.
      Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарға қатысуды прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімдердің прокурорлары қамтамасыз етеді.
      Көлік прокурорларының құзыретіне жататын Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарайтын істер бойынша қатысуды және кейінгі қадағалауды қамтамасыз ету Бас көлік прокуратурасына жүктеледі.
      Мамандандырылған ювеналды соттарда қатысуды қамтамасыз ету осы соттар орналасқан жердегі прокурорларға жүктеледі.
      Алматы және Астана қалаларында мамандандырылған ювеналды соттардың сот актілерінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыру тәртібін осы қалалардың прокурорлары айқындайды.
      Соттармен қаралған істер бойынша аумақтық және мамандандырылған прокурорлар тоқсан сайын өзара салыстыру жүргізеді.»;
      8-тармақтағы он сегізінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Басқа даулар бойынша прокурор процеске жоғары тұрған прокурордың нұсқауы не соттың тиісті ұйғарымы болған жағдайда ғана қатысады.»;
      9-тармақта:
      он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қадағалау қызметі барысында Мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары, жеке және заңды тұлғалар тарапынан заңдылықты бұзуы анықталған жаңдайда, прокурор сот алдында жеке ұйғарым шығару туралы өтініш жасайды, бұл бойынша қосымша тексеру жүргізуге шаралар қабылдауға және кінәлі тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту мәселені шешу үшін және заң бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында жазбаша немесе электронды құжат түрінде жоғары турған прокурдың назарына жеткізеді.»;
      он жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «АІЖК-нің 66-бабы 3-тармағына сәйкес бірінші сатыдағы сотқа тараптарда бар болған дәлеледемелердің ұсынылмауы аппеляциялық, кассациялық және қадағалау сатысындағы соттарға осы дәлелдемелерді ұсыну мүмкіндігін жояды. Сондықтан прокурорлар мемлекеттің мүддесіне қатысты даулар бойынша істі дұрыс шешуге қажет дәлелдемелерді мемлекеттік заңды тұлғалармен уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауға міндетті.»;
      11-тармақта төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Прокурордың бастамасымен қозғалған іс бойынша, сондай-ақ жауапкер ретінде прокуратура органы немесе мекемесі қатысқан дау бойынша апелляциялық, кассациялық наразылық келтірілмейді. Қабылданған сот актілерімен келіспеген жағдайда прокурор апелляциялық, кассациялық шағым беруге құқылы.»;
      12-тармақта:
      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде (АІЖК-нің 13-1-тарауы) қаралған істер бойынша заңды күшіне енген сот актілеріне қадағалау ретімен шағым, наразылық келтіруге жатпайды. Сондықтан қала, аудан және оларға теңестірілген прокуратуралар апелляциялық мерзімде бірінші сатыдағы соттардың мемлекеттік органның (мекеменің, кәсіпорынның) пайдасына шығарылмаған және істің әрі қарай қозғалысына кедергі жасайтын шешімдері мен ұйғарымдарының заңдылығын тексеруге міндетті.»;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақта көрсетілген істер бойынша заңды күшіне енген сот актілері туралы, олардың заңдылығын тексеру нәтижелері және қабылданған шаралар жөніндегі мәліметтер осы Нұсқаулықтың тармағына сәйкес Департаментке тоқсан сайын жіберілетін ақпаратқа қосылады.»;
      14-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аппеляциялық тәртіпте қаралмаған азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген сот шешіміне кассациялық наразылықты бірінші сатыдағы сотқа қатысқан прокурор бере алады.»;
      15-тармақта:
      бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыс, Алматы, Астана қалаларының және оларға теңестірілген прокурорлары АІЖК-нің 55-бабының 2-бөлігінде (АІЖК-нің 350-бабының 2-бөлігі) және Нұсқаулықтың 8-тарауында көзделген істер бойынша, оның ішінде жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде шешілген істерді қоса алғанда, аппеляциялық тәртіпте қарау кезінде тиісті прокурорлардың қатысуын қамтамасыз етеді.
      Облыстық және оларға теңестірілген соттардың кассациялық сот алқасымен қаралатын істер бойынша қатысуды АІЖК-нің 383-15-бабының 2-бөлігіне сәйкес, облыс, Алматы, Астана қалалары және оларға теңестірілген прокурорлары, олардың орынбасарлары, ал олардың қатысуы мүмкін болмаса – бағынысты прокурорлар (басқарма бастығы, оның орынбасары, облыс прокурорының аға көмекшісі, көмекшісі) қамтамасыз етеді.»;
      үшінші абзац алынып тасталсын;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласына жеткшілік ететін облыстардың, Алматы, Астана қалалары және оларға теңестірілген прокурорлардың орынбасарлары, қалалар мен аудандардың прокурорлары және азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласына жеткшілік ететін олардың орынбасарлары кемінде жылына 4 рет бірінші сатыдағы соттардың міндетті санаттағы аса күрделі істерді, сондай-ақ қоғамдық пікір тудырған азаматтардың едәуір санының мүддесін қозғайтын істерді қарауына қатысады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қадағалаудың негізгі көрсеткіштері:
      қадағалу сапасы;
      наразылықтар сапасы;
      заңдылықтың бұзылуына әрекет ету тиімділігі болып табылады.
      Жоғары тұрған прокуратурамен қадағалу сапасы апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібінде міндетті санаттағы, сондай-ақ прокурордың қасысуымен қаралған өзге де істер бойнша тараптардың шағымдары немесе жоғары тұрған прокурордың наразылығымен (төменгі тұрған прокурордың ұсынысысыз) күші жойылған сот актілеріне мониторинг жасау негізінде бағаланады.
      Айқын (анық) заң бұзушылықтарға байланысты күші жойылған сот актілері бойынша қадағалаушы прокурор қадағалау жұмысының талаптарын және стандарттарын бұза отырып, қасақана әрекетінің (әрекетсіздігінің) немесе салғырттығының не құқық нормаларын білмеу салдарынан прокурорлық ықпал ету шараларын көрмегені ескеріледі. Осы мән-жайлардың болуы не болмауы бірінші, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларының сот актілерін зерделеу арқылы анықталады.
      Осы мақсатта міндетті санаттағы және прокурордың қатысуымен қаралған өзге де істер бойынша бірінші саты соттарының прокурордың апелляциялық наразылығы негізінде күші жойылған шешімдердің, прокурорлардың апелляциялық шағымы бойынша күші жойылған шешімдерді қоспағанда, апелляциялық тәртіпте міндетті санаттағы және прокурордың қатысуымен қаралған өзге де істер бойынша бірінші саты соттарының күші жойылған шешімдерінің жалпы санына шаққандағы арақатысы бойынша апелляциялық наразылық келтіру тиімділігінің есебі жүргізіледі.
      Бұдан бұрын апелляциялық наразылықсыз, бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойған апелляциялық қаулының (шешімнің) күші кассациялық наразалық негізінде жойылған жағдайда, тараптардың апелляциялық шағымдарымен күші жойылған бірінші сатыдағы соттардың шешімдерінің саны туралы статистикалық есептегі мәліметтер азаю жағына түзетіледі.
      Апелляциялық наразылық келтіру тиімділігін есептеу кезінде АІЖК-нің 345-бабының 2-бөлігінің тәртібінде апелляциялық сатыдағы сотқа ұсынылған жаңа дәлелдемелер негізінде, егер ол туралы апелляциялық қаулыда, шешімде тікелей көрсетілген жағдайда, күші жойылған, сонымен қатар талап қоюдан бас тартуына, тараптардың бітімгерлік немесе медиациялық келісімдер жасауына байланысты күші жойылған шешімдер есепке алынбайды.
      АІЖК-нің 366-бабының 1-бөлігінде көрсетілген іс жүргізу нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы салдарынан сот шешімінің күші жойылған жағдайда, жаңа дәлелдемелер болғанның өзінде де, көрсетілген тәртіп қолданылмайды.
      Статистикалық есепте жаңа дәлелдемелер негізінде күші жойылған сот актілері туралы мәліметтердің көрсетілуі тек Департаменттің жазбаша (электрондық құжат нысанында) келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Тиісті өтінішхат іс бойынша қабылданған сот актілерінің көшірмелерін қоса тіркей отырып, соттың процесуалдық шешімі қабылданғаннан кейін 10 күн ішінде Департаментке жолданады.
      Міндетті санаттағы және прокурордың қатысуымен қаралған өзге де істер бойынша сот актілерінің кассациялық және қадағалау тәртібінде күші жоюлуы, наразылық келтіру тиімділігінің көрсеткішін есептеместен ескеріледі.
      Жоғары тұрған прокуратурамен наразылықтардың сапасы сұратып алынған, сотпен қайтарылған және қанағаттандырылмаған апелляциялық және кассациялық наразылықтардың мониторингі негізінде бағаланады.
      Негізсіз наразылықтар есепке алынады. Оларға, прокурормен қадағалу жұмысының талаптарын және стандарттарын айқын (анық) бұза отырып, қасақана немесе салғырттығының не құқық нормаларын, оның ішінде ведомстволық актілерді білмеу салдарынан әзірленген наразалықтар жатады. Осы мән-жайлардың болуы не болмауы наразалықты және іс бойынша қабылданған сот актілерін зерделеу арқылы анықталады.
      Осы мақсатта апелляциялық (кассациялық) наразылықтардың қанағаттандырылу есебі жүргізіледі, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
      100 % - (қанағаттандырылмағандар/қаралғандар) х 100 % = қанағаттандырылу.
      Бұл ретте, бұдан бұрын апелляциялық (кассациялық) наразылық қанағаттандырусыз қалдырылған істер бойынша кассациялық наразылық (облыс немесе оған теңестірілген прокурордың ұсынысы бойынша келтірілген қадағалау наразылығы) қанағаттандырылған жағдайда, қанағаттандырылмаған апелляциялық (кассациялық) наразылықтар саны туралы статистикалық есеп мәліметтері азаю жағына түзетіледі.
      Облыс, Астана және Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокурорлары негізсіз келтірілген наразылықты кері сұратып алған жағдайда, төменгі тұрған прокурорға бұндай шешімнің себебі туралы жазбаша (электрондық құжат нысанында) хабарлауы және бұндай қателіктердің алдын алу шараларын қолдану қажет.
      Наразылық келтірген адамның не жоғары тұрған прокурордың өтінішін қанағаттандыру туралы апелляциялық (кассациялық) саты соттымен тиісті қаулы шығарылған, сонымен қатар тараптардың апелляциялық (кассациялық) шағымдарымен істерді қарау кезінде апелляциялық (кассациялық) қаулыда (шешімде) соттың наразылықты кері қайтарғандығы туралы қорытындысы болған жағдайда, наразылық кері сұратылған деп саналады.
      Қалған жағдайлардың барлығында, оның ішінде прокурордың бастамасы бойынша наразылықтар қайтарылған жағдайда, наразылықтар қайтарылған болып есептеуге жатады.
      Жоғары тұрған прокуратурамен, азаматтық істер бойынша заңдылықты бұзуға тиімді әрекет етуі прокурорлардың қатысуымен қаралған істер бойынша олардың өтінімдері негізінде заңдылықтың бұзылуы бойынша соттармен шығарылған жеке ұйғарымдарына, сонымен қатар сот отырысында анықталған мән-жайлар бойынша прокурордың бастамасымен жүргізілген тексеру мен прокурорлық қадағалау актілеріне мониторинг жасау арқылы бағаланады.
      Осы мақсатта прокурорлардың қатысуымен қаралған істер бойынша олардың өтінімдерімен заңдылықтың бұзылуына қатысты соттармен шығарылған жеке ұйғарымдарының, прокурорлардың қатысуымен қаралған істер бойынша заңдылықтың бұзылуына қатысты соттармен шығарылған жеке ұйғарымдарының жалпы санына шаққандағы арақатысының есебі жүргізіледі.
      Жеке ұйғарымның прокурордың өтінімі бойынша шығарылғандығы ол туралы тікелей сот актісінде немесе сот отырысының хаттамасында көрсетілуімен, сондай-ақ істің материалдарына қоса тіркелген прокурордың жазбаша қорытындысымен куәландырылады.
      Бағалау кезінде прокурорлардың өтінімдері бойынша шығарылған жеке ұйғарымдар, сонымен қатар прокурорлық тексерістер және прокурорлық қадағалау актілері (заңдылықтың бұзылуын жою, адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту және басқалары) бойынша қабылданған шаралардың нәтижелілігі ескеріледі.
      Төмен тұрған прокуратуралардың қызметін бағалау басқа да көрсеткіштер бойынша жұмыс нәтижелерін ескеру арқылы жүргізілуі мүмкін.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Салық кодексінің 534-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, соттардың шешімдері мен қаулыларына берілген кассациялық шағымдардан мемлекеттік баж өндіріледі. Сондықтан, облыс, Астана, Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокуратураларында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен кассациялық наразылық келтіру туралы өтініштер бойынша азаматтық істерді сұратып алумен заңды күшіне енген сот актілерінің мынадай:
      осы нұқсаулықтың 8-тармағында көзделген істер бойынша мемлекет пайдасына емес шешім шығарған жағдайда;
      жұмысқа байланысты, дансаулығына зақым келтірумен, асыраушының өлімімен немесе қылмыспен келтірілген залалдың орнын толтыру туралы (талапкердің шағымы бойынша);
      тарап ретінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары, оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер, зейнеткерлер болып табылатын даулары бойынша заңдылығы тексеріледі.
      Өзге жағдайларда арызданушыға оның кассациялық сатыдағы сотқа кассациялық шағыммен дербес жүгіну құқығы түсіндіріледі.
      Азаматтық істі кассациялық тәртіпте тексеру үшін тиісті соттан АІЖК-нің 383-1-бабының 3-бөлігіне сәйкес, кассациялық наразылықты келтіруге құқығы бар прокурорлармен сұратып алынуы мүмкін.
      Азаматтық іс өтініштің жауапты орындаушыға түскеннен бастап 5 жұмыс күні ішінде сұратылуы тиіс. Бұл ретте, заңды күшіне енген сот актісіне кассациялық наразылықты келтіру туралы өтінішті қарау мерзімі АІЖК-нің 387-бабының 2-1-бөлігінде, 124-бабының 2-бөлігінде және 125-бабында көзделген тәртіпте есептеледі.
      Өтініш қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда, облыс прокурорымен (оған теңестірілген прокурормен) не оны алмастыратын тұлғамен бекітілетін дәлелді қорытынды жасалады. Арызданушыға берілетін жауаптарға облыс прокуроры (оған теңестірілген прокурор) не оны алмастыратын тұлға өзі қол қояды.»;
      24-тармақта:
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Оған сенім хатты немесе оның өкілдігін куәландыратын құжаттарды, сонымен қатар Жоғары Сотқа жүгінген кезде салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж төленгені туралы растайтын құжаттарды қоса тіркемеген жағдайда, өтініш берген адамға қайтарылуға жатады.»;
      он төртінші абзац алып тасталсын.
      2. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілеттік ету департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпаратты ресурстарды қорғау департаментіне бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етуді.
      5. Бұйрықтың орындалуына бақылауды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктеуді.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                      А. Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады