Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 143 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 сәуірде № 10729 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 08.02.2018 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 24-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатының тізбесі бекітілсін.

      2. Әлеуметтік, көші-қон саясаты және мемлекеттік органдарды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ________________Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 3 наурыз

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ________________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 13 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 143 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатының тізбесі

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес, жеке табыс салығын салуға жататын табыстарынан салық агентінің мүлікті өтеусіз беру түріндегі табыстарын алып тастау жүргізілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдау алуға құқығы бар адамдар санатына осындай беру күніне:

      1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы;

      2) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы;

      3) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді алушы;

      4) зейнетақы төлемдерiн алатын мүгедек;

      5) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған он сегіз жасқа толмаған жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;

      6) Қазақстан Республикасының табысы аз азамат;

      7) өткен және ағымдағы жылы болған, дүлей апаттан және басқа төтенше ахуалдан зардап шеккен адам;

      8) Қазақстан Республикасының "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 89)-тармақшасына сәйкес бекітілген, әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесіне кіретін ауруы бар адам;

      9) екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адам;

      10) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68-бабы 4)-тармақшасына, 69-бабы 6)-тармақшасына және 75-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген, кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізіміне кіретін ауруы бар адам болып табылатын жеке тұлғалар жатады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады