Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 7-1/179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10749 тіркелді.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндеттерін атқарушы

С. Омаров

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ______________Б. Сұлтанов

      "____" _________ 2015 жыл

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
Министрдің міндеттерін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпанда
№ 7-1/179 бұйрығымен
бекітілген

Процессингтік орталықтың жұмыс істеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және процессингтік орталықтың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор – жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдары және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын, жануардың жеке нөмірі туралы, диагностикалық зерттеулердің нәтижелерін қоса алғанда, оны ветеринариялық өңдеу туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы мәліметтерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін ветеринариялық есептің бір бөлігі;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстарын жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін қолданылатын сырғалар (радиожиілік таңбасы бар аспалы), болюстер, чиптер және өзге бұйымдар (құралдар);

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған атрибуттар – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған аспап, құрал–саймандар;

      4) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бұйымдарына (құралдарына) ен салатын лазерлік станция (бұдан әрі – лазерлік станция) – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмірлерді салуды жүзеге асыратын ұйым;

      6) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республикалық әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бөлу;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясы бойынша дерекқор – тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы мәліметтерді қамтитын ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлері эмиссиясының автоматтандырылған жүйесі;

      8) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10) процессингтік орталық – Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңына сәйкес жұмыс ісейтін Қазақстан Республикасының Үкіметімен құрылған мемлекеттік ветеринариялық мекеменің құрылымдық бөлімшесі;

      11) тіркеу – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станциялар, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпаратты жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорға енгізу рәсімі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Процессингтік орталық:

      1) жеке нөмірлердің эмиссиясын;

      2) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорда ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды және олардың өндірушілерін тіркеуді;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдардың (құралдардың) және атрибуттардың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында (бұдан әрі – Бірдейлендіру қағидалары) белгіленген талаптарға сәйкестігін айқындау;

      4) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізуді жүзеге асырады;

      6) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7) алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8) ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендірілуін мониторгингілейді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі

      4. Процессингтік орталық облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарынан ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың қажеттілігі туралы ақпаратты алған күнінен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларының бұрын берілген жеке нөмірлерін есепке ала отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің дәйекті нөмірленуін анықтауды;

      2) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін үлестіріп беруді;

      3) жеке нөмірлердің эмиссиясының дерекқорын қалыптастыруды;

      4) құлаққа асылмалы, безендірілетін ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінен басқа, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелеріне ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін тапсыруды жүргізеді.

      5. Ауыл шаруашылығы жануарларынның жеке нөмірлері заңның

      8 бабының 38) тармақшасындағы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес белгіленгенеді.

      6. Ауыл шаруашылығы жануарлары есептен шығарылғаннан кейін жеке нөмірлерді тізімнен шығару жеке нөмірлер эмиссиясының және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорларында көрсетіледі.

      7. Процессингтік орталық ауыл шаруашылығы жануарлары есептен шығарылғаннан кейін 5 жыл өткен соң есептен шығарылған жеке нөмірлердің эмиссиясын жүзеге асырады.

3. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу реті

      8. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді жеке нөмірлер эмиссиясы жөніндегі дерекқорда тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 7-1/678 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11926 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін лазерлік станцияларды, бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды және оларды өндірушілерді тіркеу қағидаларына (бұдан әрі – Тіркеу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың талаптарға сәйкестігін анықтау тәртібі

      9. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Процессингтік орталықтың ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың Бірдейлендіру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін анықтауы оларды тіркеу кезінде Тіркеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5. Іріктеп алуды жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 5-тарау алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

6. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізу
тәртібі

      16. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқор ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша дерекқормен өзара байланысты.

      17. Жеке нөмірлердің эмиссиясы бойынша дерекқорды жүргізу:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша үлестіріп берілген ауыл шаруашылығы жануарларына берілген жеке нөмірлердің есебін жүргізуді;

      2) тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы мәліметтерді енгізуді қамтиды.

      18. Тіркелген лазерлік станциялар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттар және олардың өндірушілері туралы ақпарат процессингтік орталықтың интернет-ресурсына орналастырылады және олардың тіркелу шамаларына байланысты үнемі жаңартылып отырады.

7. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды мемлекетік сатып алу, сатып алу рәсімі қортындысы нәтижесінде өнім берушімен жеткізу туралы келісім шарт рәсімдеу, тасымалдау және сақтау тәртібі

      Ескерту. 7-тарау алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

8. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттардың республикалық қорын қалыптастыру тәртібі

      Ескерту. 8-тарау алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9. Ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіруінің мониторингін жүргізу тәртібі

      25. Процессингтік орталықтың ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіруінің мониторингі:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорындағы жеке нөмірлердің эмиссиясы және ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендірілуі бойынша әкімшілік – аумақтық бірліктерге бөліп таратылған жеке нөмерлерді бақылау арқылы;

      2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорындағы жеке нөмірлердің эмиссиясын және тапсырыс берушілерге (республикалық маңызы бар қалалар, астана және облыстардың жергілікті атқарушы органдарына) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге берілген нөмерлерді салыстыру арқылы;

      3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің дерекқорына мәліметтердің уақытылы еңгізілуі және жаңартылыуыны арқылы жүргізіледі.

      26. Процессингтік орталық осы Қағидалардың 25 тармағында көрсетілген мәліметтер бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің мониторингіне талдау жүргізіп, олар бойынша жасалған рәсімделген есептерді, кестелерді ақпаратты қағаз түріндегі тасмалдаушылар, ақпаратты электронды жинақтаушы, өңдеуші сақтаушы жүйелер арқылы да ветеринария саласындағы өкілетті органның мекемесіне есептік периодтан кейнгі әр айдың 10 жұлдызына дейн табыстайды.

  Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
1–қосымша

      Формасы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды беру және қабылдау журналы /
Журнал выдачи и приемки изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
2–қосымша

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
3–қосымша

      Формасы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды іріктеп алу нәтижесі туралы акті

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Процессингтік орталықтың
жұмыс істеу қағидаларына
4–қосымша

      Формасы

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды қайтару акті

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.06.2023 № 234 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады