Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 287 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10759 тіркелді

      2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына дизель отынын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0) темір жол көлігімен әкелуге 2015 жылдың 20 сәуірінен 20 мамырына дейінгі мерзімге тыйым салу енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамамен белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен төмендегілерді қамтамасыз етсін:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мөрлік мерзімдік басылымда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет порталында жариялауды.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика Бірінші вице-министрі Ұ.С. Қарабалинге жүктелсін.
      5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      Министрінің міндетін атқарушы
      _____________________ Ж. Қасымбек
      «____»________________ 2015 жыл

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы
      ________________________ М. Құсаинов
      «_____»______________ 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады