БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10176 тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларына және олардың мазмұнына қойылатын талаптарға:
9-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жолда тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарлама басшысының фамилиясы, аты-жөні, лауазымы көрсетіледі.»;
15-тармақтың 4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) «Бюджеттік бағдарламаның басшысы» деген жолда тиісті бұйрықпен айқындалған бюджеттік бағдарлама басшысының фамилиясы, аты-жөні және лауазымы көрсетіледі.».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджет саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
____________ Р. Бекетаев
2015 жылғы 17 сәуір