"Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 17-қ қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 3-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 сәуірде № 10825 тіркелді. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 16-НҚ нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 30.11.2015 № 16-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 1005 Жарлығына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 28-тармағына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. «Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 17-қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6371 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 24 тамызда № 342-343 (26186) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
      кіріспесі мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 28-тармағына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына бағалау жүргізу ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу қағидалары»;
      бүкіл мәтін бойынша «Ережеге», «ережесі», «ережесінің», «ережесіне» деген сөздер, тиісінше «Қағидаларға», «қағидасы», «қағидасының», «қағидасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1234 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына және аумақтарды дамыту бағдарламаларына бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына сәйкес әзірленді.
      2. Қағидалар мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын және аумақтарды дамыту бағдарламаларын (бұдан әрі – бағдарламалар (стратегиялық жоспарлар)) бағалауға бірыңғай тәсілді жасау мақсатында әзірленді.
      3. Бағдарламалардың (стратегиялық жоспарлардың) іске асырылуын бағалау (бұдан әрі – бағалау) оларды жүйелі, объективті зерделеу және талдау, нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін айқындау, сондай-ақ түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      4. Мемлекеттік және салалық бағдарламалардың және орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.
      5. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары (бұдан әрі – тексеру комиссиясы) өздерінің жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Бағалауды жүзеге асыру кезінде орталық мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) қызметіндегі айрықша назар аударылуға тиісті ықтималды кемшіліктерді анықтау үшін ішкі бақылау жүйесін, оның ішінде бағалауға тікелей қатысы бар бөлігін зерделеу қажет.»;
      22-тармақта:
      1) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «нақты қол жеткізілген нысаналы индиктаторлардың орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында белгіленген мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі дәрежесі айқындалады;»;
      2) тармақшаның алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «орталық мемлекеттік органның алдынғы кезеңдердегі қызметімен салыстырғанда қол жеткізілген нәтижелердің серпіні айқындалады;»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды бағалау кезiнде Есеп комитетi және тексеру комиссиялары келiсiм бойынша бірлескен бақылау қызметiн жүзеге асырады.»;
      30-тармақта:
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қорытынды оң нәтижелерді де, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімсіздігін растайтын анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар кезіндегі нақты фактілерді де қамтуы тиіс.»;
      31-тармақта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) саланың, аяның көрсеткіштерінің немесе орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның қызметінің нәтижелеріне бағдарламаны (стратегиялық жоспарды) іске асырудың әсерін айқындайды;»;
      31-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31-1. Бағдарламаны (стратегиялық жоспарды) бағалаудың нәтижелеріне қарай қорытындыда бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) құжаттарын түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері, оның ішінде бағдарламаның (стратегиялық жоспардың) ресурстарын оңтайландыру және қайта бөлу, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның қызметін жетілдіру, қолданыстағы заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар қалыптастырылады.»;
      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «35. Тексеру комиссиясының аумақтарды дамыту бағдарламасына жүргiзген бағалауының қорытындысы тексеру комиссиясының тиісті қаулысына қол қойылған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органға және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға жiберiледi.»;
      37-тармақ алынып тасталсын;
      37-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «37-1. Есеп комитетінің және тексеру комиссиясының бағдарламаларға (стратегиялық жоспарларға) жүргізген бағалауының қорытындысы осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сай нысандар бойынша ресімделеді.»;
      Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сай жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы қаулыны Есеп комитетінің Интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Е.Б. Зағитов) жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға                                     Қ. Жаңбыршин

Республикалық бюджеттің 
атқарылуын бақылау   
жөніндегі есеп    
комитетінің 2015 жылғы
18 наурыздағы № 3-НҚ 
қаулысына 1 қосымша 

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға,
орталық мемлекеттік органдардың      
стратегиялық жоспарларына және аумақтарды
дамыту бағдарламаларына бағалау    
жүргізу қағидаларына         
1-қосымша              

Нысан

Мемлекеттік (салалық) бағдарламаны/аумақтарды дамыту
бағдарламасыи бағалаудың қорытындысы туралы жіберілетін
ақпараттың нысаны

_________________________________________
(бағдарламаның атауы)

Деректемелер ________________________________________________________
Әзірлеуші мемлекеттік орган _________________________________________
Есепті кезең ________________________________________________________
Іске асырылу кезеңі _________________________________________________

      1. Мақсаттарға, мақсаттық индикаторларға және қорытынды көрсеткіштерге қол жеткізу

Атауы

Өлшем бірлігі

20__ жылғы жоспар

Іс жүзінде

Орындалуы туралы ақпарат, орындалмаған жағдайда себептерін көрсету

1

2

3

4

5

Негізгі бағыт

Мақсаты

Нысаналы индикатор





Нәтиже көрсеткіші





……





2. Қаражаттың игерілуі

Қаржыландыру көзі

Жоспар, мың теңге

Іс жүзінде, мың теңге

Пайдаланылмау себептері

1

2

3

4

1-көзі




2-көзі







Барлығы




      3. Мемлекеттік бағдарламаның/аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылу тиімділігін талдау:
      қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талдау;
      іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін, соның ішінде көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізу бойынша бағалау.
      4. Бағдарламалық құжаттың іске асырылуын бағалаудың нәтижелері (тұжырымдар және ұсыныстар).
      5. Бағдарламалық құжатты іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнаманы бұза отырып бюджет қаражатын пайдаланудың фактілері бойынша қабылданған шаралар.
      6. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің (тексеру комиссияларының) актілерін әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) қарау нәтижелері.

Республикалық бюджеттің 
атқарылуын бақылау   
жөніндегі есеп    
комитетінің 2015 жылғы
18 наурыздағы № 3-НҚ 
қаулысына 2 қосымша 

Мемлекеттік және салалық бағдарламаларға,
орталық мемлекеттік органдардың      
стратегиялық жоспарларына және аумақтарды
дамыту бағдарламаларына бағалау    
жүргізу қағидаларына         
2-қосымша              

Нысан

Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын бағалаудың
қорытындысы туралы жіберілетін ақпараттың нысаны

_______________________________________________
(әзірлеуші мемлекеттік органның атауы)

Мемлекеттік органның
20____ жылғы «___» _____________ № ______

_______________________________________________
(мемлекеттік органның стратегиялық жоспары
бекітілген құқықтық не нормативтік құқықтық
актінің атауы) бекітілген
________________ жылдарға арналған
(жоспарлы кезең)                

______________________ есеп кезеңі

1. Мақсаттарға, міндеттерге, нысаналы индикаторларға,
іс-шараларға және нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу

1-стратегиялық бағыт.
_____________________________________________________________________
1.1-мақсат.__________________________________________________________
Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары _____________________________________________________________

Қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) көрсетілген нысаналы индикатордың, міндеттердің және тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің атауы

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептік езең

Қол жеткізбеу себептері

Жоспар

Іс жүзінде

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикаторлар






....






Тікелей нәтижелер көрсеткіштері






...






2. Қаржы құралдарының игерілуін талдау

Бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Нәтижелерге қол жеткізбеу/бюджет қаражатын игермеу себептері

Жоспар

Іс жүзінде

1

2

3

4

5

6

Бюджеттік бағдарламаның атауы


Түпкілікті нәтиже көрсеткіштері






сапа көрсеткіштері






Тиімділік көрсеткіштері






Бюджет шығыстарының көлемі

барлығы, бағдарлама бойынша


мың тг.




оның ішінде:
кіші бағдарлама бойынша


мың тг.




Кіші бағдарлама бойынша


мың тг.




      3. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу тиімділігін талдау:
      қаражаттың нысаналы пайдаланылуын талдау;
      қол жеткізілген көрсеткіштер мен индикаторлардың тиімділігін
бағалау.
      4. Стратегиялық құжаттың іске асырылуын бағалаудың нәтижелері (тұжырымдар және ұсыныстар).
      5. Бағдарламалық құжатты іске асыру кезінде бюджет және өзге де заңнаманы бұза отырып бюджет қаражатын пайдаланудың фактілері бойынша қабылданған шаралар.
      6. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің (тексеру комиссияларының) актілерін әзірлеуші мемлекеттік органның (орындаушының) қарау нәтижелері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады