Мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10854 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 697 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 697 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 14-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 232 бекітілген   

Мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

      Осы Мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – Заң) 14-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін анықтайды.
      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      білім беру ұйымдары – қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
      тапсырыс беруші – ұлттық басқарушы холдингтердіұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олар аффилиирлеген заңды тұлғаларды қоспағанда, Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олар аффилиирлеген заңды тұлғалар.
      2. Мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды (бұдан әрі – мамандар) қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды білім беру ұйымдары жүргізеді.
      3. Білім беру ұйымдары мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламаларын (бұдан әрі – оқу бағдарламалары) әзірлейді, олар Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      4. Мамандарды оқыту бекітілген оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі.
      5. Оқу бағдарламасының жалпы сағаты санының кемінде 20 %-ын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерінің орындалуына жауапты тапсырыс берушілердің, қызметкерлері қатарынан іс жүзіндегі қызметкерлерді, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген рәсімдерді бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу практикасын зерделеуді құрауы тиіс.
      6. Білім беру ұйымдары оқытушылық қызметке мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органмен кандидатураларын келіскеннен кейін іс жүзіндегі қызметкерлер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тартады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады