Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 697 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12667 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 16.08.2024 № 552 (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 16-бабы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы № 232 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10854 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М. Ахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 697 бекітілген

Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары

      Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін анықтайды.

      1. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      білім беру ұйымдары – қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

      тапсырыс беруші – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды, ұлттық компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, оның ведомстволарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдарды және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар.

      2. Мемлекеттік сатып алу саласында өз қызметін жүзеге асыратын жұмыскерлерді (бұдан әрі – мамандар) қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды білім беру ұйымдары жүргізеді.

      3. Білім беру ұйымдары мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу бағдарламаларын "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 43-бабына сәйкес әзірлейді және бекітеді.

      4. Мамандарды оқыту бекітілген оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі.

      Оқу бағдарламалар міндетті түрде семинарлардың мынадай тақырыптарын:

      1) мемлекеттік сатып алуды өткізу процесінде қалыптастырылатын конкурстық құжаттаманы, техникалық ерекшелікті және өзге де құжаттарды әзірлеу және бекіту;

      2) мемлекеттік сатып алу аясында заңнама нормаларын түсіндіру бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі практикалық курс;

      3) мемлекеттік сатып алу аясында заңнаманы сақтаудың сәйкестік аудитінің негізгі аспектілерін зерделеу бойынша практикалық курсты қамтиды.

      Қайта даярлау және біліктілік арттырудан өткен мамандарға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес құжат беріледі.

      5. Оқу бағдарламасының жалпы сағат санының кемінде 50%-ын, тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерінің орындалуына жауапты қызметкерлері арасынан практикалық жұмыскерлерді, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген рәсімдерді бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу практикасын зерделеу құрайды.

      6. Білім беру ұйымдары:

      оқытушылық қызметке мемлекеттік органдардың, білім беру ұйымдарының мемлекеттік сатып алу аясында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлерін және жеке тұлғаларды тартады;

      мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжатты алған тұлғалардың тізімін береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады