Табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 26 ақпандағы № 18-05/138 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10867 тіркелді.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 47) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрінің


міндетін атқарушы

С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 4 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 18-05/138 бұйрығымен
бекітілген

Табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас
балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия
субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның
өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидалары "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 47) тармақшасына сәйкес әзірленген және табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтар мен олардың уылдырығын (бұдан әрі - өнім) мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның (бұдан әрі – Субъект) Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі нарығына өткізу тәртібін анықтайды.

2. Өнімді өткізу тәртібі

      2. Өткізуге ұсынылатын өнімнің түр-түрін Субъект жүзеге асыратын қызметінің бағытына сәйкес дербес айқындайды.

      3. Субъектіге өнімді дайындау, сақтау және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 8-бабының 32) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Ветеринария туралы заң) есепке алу нөмірі беріледі.

      4. Өнімді өткізу кезінде Субъект өнімнің талаптарға сәйкестігін растау туралы ақпаратты сатып алушының назарына жеткізеді және тұтынушыға оның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес, ветеринариялық сертификатты талап ету бойынша тұтынушыға ұсынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 20.09.2022 № 619 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Зат белгілерде, қосымша парақтарда және орама материалдарының стикерлерінде өнімнің түрлері ескеріле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде:

      1) атауы, салмағы, бір килограмының немесе бір бірлігінің бағасы туралы;

      2) өнімнің тағамдық құндылығы (құнарлылығы, құрамындағы ақ уыз, май, көміртектер) туралы;

      3) дайын өнімді әзірлеу тәсілдері мен шарттары (тамақ өнімдерінің консерванттары мен жартылай фабрикаттары үшін) туралы;

      4) сақтау шарттары мен мерзімдері, сондай-ақ жарамдылық мерзімдері туралы;

      5) өнімнің дайындалған күні мен оралған күні туралы;

      6) өнімнің құрамы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      6. Уәкілетті орган Заңның 11-1-бабының 5-тармағына сәйкес Субъект монополияға қарсы органмен келісімдеу бойынша өткізетін өнімнің бағасын белгілейді.

      7. Өнімді өткізу тауарлық-көліктік жүк құжаттары бойынша Субъектінің қоймасынан ғана жүргізіледі.

      8. Өнімді Субъектіден сатып алған жеке және заңды тұлғалардың оны одан әрі қайта өңдеу мен өткізуді дербес жүзеге асыруға құқығы бар.

      9. Ішкі және сыртқы нарықтарда бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын сату үшін таңбалау Заңының 9-бабы 1-тармағының 22) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Өнімді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығаруға рұқсат Заңының 9-бабы 1-тармағының 52) тармақшасына сәйкес беріледі.

      11. Тірі күйінде бекіре тұқымдас балық түрлерін, олардың ұрықтандырылған уылдырығын (будандастырылған түрлерін қоспағанда) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады