Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 619 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 27 қыркүйекте № 29838 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің м.а.
Т. Момышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Цифрлық

      даму, инновациялар және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
м.а.
2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 619 Бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 18-05/138 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10867 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи мекендеу ортасынан алынған бекіре тұқымдас балықтарды және олардың уылдырығын мемлекеттік монополия субъектісі болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның өткізу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Өнімді өткізу кезінде Субъект өнімнің талаптарға сәйкестігін растау туралы ақпаратты сатып алушының назарына жеткізеді және тұтынушыға оның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11898 болып тіркелген) ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес, ветеринариялық сертификатты талап ету бойынша тұтынушыға ұсынады.".

      2. "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-05/290 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10946 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларында:

      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 87-бабының 9) тармақшасына сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауға және пайдалануға арналған биологиялық негіздемесінің мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өтуiнiң мiндеттiлiгi;".

      4. "Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 18-2/434 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11346 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру қағидаларында:

      6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, жануарларды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 249 және 250-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      5. "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/578 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11780 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережеде:

      11-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) директор:

      облыстың жергілікті атқарушы органының аңшылық алқапты немесе балық шаруашылығының су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы шешімінің көшірмесі;

      аңшылық және (немесе) балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарт;

      шаруашылықішілік аңшылық ісін ұйымдастырудың материалдары (аңшылық шаруашылығының субъектілері үшін);

      "Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) нысан бойынша аңшылық және балық шаруашылығы субъектiлерi берген жолдамаларды тiркеу журналы;

      аңшылық алқабының карта-схемасы;

      аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары;

      жануарларды есепке алу материалдары;

      "Аншлагтарының үлгілерін және аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекараларын, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7573 болып тіркелген) нысан бойынша балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналы (кәсіпшілік журнал);".

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 18-04/287 бұйрығына
2-қосымша
  Үлгілік нысан

Балық шаруашылығы субьектілерін дамыту жоспары

      ________________________________________________________________

      (балық шаруашылығы субьектісінің атауы)

      20 ___ - 20 ___ жылдарға арналған

Іс-шаралар атауы

Оның ішінде жылдар бойынша

Жиыны

Аяқталу нысаны

20_

20_

20_

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін кәсіптік балық аулауды жүргізу үшін бекіту кезінде

1. Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту іс-шаралары*

1.1

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдарына сәйкес балық шабақтарын жіберу**
(мың дана)





Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері

1.2

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдары бойынша балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу, оның ішінде:
1) қатты өсімдіктерді шабу (гектар);
2) түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу (метр3);
3) бөлшектенген су айдындарынан балықтарды құтқару (дана)





Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) нысан бойынша орындалған жұмыс туралы растаушы құжаттарды (орындалған жұмыстар актілері, төлем туралы тапсырма) ұсына отырып, Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларына есеп беру

1.3

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдарына сәйкес балықтардың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, майналарды ою (дана)





2. Аулау және өңдеу базаларын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар

2.1

Бөлінген квотадан қайта өңделген балық өнімінің көлемі (жергілікті маңызы бар су айдындарын және Есіл, Тобыл, Іле, Нұра, Ертіс, Сілеті өзендерін, Қаныш Сәтпаев атындағы каналды, Өскемен су қоймасын қоспағанда) (%)





Ветеринариялық сертификат, белгіленген көлемге сатып алу-сату шарты

3. Балық аулауды реттеу бойынша іс-шаралар

3.1

Балықтарды және басқа да су жануарларын алып коюға бөлінген квоталарды игеру (100 %)





Жануарлар дүниесін пайдалағаны үшін төлем тапсырмасы

4. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар

4.1

Тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау идеясын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, жарияланымдар саны)





Мақалалар, эфирлік анықтамалар

4.2

Кірме жолдарда аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін, және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана)





Орындалған жұмыстар актілері

5. Ғылыми жұмыстар

5.1

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жай-күйіне жыл сайын зерттеу жүргізу (биологиялық негіздеме)





Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

6. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған іс-шаралар

6.1

Жергілікті жағалау маңындағы аудандарда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жұмыс орындарын құру (адамдар саны)





Еңбек шарты

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін әуесқойлық (спорттық) балық аулау жүргізу үшін бекіту кезінде

1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі іс-шаралар*

1.1

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдарына сәйкес балық шабақтарын жіберу **





Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілері

1.2

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдары бойынша балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу, оның ішінде:
1) қатты өсімдіктерді шабу (гектар);
2) бөлшектенген су айдындарынан балықтарды құтқару (дана)





Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) нысан бойынша орындалған жұмыс туралы растаушы құжаттарды (орындалған жұмыстар актілері, төлем туралы тапсырма) ұсына отырып, Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларына есеп беру

1.3

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдарына сәйкес балықтардың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, майналарды ою (дана)





2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар

2.1

Тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау идеясын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, жарияланымдар саны)





Мақалалар, эфирлік анықтамалар

2.2

Кірме жолдарда аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана)





Орындалған жұмыстар актілері

3. Балық шаруашылығы іс-шаралары

3.1

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау құрал-саймандарын жалға беру және жолдама беруді қоса алғанда азаматтарды қабылдау және оларға қызметтер көрсетуге арналған базаның (лагердің) болуы (дана)





Шарт, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

4. Ғылыми жұмыстар

4.1

Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жай-күйіне жыл сайын зерттеу жүргізу (биологиялық негіздеме)





Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін бекіту кезінде

1

Жыл сайын балық өсіру (тонна)***:
– кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауысқан жағдайда – балық өсіру-биологиялық негіздемеде көзделгеннен төмен емес көлемде;
– балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп берген жағдайда – аккредиттелген ғылыми ұйым ұсынған көлемнен төмен емес





Балық отырғызу материалын сатып алуды және су айдынын балықтандыруды растайтын құжаттар:
инкубациялық цех болған жағдайда – балық ресурстарын жасанды жолмен молайту жөніндегі өндіріс объектісіне растайтын құжаттардың көшірмесі (меншік иесі (құқық иеленуші) туралы мәліметтер және инкубациялық цехтың, балық өсіру тоғандарының және (немесе) бассейндердің болуын растау үшін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама);
балық отырғызу материалын сатып алу кезінде – сатып алу-сату шарты, шот-фактуралар;
балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама.
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес өсірілген балық туралы Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларына мәліметтер

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін бекіту кезінде

1

Жыл сайын балық өсіру (тонна)***:
– кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық шаруашылығын (акваөсіру) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстырған жағдайда-балық өсіру-биологиялық негіздемеде көзделгеннен төмен емес көлемде;
– балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп берген жағдайда – аккредиттелген ғылыми ұйым ұсынған көлемнен төмен емес





Балық отырғызу материалын сатып алуды және тор қоршаманы балықтандыруды растайтын құжаттар:
инкубациялық цех болған жағдайда – балық ресурстарын жасанды жолмен молайту жөніндегі өндіріс объектісіне растайтын құжаттардың көшірмесі (меншік иесі (құқық иеленуші) туралы мәліметтер және инкубациялық цехтың, балық өсіру тоғандарының және (немесе) бассейндердің болуын растау үшін жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама);
балық отырғызу материалын сатып алу кезінде – сатып алу-сату шарты, шот-фактуралар;
балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама.
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес өсірілген балық туралы Балық шаруашылығы комитетінің облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларына мәліметтер

Ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекіту кезінде

1. Аулау және өңдеу базаларын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар

1.1

Бөлінген квотадан қайта өңделген өнім көлемі (%)





Ветеринариялық сертификат, белгіленген көлемге сатып алу-сату шарты

2. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар

2.1

Кірме жолдарда аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана)





Орындалған жұмыстар актілері

3. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған іс-шаралар

3.1

Жергілікті жағалау маңындағы аудандарда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына жұмыс орындарын құру (адамдар саны)





Еңбек шарты

      Ескертпе:

      * – балық шаруашылығы ғылыми ұйымдарының ұсынымдарына сәйкес балық ресурстарының өсімін молайту бойынша іс-шаралар ащы-тұзды су айдындарынан басқа барлық су айдындарында жүргізіледі.

      ** – балықтың кәсіпшілік мөлшерін сатумен мелиоративтік аулауды қоспағанда, бөлшектенген және бекітілмеген су айдындарында, күріш атызында және басқа да су объектілерінде құтқару жөніндегі іс-шаралардың аяқталу қорытындысы бойынша балық шаруашылығының облысаралық бассейндік инспекциясының және жергілікті атқарушы органның өкілі қол қойған актілері ұсынылған кезде, тиісті жылға арналған балықтандыру жоспарына, бірақ елу пайыздан аспайтын құтқарылған балық шабақтарының бір бөлігі ағымдағы жылы балықтандыруға қосылады.

      *** – бой бермейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде, жыл сайынғы балық өсіру көлемдеріне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады