Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10968 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қаңтардағы № 22 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 16.01.2020 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 151-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Е. Досаев
2015 жылғы 6 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 247 бұйрығымен бекітілген

Аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді
іске асыруға бағытталған, Республикалық бюджет комиссиясының оң
ұсыныстары бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 151-бабына сәйкес әзірленді және Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу тәртібін (бұдан әрі – кейінге қалдыру шарты бар бюджеттік инвестициялар) айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;

      2) кейінге қалдыру шарты – бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы болған күннен бастап, республикалық бюджетті нақтылауға немесе түзетуге дейін жетіспеген құжаттаманы беру шартымен кейінге қалдыру шарты бар бюджеттік инвестицияларды республикалық бюджет жобасына енгізу.

2. Кейінге қалдыру шарты бар бюджеттік инвестицияларды қарау және іріктеу тәртібі

      3. Кейінге қалдыру шарты бар бюджеттік инвестициялар:

      1) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;

      2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

      4. Инвестициялық жобалар және/немесе іс-шаралар жеке және заңды тұлғалардың қауіпсіздігі мен тыныс-тіршілігіне қатер төндіретін ахуалды болдырмауға, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, елдің озық/жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамуына қатер төндіретін ахуалды болдырмауға бағытталған жағдайда бюджеттік инвестициялар аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттер ретінде айқындалады және Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмаларына, бағдарламалық құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.01.2018 № 36 бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өңірде жоспарланған оларды іске асырудың орындылығы тұрғысынан республикалық бюджеттен даму мен кредиттерге арналған нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған жобалар бойынша қорытындыны қарайды және дайындайды.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган іріктеген кейінге қалдыру шарты бар бюджеттік инвестициялар Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына кейіннен енгізе отырып үш жылдық кезеңге арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесінің жобасына енгізіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.01.2018 № 36 бұйрығымен.

      6. Кейінге қалдыру шарты бар бюджеттік инвестициялар Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі тапсырмаларының көшірмелері;

      2) жылдарға бөлінген жоба құнының негіздемесі бойынша есептеме;

      3) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобаны іске асырудың орындылығына қорытындысы;

      4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның өңірде жоспарланған оларды іске асырудың орындылығы тұрғысынан республикалық бюджеттен даму мен кредиттерге арналған нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған жобалар бойынша қорытындысы;

      5) қажеттілігіне қарай бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен сұратылатын бюджеттік инвестициялық негіздемелер бойынша қосымша құжаттар болған жағдайда енгізіледі.

      Егер кейінге қалдыру шарты бар бюджеттік инвестициялар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме және/немесе жобалау-сметалық құжаттама болған жағдайда, мұндай құжаттаманы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясына кейінге қалдыру шарты бар бюджеттік инвестицияларды енгізілгенге дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 18.01.2018 № 36 бұйрығымен.

      7. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, кейінге қалдыру шарты бар бюджеттік инвестициялар Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары болған кезде ағымдағы қаржы жылының бірінші жартысында ол нақтыланған жағдайда нақтыланған республикалық бюджет жобасына немесе республикалық бюджет жобасына енгізіледі.

      8. Тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 153 және 154-баптарында белгіленген жоспарлау кезеңдерінен өтпеген, бірақ Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар объектілер бөлінісінде жоспарлы кезеңге арналған инвестициялық жобаларды, сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісіндегі нысаналы даму трансферттері мен кредиттерді қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесіне енгізе отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы шеңберінде бекітіледі.

      9. Егер Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан артық болған жағдайда, бюджеттік инвестициялардың жалпы құны жоспарлы кезеңге бюджетті нақтылау арқылы жүргізілетін жаңа бастамаларға арналған бюджеттік бағдарламаның шығыстары есебінен ұлғаяды.

      Егер Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін аса маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған республикалық бюджеттік инвестициялар бойынша олардың құны тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген сомадан кем болған жағдайда, қалған сома тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бір бюджеттік бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялар арасында қайта бөлінеді не түзету немесе бюджетті нақтылау арқылы алынып тасталады.

      Кодекстің 153 және 154-баптарында көрсетілген құжаттар ұсынылмаған жағдайларда Республикалық бюджеттік комиссияның оң ұсынысы алынған күннен бастап нақтылау немесе түзету кезінде бюджеттік инвестициялар республикалық бюджеттен алып тасталады. Бұл ретте көрсетілген бюджеттік инвестицияларды іске асыруға көзделген сомалар бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісінің басқа бюджеттік инвестициялары арасында қайта бөлінуі мүмкін.

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, республикалық бюджет нақтыланғанға дейін немесе түзетілгенге дейін қаржылық-экономикалық негіздеме ұсынылмаған жағдайларда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі күнінен бастап нақтыланған немесе түзетілген кезде республикалық бюджеттен алып тасталады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 18.01.2018 № 36 бұйрығымен.

      10. Қаржыландыру ашуды және кейінге қалдыру шарты бар жобаларды азаматтық-құқықтық мәмілелерге тіркеуді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен регламенттелген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады