Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 ақпанда № 16311 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламаларда айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Алдыңғы қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыруға нысаналы даму трансферттері қайта берілмейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын ЖБИ тізбесін қарайды, және ағымдағы қаржы жылының 5 мамырынан кешіктірмей салалар мен өңірлер бойынша жеткізілген шығыстар лимиті шегінде ЖБИ тиісті жоспарлы кезеңге республикалық бюджет жобасына енгізу қисындылығы туралы қорытынды дайындайды және тиісті орталық мемлекеттік органға жібереді.";

      11-тармақ алынып тасталсын;

      12-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. ЖБИ тізбесін тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ЖБИ тізбелерінің негізінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық, облыстық бюджеттердің, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттің жобасына қосу үшін әрбір сала бойынша өңірлер бөлінісінде нысаналы даму трансферттерінің жалпы сомасын айқындайды.".

      2. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 16.01.2020 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      міндетін атқарушы

      _____________ Р. Дәленов

      2018 жылғы ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады