"Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 242 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырдағы № 10997 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 119 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 02.02.2018 № 119 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы мәліметтер нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 625 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5502 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2009 жылғы 3 сәуірде № 49 (1472) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сұрау салуды жолдаған мемлекеттік кірістер органына сұрау салуды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген нысан бойынша мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері және осы шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы мәліметтер нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ұлттық Банкі Төрағасының


міндетін атқарушы


____________ Қ. Қожахметов


2015 жылғы 31 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 242 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен
бекітілген

      Нысан

Банк шоттарының бар-жоғы және олардың нөмірлері туралы,
осы шоттардағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы туралы
20__ жылғы "__"_____ - "__"_____ 20__ жылғы аралығындағы
кезең үшін мәліметтер

Салық төлеуші

Банктің, банк шоттары ашылған оның құрылымдық бөлімшелерінің деректемелері

Банк шотының түрі

Шот валютасы

Шот нөмірі

Кезеңнің басындағы банк шотындағы ақша қалдығы

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

атауы

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

БЖК

атауы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      кестенің жалғасы

Салық төлеушінің банк шоттарындағы ақшаның қозғалысы

Кезеңнің соңындағы банк шотындағы ақша қалдығы

Банк шотына ақшаның түсуі

Банк шотынан ақшаның аударылуы

Күні

Төлем сомасы

Ақшаны жөнелтушi

Жөнелтуші банк деректемелері

Төлемнің мақсаты

Күні

Төлем сомасы

Ақшаны алушы

Алушы банк деректемелері

Төлемнің мақсаты

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

атауы

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

БЖК

атауы

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

атауы

(БСН/ЖСН) (бар болған жағдайда)

БЖК

атауы

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27



















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады