Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 мамырда № 11005 тіркелді.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аң аулау объектілері болып табылатын тұяқты жануарлар түрлерінің оңтайлы тығыздығының нормативтері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің орнықты санының нормативтері;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.03.2017 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 9 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 18-03/271 а бұйрығына
1-қосымшасы

Аң аулау объектілері болып табылатын тұяқты жануарлар
түрлерінің оңтайлы тығыздығының нормативтері

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 06.03.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 18-03/271 а бұйрығына
2-қосымшасы

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің ең төменгі орнықты санының нормативтері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 06.03.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлардың түрлері

Ең төменгі орнықты саны (дарақпен)

1

2

3

1

Бұлан

1700

2

Марал, аскания бұғысы

6000

3

Сібір елігі

46000

4

Сібір тау текесі

16000

5

Қабан

14000

6

Киік



Бетпақдала популяциясы

500 000


Орал популяциясы

300 000


Үстірт популяциясы

200 000

7

Құдыр

700

8

Қоңыр аю, Тянь-Шань аюынан басқасы

1150

9

Қоян - ор қоян, ақ қоян, құм қоян

1230000

10

Байбақ немесе дала суыры, сұр немесе Алтай - Тянь-Шань суыры, ұзынқұйрық немесе қызыл суыр

2100000

11

Кәдімгі тиін

35000

12

Ондатр немесе су тышқан

400000

13

Құндыз

4000

14

Түлкі

160000

15

Қарсақ

90000

16

Борсық

32000

17

Бұлғын

3400

18

Сасық күзен

150000

19

Ақкіс

75000

20

Сілеусін, түркістандық сілеусіннен басқасы

600

21

Сұр қаз, ақмаңдайлы қаз, қырман қаз, қарашақаз

4000000

22

Дыркептер, түзкептер, көк кептер, құз кептер, кәдімгі түркептер, үлкен түркептер

1800000

23

От үйрек, сарыалақаз, барылдауық, қырылдақ шүрегей, сұр үйрек, сары айдар үйрек, қылқұйрық, ысылдақ шүрегей, жалпақ тұмсық, қызылтұмсықты сүңгуір, қызылбас сүңгуір, айдарлы сүңгуір, теңіздік сүңгуір, ұшқыр үйрек, кәдімгі ұшқыр үйрек, қара тұрпан, кіші бейнарық, ұзын тұмсық бейнарық, үлкен бейнарық, қырылдақ шүрегей, айдарлы үйрек

11000000

24

Қасқалдақ

6000000

25

Қызғыш, күжіркей, шаушалшық, тауқұдірет, орман маңқысы, азиялық тауқұдірет, тау маңқысы, маңқы, жылқышы, үлкен шалшықшы, орташа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кіші шырғалақ

5000000

26

Шіл - ақ, тундралық, сұр, сақалды, шөлейттік

900000

27

Құр

6100

28

Саңырау құр

6100

29

Шіл

35300

30

Гималай ұлары

4000

31

Кеклік

27500

32

Бөдене

650000

33

Қырғауыл

230000

      Ескертпе: ең төменгі орнықты сан (дарақпен) мынадай сапалық көрсеткіштердің есебінен қалыптасады: аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлері популяциясының саны мен жыныс-жас құрылымы; аналықтардың өнімділігі; жыл сайынғы өсім мөлшері; өлім-жітімге ұшырау. Көрсетілген саннан төмен болған жағдайда алып қою тек ғылыми мақсатта ғана жүргізілуі мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 18-03/271а бұйрығына
3-қосымша

      Ескерту. Бұйрық 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.03.2017 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 06.03.2024 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтері

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері

Алып қою нормативтері (%)

1

2

3

1

Бұлан (Аlces аlсеs)

10

2

Марал, аскания бұғысы (Сеrvus еlарhus)

10

3

Сібір елігі (Сарrеоlus pygargus)

15

4

Сібір тау ешкісі (Сарrа sibirica)

10

5

Қабан (Sus scrofa)

40

6

Киік

20 (көктемгі есептік саннан)

7

Құдыр (Моschus moschiferus)

10

8

Қоңыр аю (Ursusarctos),Тянь-Шань аюынан басқасы

6

9

Ор қоян (Lерus еurораеus), ақ қоян (Lерus timidus), құм қоян (Lерus tolaі)

45

10

Байбақ немесе дала суыры (Маrmota bobac), сұр немесе Алтай-Тянь-Шань суыры (Маrmota baibacina), ұзын құйрықты немесе қызыл суыр (Маrmota саudata)

20

11

Зорман (Spermophilus fulvus)

25

12

Кәдімгі тиін (Sсіurus vulgaris)

50

13

Ондатра (Оndatra zibethicicus)

50

14

Өзен құндызы (Саstor fiber)

20

15

Жанат тектес ит (Nyctereutes procyonoides)

50

16

Түлкі (Vulpes vulpes)

50

17

Қарсақ (Vulpes corsac)

30

18

Борсық (Меlеs meles)

20

19

Құну (Gulo gulo)

10

20

Кәмшат (Lutra lutra), ортаазиялықтан басқасы

10

21

Бұлғын (Маrtеs zibellina)

20

22

Сасық күзен (Мustela eversmanni)

25

23

Ақкіс (Мustela еrminea)

25

24

Сарғыш күзен (Мustela аltaica)

25

25

Ақ қалақ (Мustela nivalis)

25

26

Сары күзен (Мustela sibirica)

25

27

Американ су күзені (Мustela vison)

25

28

Сілеусін (Lуnх lуnх), түркістандықтан басқасы

20

29

Сұрқаз (Аnser аnser), ақмаңдайлы қаз (Аnser albifrons), қырманқаз (Аnser fabalis), қарашақаз (Вrаntа bernicla)

15

30

Дыркептер (Соlumba palumbus), түзкептер (Соlumba оеnаs), көк кептер (Соlumba livia), құз кептер (Соlumba rupestris), кәдімгі түркептер (Streptopelia turtur), үлкен түркептер (Streptopelia orientalis)

20,0

31

Отүйрек (Таdorna ferruginea), сарыалақаз (Таdorna tаdorna), барылдауық үйрек (Аnаs plathyrinchos), ысылдақ шүрегей (Аnаs сrесса), боз үйрек (Аnаз strepera), сарыайдар үйрек (Аnаs реnеlоре), қылқұйрық (Аnаs асuta), даурықпа шүрегей (Аnаs quetquedula), жалпақ тұмсық (Аnаs clypeata), қызылбас сүңгуір (Netta rufina), көк сүңгуір (Ауthya ferina), айдарлы сүңгуір (Ауthya fuligula), айдарсыз сүңгуір (Ауthya marila), ұшқыр үйрек (Clangula hyemalis), сусылдақ (Вucephala сlаngula), қара тұрпан (Меlаnitta nigra), кіші бейнарық (Меrgus albellus), секпілтес бейнарық (Меrgus serrator), үлкен бейнарық (Меrgus merganser), қырылдақ шүрегей (Аnаs formosa), айдарлы үйрек (Sоmateria spectabilis)

15 (жалпы лимиттің 5 %-ынан аспайтын мөлшердегі аталық үйректі көктемгі аулауды қоса алғанда)

32

Барылдауық үйрек (Anas plathyrinchos), ысылдақ шүрегей (Anas crecca), қылқұйрық (Anas acuta), даурықпа шүрегей (Anas querquedula), жалпақ тұмсық (Anas clypeata), қызылбас сүңгуір (Netta rufina), көк сүңгуір (Aythya ferina), айдарлы сүңгуір (Aythya fuligula)

Аталық үйректерді көктемгі аулауға жергілікті аталық үйректердің (ұя салуға қалатын) жалпы санының 50 %-ынан аспайды

33

Маймақ қаз - қызыл жемсаулы (Gravia stellata), қара жемсаулы (Gravia аrctrica)

3,5

34

Қасқалдақ (Fulica аtrа)

11,5

35

Қызғыш (Vanellus vanellus), күжіркей (Рhуlomachus pugnax), шаушалшық (Lуmnocryptes minimus), тауқұдірет (Gallinago gallinago), орман маңқысы (Gallinago megala), азиялық тауқұдіреті (Gallinago stenura), тау маңқысы (Gallinago solitaria), маңқы (Gallinago media), жылқышы (Sсоlорах rustricola), үлкен шалшықшы (Numenius arquata), орташа шалшықшы (Numenius phaeopus), үлкен шырғалақ (Lіmоsа lіmоsа), кіші шырғалақ (Lіmоsа lарроnіса)

3,5

36

Ақ шіл - (Lаgорus lagopus), тундралық (Lаgорus mutus), сұр (Реrdix реrdіх), сақалды (Реrdix dauurica), дала (Аmmoperdix griseogularis)

20,0

37

Құр (Lyrurus tetrix)

15,0

38

Саңырау құр (Теtrах urogallus)

5,0

39

Сұр құр (Теtrаstеs bonasia)

12,0

40

Гималай ұлары (Теtraogallus himalayensis)

15,0

41

Кекілік (Аlесtoris сhukar)

25,0

42

Бөдене (Соturnix cоturnix)

15,0

43

Қырғауыл (Рhаsіаnus соlсhicus)

24,0



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады