"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 94 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 14986 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы нормативтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 18-03/271а бұйрығына ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11005 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аң аулау объектілері болып табылатын тұяқты жануарлар түрлерінің оңтайлы тығыздығының нормативтері;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерінің орнықты санының нормативтері;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтері бекітілсін.";

      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________Б. Сұлтанов

      2017 жылғы "___" ____________

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 2 наурыздағы
№ 94 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 18-03/271а бұйрығына
3-қосымша

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлерін алып қою нормативтері

Аң аулау объектілері болып табылатын жануарлар түрлері

Алып қою нормативтері (%)

соның ішінде жынысы мен жасы бойынша

1

2

3

4

1

Бұлан (Аlces аlсеs)

10

Аталығы - 30%, ұрғашысы - 20%,
төлі - 50 %

2

Марал, аскания бұғысы (Сеrvus еlарhus)

10

Аталығы - 30 %, ұрғашысы -20%,
төлі - 50 %

3

Сібір елігі (Сарrеоlus pygargus)

15

Аталығы - 30%, ұрғашысы - 20%,
төлі - 50 %

4

Сібір тау ешкісі (Сарrа sibirica)

10

Аталығы - 30 %, ұрғашысы - 20 %,
төлі - 50 %

5

Қабан (Sus scrofa)

40

Аталығы - 30 %, ұрғашысы -20 %, төлі - 60 %

6

Құдыр (Моschus moschiferus)

10

Аталығы - 30 %, ұрғашысы - 30 %, төлі - 40 %

7

Қоңыр аю (Ursus
arctos),Тянь-Шань аюынан басқасы

6

Аталығы - 50 %, ұрғашысы - 50 % (жалпы лимиттің 25 %-ынан аспайтын мөлшердегі көктемгі аң аулауды қоса алғанда)

8

Ор қоян (Lерus еurораеus), ақ қоян (Lерus timidus), құм қоян (Lерus tolaі)

45


9

Байбақ немесе дала суыры (Маrmota bobac), сұр немесе Алтай-Тянь-Шань суыры (Маrmota baibacina), ұзын құйрықты немесе қызыл суыр (Маrmota саudata)

20


10

Зорман (Spermophilus fulvus)

25


11

Кәдімгі тиін (Sсіurus vulgaris)

50


12

Ондатра (Оndatra zibethicicus)

50


13

Өзен құндызы (Саstor fiber)

20


14

Жанат тектес ит (Nyctereutes procyonoides)

50


15

Түлкі (Vulpes vulpes)

50


16

Қарсақ (Vulpes corsac)

30


17

Борсық (Меlеs meles)

20


18

Құну (Gulo gulo)

10


19

Кәмшат (Lutra lutra), ортаазиялықтан басқасы

10


20

Бұлғын (Маrtеs zibellina)

20


21

Сасық күзен (Мustela eversmanni)

25


22

Ақкіс (Мustela еrminea)

25


23

Сарғыш күзен (Мustela аltaica)

25


24

Ақ қалақ (Мustela nivalis)

25


25

Сары күзен (Мustela sibirica)

25


26

Американ су күзені (Мustela vison)

25


27

Сілеусін (Lуnх lуnх), түркістандықтан басқасы

20


28

Сұрқаз (Аnser аnser), ақмаңдайлы қаз (Аnser albifrons), қырманқаз (Аnser fabalis), қарашақаз (Вrаntа bernicla)

15


29

Дыркептер (Соlumba palumbus), түзкептер (Соlumba оеnаs), көк кептер (Соlumba livia), құз кептер (Соlumba rupestris), кәдімгі түркептер (Streptopelia turtur), үлкен түркептер (Streptopelia orientalis)

20,0


30

Отүйрек (Таdorna ferruginea), сарыалақаз (Таdorna tаdorna), барылдауық үйрек (Аnаs plathyrinchos), ысылдақ шүрегей (Аnаs сrесса), боз үйрек (Аnаз strepera), сарыайдар үйрек (Аnаs реnеlоре), қылқұйрық (Аnаs асuta), даурықпа шүрегей (Аnаs quetquedula), жалпақ тұмсық (Аnаs clypeata), қызылбас сүңгуір (Netta rufina), көк сүңгуір (Ауthya ferina), айдарлы сүңгуір (Ауthya fuligula), айдарсыз сүңгуір (Ауthya marila), ұшқыр үйрек (Clangula hyemalis), сусылдақ (Вucephala сlаngula), қара тұрпан (Меlаnitta nigra), кіші бейнарық (Меrgus albellus), секпілтес бейнарық (Меrgus serrator), үлкен бейнарық (Меrgus merganser), қырылдақ шүрегей (Аnаs formosa), айдарлы үйрек (Sоmateria spectabilis)

15 (жалпы лимиттің 5 %-ынан аспайтын мөлшердегі аталық үйректі көктемгі аулауды қоса алғанда)


30-1

Барылдауық үйрек (Anas plathyrinchos), ысылдақ шүрегей (Anas crecca), қылқұйрық (Anas acuta), даурықпа шүрегей (Anas querquedula), жалпақ тұмсық (Anas clypeata), қызылбас сүңгуір (Netta rufina), көк сүңгуір (Aythya ferina), айдарлы сүңгуір (Aythya fuligula)

Аталық үйректерді көктемгі аулауға жергілікті аталық үйректердің (ұя салуға қалатын) жалпы санының 50 %-ынан аспайды


31

Маймақ қаз - қызыл жемсаулы (Gravia stellata), қара жемсаулы (Gravia аrctrica)

3,5


32

Қасқалдақ (Fulica аtrа)

11,5


33

Қызғыш (Vanellus vanellus), күжіркей (Рhуlomachus pugnax), шаушалшық (Lуmnocryptes minimus), тауқұдірет (Gallinago gallinago), орман маңқысы (Gallinago megala), азиялық тауқұдіреті (Gallinago stenura), тау маңқысы (Gallinago solitaria), маңқы (Gallinago media), жылқышы (Sсоlорах rustricola), үлкен шалшықшы (Numenius arquata), орташа шалшықшы (Numenius phaeopus), үлкен шырғалақ (Lіmоsа lіmоsа), кіші шырғалақ (Lіmоsа lарроnіса)

3,5


34

Ақ шіл - (Lаgорus lagopus), тундралық (Lаgорus mutus), сұр (Реrdix реrdіх), сақалды (Реrdix dauurica), дала (Аmmoperdix griseogularis)

20,0


35

Құр (Lyrurus tetrix)

15,0


36

Саңырау құр (Теtrах urogallus)

5,0


37

Сұр құр (Теtrаstеs bonasia)

12,0


38

Гималай ұлары (Теtraogallus himalayensis)

15,0


39

Кекілік (Аlесtoris сhukar)

25,0


40

Бөдене (Соturnix cоturnix)

15,0


41

Қырғауыл (Рhаsіаnus соlсhicus)

24,0



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады