Теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 мамырда № 11044 тіркелді

     «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Теңiз порттарын салу үшін оларды орналастыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі                          Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      ___________ И.Н. Тасмағамбетов
      2015 жылғы 26 ақпан

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 4 сәуір

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму 
министрінің      
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 76 бұйрығымен бекітілген

Теңіз порттарын салу үшiн оларды орналастыру қағидалары

      1. Осы Теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру қағидаларын (бұдан әрi – Қағидалар) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртібін айқындайды және «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-23) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
      2. Теңiз порттарын жобалау порттарды, олардың аумағын, айдынын және iргелес елдi мекендермен әрi өнеркәсiптiк ұйымдармен бiрге олардың даму перспективасын ескере отырып және бекiтiлген қала салу құжаттамасымен ұштастырып ұтымды орналастыру шарттары сақталып, жүзеге асырылады. Теңiз портын жобалау кезiнде әлеуметтiк және экологиялық проблемалар мiндеттi түрде қарауға жатады, бұл ретте қоршаған ортаны тиiмдi қорғауды және сақтауды, сондай-ақ шекаралық және кедендiк бақылау жұмыстарын ұйымдастыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн шаралар әзiрленедi.
      3. Теңiз портын орналастыру және жобалау мiндетi - бұл қауiпсiз қабылдау, тиеудi (түсiрудi) жедел жүргiзу және қазiргi заманғы әрi перспективалы көлiктiк кемелерге олардың келу кезегiне қарай кешендi қызмет көрсету талаптарын қанағаттандыратын және көлiктiң теңiздiк әрi аралас түрлерiнде тасымалдаудың прогрессивтi тәсiлдерiнiң шарттарына жауап беретiн бiрыңғай кешен ретiнде портты орналастырудың оңтайлы шешiмiн табу. Бұл peттe мыналар қамтамасыз етiлуi тиiс: порттың белгiленген өткiзу қабiлетi, портты есептiк кезең шегiнен тыс ұзақ перспективада дамыту мүмкiндiгi және қабылданған шешiмдердiң экономикалық орындылығы.
      4. Жобаланатын порттың технологиялық құрылымының негiзгi элементтерi қабылдау, тиеу (түсiру), теңiз көлiк кемелерiне кешендi қызмет көрсету, сондай-ақ темiр жол, автомобиль, құбыр және көлiктiң басқа да аралас түрлерiнен жүктi қабылдау (беру) үшiн қажеттi техникалық құралдардың (құрылыстар, ғимараттар, жабдықтар, жайластыру, көлiктiк және инженерлiк коммуникациялар) жиынтығы болып табылатын технологиялық қайта тиеу кешенi болуы тиiс.
      5. Портты орналастыру жобасында айдынның жалпы мөлшерi айқындалуы тиiс, ол мынадай қажеттiлiкке негiзделе отырып белгiленедi:
      1) айлақтарға кемелердiң қауiпсiз маневр жасауы және жақын келуi үшiн жағдайлар жасауға;
      2) неғұрлым қолайлы толқын жағдайларына;
      3) жүк және жолаушылар операциялары орындалған, жабдықтау, қызмет көрсету және бос тұрған кезде көлiк флоты кемелерiнiң ыңғайлы және қауiпсiз жұмысына;
      4) портта орналасқан кемелердi айдында орналастыруға: олардың қауiпсiз кiруi мен тұрағын ескере отырып, техникалық флотты, қызметтiк-қосалқы флотты, мердiгерлiк құрылыс ұйымдарын және басқа да ұйымдарды.
      Порт айдынының жалпы мөлшерi, портқа кiретiн қақпалардың енi, мөлшерi және кiру рейдi мен бассейндердiң жоспарлы кескiндерi ұзақ перспективаға кемелер мөлшерiнiң болжамды өзгерiсi мен перспективалық кеме айналымы ескерiле отырып, анықталады.
      6. Осы Қағидалармен қатар құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптарын, теңiз порттарын жобалау кезiндегi санитарлық талаптарды басшылыққа алу қажет.
      7. Жаңа теңiз портын салу туралы шешiм қабылдау кезiнде теңiз жағалаулары табиғи режимiнiң мынадай жағдайларын бағалау ескерiледi:
      1) топографиялық жағдайлар (жағалау алабының кескiнi - шығанақ, бухта, фьорд, кiрме, көлтабан, лагун, қайраң, мүйiс);
      2) гидрографиялық жағдайлар (теңiз түбiнiң бедерi - изобата, саяз жағалау, тереңдеу жағалау);
      3) метеорологиялық жағдайлар (aуa температурасы, желдiң бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын және тұман);
      4) гидрогеологиялық жағдайлар (cу деңгейiнiң тұрақсыздануы, судың жағасынан шығуы мен қайтуы, толқындануы, теңiз ағысы, теңiз суының физикалық-химиялық қасиеттерi және мұз режимi);
      5) геологиялық және геоморфологиялық жағдайлар, үйiндiлер, теңiз суының құрылыс материалдарына әсер етуi.
      Сондай-ақ алдын ала инженерлiк iздестiрулердiң мынадай материалдары мен мәлiметтерi ескерiледi:
      геологиялық материалдар (жағалау мен айдынның топырағы туралы мәлiметтер);
      жел, толқын және мұз режимi туралы мәлiметтер, навигациялық кезеңнiң ұзақтығы;
      ағыс, үйiндiлер, климаттық жағдайлар туралы мәлiметтер және басқа да мәлiметтер техникалық-экономикалық есептеулерге қосымша ретiнде жеке ресiмделедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады