Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11098 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2021 жылғы 18 ақпандағы № 91 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 18.02.2021 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Оқ-дәрілер бас басқармасының бастығы:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін жолдасын;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.

      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант О.Б. Сапаровқа жүктелсін.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі

И. Тасмағамбетов

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Бас прокуроры 1-сыныпты мемлекеттік


әділет кеңесшісі


___________ А. Дауылбаев


2015 жылғы 17 сәуір


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Мемлекеттік күзет қызметінің


бастығы генерал-майор


_______________ А. Күреңбеков


2015 жылғы 30 наурыз


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасы


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы


__________________ Н. Әбіқаев


2015 жылғы 10 сәуір


"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі


полиция генерал-лейтенанты


__________ Қ. Қасымов


2015 жылғы 1 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 155 бұйрығымен
бекітілген

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Тыйым салынған аймақтарды және тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары) "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың

      оқ-дәрілер арсеналдары, базалары мен қоймалары (бұдан әрі – сақтау объектілері) – әскери мақсаттағы объектілер, оларда артиллериялық, танк қару-жарағына 57 мииллиметр және одан жоғары калибрлі оқ-дәрілердің түрлері мен номенклатураларының 50-ден астам шартты вагоны, инженерлік оқ-дәрілер, сондай-ақ авиациялық зақымдау құралдары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандары ұсталады;

      2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан әрі – тыйым салынған аудан) – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрілер арсеналдарының, базалары мен қоймаларының диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген аумақ;

      3) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан әрі – тыйым салынған аймақ) – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрілер арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бөлінген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдарына, базалары мен қоймаларына тікелей шектесетін аумақ;

      4) қорғаныс қалқаны – сақтау объектісі аумағының сыртына орнатылатын қоршау топырақ үйіндісі, жасанды үйінді, қорғаныс құрылысы және олар тұтанған жағдайда жарылғыш заттардың зақымдау қабілетін төмендетуге, сондай-ақ объект шегінен тысқары тұрған әскери және басқа да мүлікті сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған;

      5) шартты вагон – 20 тоннаға тең оқ-дәрілердің көлемін білдіретін оқ-дәрілерді жеткізуді есепке алу және сақтау бірлігі.

2. Тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған
аудандарды белгілеу тәртібі

      3. Сақтау объектілерінің айналасында тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар айқындалады.

      4. Тыйым салынған аймақ Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың (бұдан әрі – әскери басқару органдары) оқ-дәрілер арсеналдарының, базалары мен қоймаларының өрт қауіпсіздігін қаматамасыз ету мақсатында белгіленеді.

      Тыйым салынған аймақтың ені сақтау объектісінің сыртқы қоршауынан 400 метрді құрайды. Жабдықталған қорғаныс қалқаны бар болған кезде ені 2 есеге азайтылады.

      5. Тыйым салынған аудан әскери басқару органдары сақтау объектілерінің диверсияға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында айқындалады.

      Тыйым салынған аудан сақтау объектісінің сыртқы қоршауынан 3 шақырым арақашықтықта белгіленеді.

      6. Қарамағында сақтау объектілері ретінде берілген жер учаскесі тұрған мемлекеттік мекеменің уәкілетті басшысы (бұдан әрі – мекеме басшысы) тиісті әскери басқару органдарымен келісу бойынша бір ай ішінде екі данада тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандардың шекараларын белгілейтін жоспардың және сұлбаның (бұдан әрі – жоспар) жобасын жасайды.

      7. Жоспардың келісілген жобасы жергілікті атқарушы органдарға (бұдан әрі – әкімдік) жолданады.

      8. Әкімдік (келісу бойынша) алған күнінен бастап бір ай мерзімде жоспарды бекітеді және бір данасын мекеме басшысына және көшірмесін тиісті әскери басқару органдарына жолдайды.

      9. Жоспар бекітілгеннен кейін сақтау объектісінің бастығы жергілікті жерде тыйым салынған аймақтардың шекараларын мемлекеттік және орыс тілдерінде "Тыйым салынған аймақ (аудан), өтуге (жүруге) тыйым салынады (жол жоқ)" деген жазуы бар көрінетін көрсеткіштермен (өлшемі 40х60 см қызыл жиегі бар сары түсті негізде әріптердің ені 2 см, биіктігі 5 см) белгілейді. Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекараларын белгілеу туралы сақтау объектінің бастығы әкімдік арқылы, бір апта мерзімде жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарын осы шектеулерге байланысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етеді.

      10. Жергілікті жерде тыйым салынған ауданның шекарасы белгіленбейді.

      11. Тыйым салынған аймақтың аумағында жеке тұлғалардың болуына, құрылысқа және диверсияға және өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстарды қоспағанда, қандай да бір жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

      12. Тыйым салынған ауданның аумағында атыс қаруының барлық түрлерінен оқ атуға, пиротехникалық құрылғыларды пайдалануға, сондай-ақ атыс тирлерін, стенділер мен атыс алаңдарын орнатуға жол берілмейді.

      13. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты, өндіріс, әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де мақсаттағы объектілерді қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сақтау объектілерінде, тыйым салынған аймақтарда және тыйым салынған аудандарда сақтау объектілерінің бастықтары тиісті бөлімшелерді, басқа да әскери басқару органдарын хабардар ету және олардың төтенше жағдайлар салдарын жою, халықты және мүлікті эвакуациялау жөніндегі бірлескен іс-қимылдары жоспарларын әзірлейді.

      Хабардар ету жоспары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаментімен міндетті түрде келісілуге жатады және сақтау объектісінің бастығы бекітеді. Жоспарды іс жүзінде пысықтау көктем-жаз маусымы басталар алдында жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі.

      14. Төтенше жағдай туындаған жағдайда сақтау объектісінің бастығы әкімдікті және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаментін дереу хабардар етеді және бұдан бұрын бекітілген жоспарға сәйкес іс-қимыл жасайды.

      15. Тыйым салынған аймақтың және тыйым салынған ауданның шекараларын белгілеу туралы мәселелерді қарау кезінде, сондай-ақ тыйым салынған аймақта немесе тыйым салынған ауданда тұрған құрылыстарды (ғимараттарды) бұзу (көшіру) және азаматтардың қоныс аударуы мәселелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі. Сақтау объектілерінің тыйым салынған аймағының немесе сақтау объектілерінің тыйым салынған ауданының құрамына қосуға белгіленген аумақта өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер немесе олар пайдаланудағы ғимараттар, құрылыстар, сондай-ақ жер учаскелері орналасқан жағдайларда көрсетілген аймақтар мен аудандар шекараларын белгілеу туралы мәселені қарауға әкімдіктердің өкілдері, сондай-ақ осы проблеманы шешуге мүдделі министрліктер, ведомстволар, заңды және жеке тұлғалар тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады