Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайын бағалау әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 17 сәуірде № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 мамырда № 11104 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 70 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 18.02.2016 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 болып тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің Персоналды дамыту басқармасы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Энергетика Министрі                       В. Школьник

Қазақстан Республикасы
Энергетика Министрінің
2015 жылғы 17 сәуірдегі
№ 293 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 10130 тіркелген) сәйкес әзірленді және Министрлік «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны Министрліктің Жауапты хатшысы құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып Министрліктің жауапты хатшысы табылады.
      Комиссия хатшысы Министрліктің Персоналды дамыту басқармасы (ПДБ) (бұдан әрі - ПДБ) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. ПДБ Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      ПДБ бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын ПДБ алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда ПДБ қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай ПДБ бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. ПДБ осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. ПДБ қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      а = b + с
      а - қызметшінің қорытынды бағасы,
      b - тікелей басшының бағасы,
      с - осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21-баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
      21-ден 33 балға дейін - «қанағаттанарлық»,
      33 баллдан жоғары - «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. ПДБ Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      ПДБ Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. ПДБ бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда ПДБ қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оның қаралуын жүзеге асырады және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
1-қосымша

Нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.: _______________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)



Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) _______________
күні ___________________________
қолы ___________________________

Тікелей басшы (Т.А.Ә.) ________
күні ___________________________
қолы ___________________________

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
2-қосымша

Нысан

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________

№ р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)


Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы)




Әріптесі

1

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы Барлығы (барлық бағалардың бағасы)

2-ден 5-ке дейін


Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің «Б»
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесіне
3-қосымша

Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы _______________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

№ р/р

Қызметшінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға




1





...





Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерген:

Комиссия хатшысы: ___________________________________Күні:___________
                  (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия төрағасы:___________________________________Күні:___________
                 (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесі:_____________________________________Күні:___________
                (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады