Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштер тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 275 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 477 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11139 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 630 және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1189 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 08.12.2015 № 630 және ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2015 № 1189 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 76 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін салықтық өтініштердің тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңмен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынымен орындалуын;
      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы                Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі      Қаржы министрі
      _____________ Ә.Ө. Исекешев           ___________ Б.Т. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы    
Инвестициялар және даму   
министрінің        
2015 жылғы 21 сәуірдегі № 477
және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің     
2015 жылғы 20 сәуірдегі   
№ 275 бұйрығына қосымша   

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы табыс етілетін
салықтық өтініштер тізбесі

      1. Дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі туралы салықтық өтініш.
      2. Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініш.
      3. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы салықтық өтініш.
      4. Салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға салықтық өтініш.
      5. Тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш.
      6. Салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге салықтық өтініш.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады