Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 сәуірдегі № 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11171 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.06.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.06.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес департаменті (С.Т. Құсетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің бастықтары осы бұйрықты тиісті қызметтер қызметкерлерінің зерделеуін ұйымдастырсын және оның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-лейтенанты

Қ. Қасымов

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі


____________ Т. Дүйсенова


20 ___ жылғы "

"

"КЕЛІСІЛДІ"


Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі


_______________ Е. Досаев


2015 жылғы 24 сәуір



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 11 сәуірдегі
№ 334 бұйрығымен
бекітілген

Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 22.06.2022 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану тәртібін айқындайды.

      2. Пайдаланылуына байланысты объектілер мен үй-жайлар мынадай түрлерге бөлінеді:

      объектілер – ғимараттар, жер учаскелері, технологиялық құрал-жабдықтардың бөлігі болып табылатын ыдыстар, пломбыланған контейнерлер, цистерналар, теміржол вагондары, теміржол тұйықтары;

      үй-жайлар – есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған қоймалық және сейфтік бөлмелері бар құрылыстар.

      3. Объектілер мен үй-жайлар функциялық қызметтері мен пайдаланылуы бойынша бірыңғай жүйені құрайды және үш топқа бөлінеді:

      1) бірінші топ – есірткі заттарын, психотроптық заттарды өндіруші кәсіпорындар, дәріханалар, сынақ зертханалары, ғылыми-зерттеу институттары, көтерме сауда кәсіпорындары, есірткі құралдары, психотроптық заттар айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілері;

      2) екінші топ – құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау жөніндегі объектілер;

      3) үшінші топ – прекурсорларды өндіруші және/немесе көтерме сауданы жүзеге асырушы, сондай-ақ оларды өзінің өндірістік қызметінде пайдаланатын кәсіпорындар.

2-тарау. Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану

      4. Есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды сақтауға арналған объектілер мен үй-жайлар Заңының талаптарына сәйкес пайдаланылады.

      5. Объектілер мен үй-жайларды пайдалану меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттың негізінде жүзеге асырылады.

      6. Объектілер мен үй-жайларды мәніне сәйкес емес мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

      7. Объектілер мен үй-жайларды жоспарлау:

      1) қолда бар есiрткi заттарын, психотроптық заттарды және прекурсорларды, сондай-ақ олардан дайындалған өнiмнің сақталуын;

      2) технологиялық байланысқан үй-жайлар арасындағы қысқа арақашықтығы бар үдерістің ағынын;

      3) технологиялық ағындар жолының кесiлуiн болдырмауды;

      4) тазалық дәрежесi бiрдей үй-жайларды барынша топтастыруды;

      5) бастапқы шикiзаттың, жартылай дайын өнiмдер мен дайын өнімдердің алуан түрлерi мен серияларының араласып кетуiн болдырмауды;

      6) бастапқы шикiзаттың, жартылай өнiмдер мен дайын өнімдердің орнын ауыстыру кезінде ластанудан қорғауды қамтамасыз етеді.

      8. Объектілер мен үй-жайларды ғимараттың жапсарлас конструкцияларының бүтіндігін бұзуға немесе қиратуға, қасбеттің сақталуы мен сыртқы бөлігінің нашарлауына, өртке қарсы нормалардың бұзылуына әкеп соғатын қайта жабдықтауға және қайта жоспарлауға жол берілмейді.

      9. Есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану кезінде:

      1) тәулік бойы күзетпен;

      2) күзет дабылы және күзет ұйымдарының орталықтандырылған бақылау пультіне сигналдар шығаратын күзет және дабыл сигнализациясы жүйесімен;

      3) үй-жайға кіретін металл немесе екі жағынан темір немесе қалың қаптамасы бар ағаш есікпен;

      4) үй-жайдың ішкі немесе сыртқы жағындағы терезелер металл тормен;

      5) өрт қауіпсіздігі және өрт сигнализациясы жүйесімен;

      6) сыртқы және ішкі байланыспен қамтамасыз етілуін ескере отырып телефондау жүйесімен;

      7) есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорлар сақталатын объектіге және үй-жайға еркін кіруге кедергі жасайтын қоршаумен қамтамасыз етіледі.

      10. Есiрткi заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының шегiнде көлiк құралдарымен тасымалдауға арналған объектiлердi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау тәсiлiне және сақтау орнына қарамастан пайдалану кезiнде мыналар:

      1) жүктің сақталуы және тасымалдаудың қауіпсіздігі;

      2) ішкі істер органдарының келісімі бойынша әскерилендірілген күзет немесе өзге де күзет қызметі;

      3) ыдыстарды, контейнерлерді, цистерналарды пломбылау қамтамасыз етіледі;

      4) уақытша сақтауға арналған қоймаларда және жүкті тиеу-түсіру орындарында бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.

      11. Объектілер мен үй-жайларды пайдалану кезінде мынадай құжаттар:

      1) үй-жайға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде меншік құқығын растайтын құқық белгілейтін құжаттың көшірмелері;

      2) күзетке арналған шарттардың көшірмелері;

      3) есірткі заттарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру үшін пайдаланылатын құрал-жабдықтар, аспаптар тізбесі болуы қажет.

      12. Есiрткi заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдауды (жүк тасымалдаушыларды), тиеп жөнелтудi қамтамасыз ететiн заңды тұлғалардың өздерiнде мынадай құжаттары болуы керек:

      1) жүк жөнелтушi ұсынған жүктердi тасымалдау шарты (тауарлық-көліктік жүкқұжаттары, темiржол көліктік жүкқұжаттары, коносамент), шот-фактуралар мен тауарды жөнелту құжаттары;

      2) "тасымалдау, жіберу" қызметiнiң кiшi түрлерiмен есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметке лицензияның көшiрмесi;

      3) еркін нысанда ресімделген есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды тасымалдау маршруты.

      4) 7 жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне жіберілген хабарландырудың көшірмесі.

      13. Объектілер мен үй-жайларға рұқсат олармен тікелей жұмыс жасайтын адамдарға беріледі. Бақылаудағы заттармен жұмыс iстеуге рұқсаты бар адамдардың тiзiмi iшкi iстер органдарымен келiсiлген соң және олардың нашақорлықпен, уытқұмарлықпен және созылмалы маскүнемдiкпен ауруының жоқтығы туралы дәрiгерлердiң (психиатр мен наркологтың) қорытындысын алғаннан кейін заңды тұлға басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      14. Есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы үй-жайлар жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн мөрленеді немесе пломбыланады.

      Кiлттер, мөр немесе пломбир заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты адамда сақталады.

      15. Заңды тұлғаның басшысы осы Қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді.



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады