"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 24 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген |
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау
(жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу
және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабы 6-11) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жалпы энергетикалық сипаттама – жылыту маусымында жалпы жылыту шығындарын есепке ала отырып, ғимаратты жылытуға және желдетуге жұмсалған жылу энергиясының үлестік шығысы;
2) жылыту кезеңінде үйді, құрылысты, ғимаратты жылытуға және желдетуге жұмсалатын жылу энергиясының үлестік шығыны – ауданның бірлігіне немесе жылытылатын көлемнің бірлігіне және жылыту кезеңінің градустық тәулігіне жататын үйдегі жылу және ауа режимінің нормаланған параметрлері кезіндегі ауа алмасуды және қосымша жылу бөлуді есепке ала отырып, жылыту кезеңіндегі жылу энергиясының саны;
3) үйдің, құрылыстың, ғимараттың үлестік жылу қорғау сипаттамасы – үйдің, құрылыстың, ғимараттың жылу қорғау қабықшасын сипаттайтын, саны жағынан температура 1оС ауытқыған кезде үйдің, құрылыстың, ғимараттың жылу қорғау қабықшасы арқылы жылытылатын көлем бірлігінің уақыт бірлігіне жұмсайтын жылу энергиясы шығасыларына тең физикалық шама;
4) үйдің, құрылыстың, ғимараттың энергетикалық паспорты – қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың, сондай-ақ, үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының жобаларының энергетикалық, жылу техникалық және геометриялық сипаттамаларынан тұратын құжат;
5) үйдің, құрылыстың, ғимараттың энергия тиімділігі сыныбы – үйдің, құрылыстың, ғимараттың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі;
6) энергия тиімділігі – көрсетілген қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнім (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;
7) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Талаптар үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде:
1) күнтізбелік бір жыл ішінде бес жүз және одан көп тоннаға барабар шартты отын мөлшерінде энергетикалық ресурстарды тұтыну мөлшерімен жаңа үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салуға немесе қолданыстағыларын кеңейтуге (күрделі жөндеуге, қайта жаңартуға);
2) қолданыстағы мемлекеттік немесе мемлекетаралық нормативтердің болуымен қамтамасыз етілмеген, жоқ нормативтерді алмастыратын арнайы техникалық шарттар (ерекше нормалар) бойынша әзірленген объектілерді салуға қолданылады.
4. Осы Талаптардың 3-тармағында көрсетілмеген жаңа үйлерді, құрылыстарды, ғимараттардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеудің, қайта жаңартудың) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау кезінде осы талаптар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға тапсырыс берушінің бастамасымен қолданылады.
2. Жобалау құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және
энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптар
5. Үйдің, құрылыстың, ғимараттың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде талап етілетін энергия тиімділігі сыныбы және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша талаптар жобалау тапсырмасында көрсетіледі.
6. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бөлігінде құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама өтуі тиіс үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша бөлім болуға тиіс.
7. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша бөлімінде мыналар көрсетіледі:
1) жобаланған үйдің, құрылыстың, ғимараттың жалпы энергетикалық сипаттамасы;
2) үйдің, құрылыстың, ғимараттың энергетикалық паспорты;
3) үйдің, құрылыстың, ғимараттың энергия тиімділігі сыныбы;
4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жобалық шешімдер туралы мәліметтер, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының тиісті нормативтік-техникалық құжаттарымен көзделген көрсеткіштерден айырмашылығы бар құрылыс материалдарының қабылданған есептік жылу физикалық көрсеткіштерін растайтын жылу техникалық сынақтар хаттамаларын және жарық селдірлі конструкциялар үшін сәйкестік сертификатын қоса бере отырып, қоршау конструкцияларының техникалық шешімдерінің жылу беруге (жарық селдірлілерін қоспағанда) келтірілген кедергісін есептегендегі сипаттамасы;
есепке алынған ішкі ауа температурасын көрсете отырып, төменгі қабат астындағы және жоғарғы қабат үстіндегі кеңістіктің қабылданған түрлері, тұру үшін пайдаланылатын мансардтық қабаттардың, кіру есіктері тамбурларының және вестибюльдерді жылытудың, лоджиялардың әйнектендірілуінің болуы;
жылытудың, желдетудің және ауа баптаудың қабылданған жүйелері, энергияны тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін есептеу және реттеу құралдарының болуы туралы мәліметтер;
ғимараттың энергия тиімділігін арттырудың арнайы тәсілдері, оның ішінде күн энергиясын пассивті пайдалану жөніндегі құрылғылар, сорып шығарылатын ауа жылуын кәдеге жарату жүйелері, салқын жертөлелерде өтетін жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету құбырларының жылу оқшаулануы, жылу сорғыштарды пайдалану;
5) энергия тұтыну бөлігінде жобалық шешімдерді құрылыс нормаларының және олардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің талаптарымен сәйкестігі тұрғысынан салыстыру.
8. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттың энергетикалық паспорты жылу энергия тиiмдiлiгінің үлестік көрсеткiшiнiң, ғимараттар қоршауларының үлестік сипаттамалары және жылу қорғау сипаттамаларының Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларымен белгіленген көрсеткіштерге сәйкестiгiн растауға арналған және осы талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жобалау (жобалау- сметалық) құжаттамаларына қойылатын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі талаптарға қосымша |
Ғимараттың энергетикалық паспортын толтыру нысаны
1. Жалпы ақпарат
Толтыру күні (күні ай, жыл) | |
Ғимараттың мекенжайы | |
Жобаны әзірлеуші | |
Әзірлеушінің мекенжайы және телефоны | |
Жобаның шифры | |
Ғимараттың мақсаты, сериясы | |
Қабаты, секциялардың саны | |
Пәтерлер саны | |
Тұрғындардың немесе қызметкерлердің есептік саны | |
Құрылыстағы орналасуы | |
Сындарлы шешімі |
2. Есептік шарттар
Р/с № | Есептiк параметрлердiң атауы | Параметрдің белгіленуі | Өлшем бірлігі | Есептік мәні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жылу қорғауды жобалау үшiн сыртқы ауаның есептi температурасы | tс | 0C | |
2 | Жылыту кезеңі кезіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы | tжы | 0C | |
3 | Жылыту кезеңінің ұзақтығы | zжы | тәу/жыл | |
4 | Жылыту кезеңінің градустық тәулігі | ЖКГТ | 0C·тәу/жыл | |
5 | Жылу қорғауды жобалау үшiн iшкi ауаның есептiк температурасы | ti | 0C | |
6 | Шатырдың есептiк температурасы | tшат | 0C | |
7 | Техникалық жертөленiң есептiк температурасы | tжерт | 0C |
3. Геометриялық көрсеткіштер
Р/с № | Көрсеткіш | Белгі және өлшем бірлігі | Нормативтік мәні | Есептік жобалық мән | Нақты мән |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Ғимарат қабаттары алаңдарының жиыны | Aжы, м2 | |||
2 | Тұрғын жайлар алаңы | Am, м2 | |||
3 | Есептiк алаң (қоғамдық ғимараттардың) | Aе, м2 | |||
4 | Жылытылатын көлем | Vжы, м3 | |||
5 | Ғимарат қасбетінің шыныландырылу коэффициенті | f | |||
6 | Ғимарат ықшамдылығының көрсеткiшi | Kықш | |||
7 | Ғимараттың сыртқы қоршау конструкцияларының жалпы алаңы, | ||||
оның iшiнде: | Aнжи, м2 | ||||
1) қасбет | Aқас | ||||
2) қабырғалар (конструкциялар типі бойынша бөлек) | Aқа | ||||
3) терезелер және балкондық есiктер | Aтер.1 | ||||
4) зерәйнектер | Aтер.2 | ||||
5) шамдар | Aтер.3 | ||||
6) баспалдақ – лифт тораптарының терезелерi | Aтер.4 | ||||
7) сыртқы өткелдердiң балкондық есiктерi | Aес | ||||
8) кiретiн есiктер және қақпалар (бөлек) | Aес | ||||
9) жабындылар (бірлестірілген) | Aжаб | ||||
10) шатырлық аражабындар | Aшат | ||||
11) "жылы" шатырлар аражабындары (баламалы) | Aшат.ж | ||||
12) техникалық немесе жылытылмайтын жертөлелер үстiндегі аражабындар (баламалы) | Aцок1 | ||||
13) жүрiп өтулер үстiндегі немесе эркерлер астындағы аражабындар | Aцок2 | ||||
14) жердегі қабырғалар және топырақ бойынша еден (бөлек) | Aцок3 |
4. Жылу техникалық көрсеткіштер
Р/с № | Көрсеткіш | Көрсеткіш белгісі және өлшем бірлігі | Нормаланатын мән | Есептік жобалық мән | Нақты мән |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Сыртқы қоршаулардың жылу беруге келтiрiлген кедергiсі, оның iшiнде: | Rоке, м2. 0С/Ватт | |||
1) қабырғалар (конструкциялар типі бойынша бөлек) | Rкео,ка | ||||
2) терезелер және балкондық есіктер | Rкео,тер1 | ||||
3) зерәйнектер | Rкео,тер2 | ||||
4) шамдар | Rкео,тер3 | ||||
5) баспалдақ лифт тораптарының терезелерi | Rкео,тер4 | ||||
6) сыртқы өткелдердiң балкондық есiктерi | Rкео,ес | ||||
7) кiретiн есiктер мен қақпалар (бөлек) | Rкео,ес | ||||
8) жабындылар (бірлестірілген) | Rкео,жаб | ||||
9) шатырдағы аражабындар | Rкео,шаm | ||||
10) "жылы" шатырлардың аражабындары (баламалы) | Rкео,шаm.ж | ||||
11) техникалық немесе жылытылмайтын жертөлелер үстiндегі аражабындар (баламалы) | Rкео,цок.1 | ||||
12) жүрiп өтулер үстiндегі немесе эркерлер астындағы аражабындар | Rкео,цок.2 | ||||
13) жердегі қабырғалар және топырақ бойынша еден (бөлек) | Rкео,цок.3 |
5. Қосалқы көрсеткіштер
Р/с № | Көрсеткіш | Көрсеткіш белгісі және өлшем бірлігі | Нормаланатын мән | Есептік жобалық мән |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ғимараттың жылу беруінің жалпы коэффициенті | Kжал, Ватт/(м2•0C) | ||
2 | Ауа алмасудың үлесті мөлшері кезінде ғимараттың жылыту кезеңіндегі ауа алмасуының орташа еселігі | Nа, ч-1 | ||
3 | Ғимараттағы үлестік тұрмыстық жылу бөлу | Qтұр,Ватт/м2 | ||
4 | Жобаланатын ғимарат үшiн жылу энергиясының тарифтi бағасы | Сжылу, теңге/килоВатт сағ | ||
5 | Жылу жабдықтарының және құрылыс ауданындағы жылу желiсiне қосудың үлесті бағасы | Сжы, теңге/(килоВатт сағ/жыл) | ||
6 | Энергетикалық бiрлiктi үнемдеудің үлесті пайдасы | па, теңге/(килоВатт сағ/жыл) |
6. Үлестік сипаттамалар
Р/с № | Көрсеткіш | Көрсеткіш пен өлшем бірлігінің белгіленуі | Көрсеткіштің нормаланатын мәні | Көрсеткіштің есептік жобалық мәні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Ғимараттың үлестік жылу қорғау сипаттамасы | kжа, Ватт/(м3 0С) | ||
2 | Ғимараттың үлестік желдету сипаттамасы | Kжелд, Ватт/(м3 0С) | ||
3 | Ғимараттың тұрмыстық жылу шығарудың үлестік сипаттамасы | Kтұр, Ватт/(м3 0С) | ||
4 | Ғимаратқа күн радиациясынан жылу түсуінің үлестік сипаттамасы | kрад, Ватт/(м3 0С) |
7. Коэффициенттер
Р/с № | Көрсеткіш | Көрсеткіш пен өлшем бірлігінің белгіленуі | Көрсеткіштің нормативтік мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жылытуды автореттеу тиімділігі коэффициенті | ||
2 | Жылытуға жылу энергиясының пәтер бойынша есепке алуы болған жағдайда тұрғын ғимараттардың жылу тұтынуы төмендеуін есепке алу коэффициенті | ||
3 | Рекуператор тиімділігі коэффициенті | Kтиім | |
4 | Жылу келудің жылу шығындарынан асып түсу кезеңінде жылу келуді пайдаланудың төмендеуін есепке алу коэффициенті | ||
5 | Жылыту жүйесінің қосымша жылу шығындарын есепке алу коэффициенті | h |
8. Энергия тиiмдiлiгінің кешендi көрсеткiштерi
Р/с № | Көрсеткіш | Көрсеткіш пен өлшем бірлігінің белгіленуі | Көрсеткіштің нормативтік мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жылыту кезеңінде ғимаратты жылытуға және желдетуге жылу энергиясы шығынының есептік үлестік сипаттамасы | qeжы, Ватт/(м3·0С) [Ватт/(м2·0С)] | |
2 | Жылыту кезеңінде ғимаратты жылытуға және желдетуге жылу энергиясы шығынының нормаланатын үлестік сипаттамасы | qтежы, Вт/(м3·0С) [Ватт/(м2·0С)] | |
3 | Энергетикалық тиімділігі сыныбы | ||
4 | Ғимарат жобасы жылу қорғау бойынша нормативтік талапқа сәйкес келе ме | ИӘ |
9. Ғимараттың энергетикалық жүктемелерi
Р/с № | Көрсеткіш | Белгілеулер | Өлшем бірлігі | Мөлшер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Жылыту кезеңінде ғимаратты жылытуға және желдетуге жылу энергиясының үлестік шығыны | Q | кВатт сағ/(м3жыл) кВатт сағ/(м2жыл) | |
2 | Жылыту кезеңінде ғимаратты жылытуға және желдетуге жылу энергиясының шығыны | Qжылжы | кВатт сағ/(жыл) | |
3 | Жылыту кезеңінде ғимараттың жалпы жылу шығындары | Qжылжалп | кВатт сағ/(жыл) |