Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорын өндіретін және (немесе) жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11190 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 45 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 28.01.2016 № 45 (01.03.2016 бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын өндіретін және (немесе) жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары бекiтілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны ресми мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде бекітілген кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруы қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                           Б. Имашев

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________Е. Досаев
      2015 жылғы «____»_______

Қазақстан Республикасы  
Әділет министрінің    
2015 жылғы 31 наурыздағы 
№ 192 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Жылжымайтын мүлік орталығы» Республикалық мемлекеттік
кәсіпорын өндіретін және (немесе) жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің бағалары

      1. Осы Бағалар «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепiлi бойынша ақпараттық көмек көрсету үшін ақы алуының мөлшері мен тәртібін айқындайды.
      2. Жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бағалары:
      1) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi бергенi үшін отыз теңге қосылған құн салығы есебінсіз мөлшерiнде есептеледі;
      2) өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшін елу тоғыз теңге қосылған құн салығы есебінсіз мөлшерiнде есептеледі.
      3. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдің тізілімінен көшірме ақы алынбастан беріледі.

      Ескертпе.
      - міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi бергенi үшін, сондай-ақ өтiнiш берушінің кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақыны көрсетiлген іс-әрекет мүддесi үшiн жасалатын заңды және жеке тұлғалар өтініш берілгенге дейін тіркеуші органның есеп шотына аударады.
      - тiркеушi органға түбіртек немесе міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi бергенi үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақы енгізілгені туралы төлем құжатының көшiрмесi ұсынылады.
      - прокуратура органдарының, соттардың, анықтау және тергеу органдарының іс жүргізуіндегі істер бойынша, сондай-ақ міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдің тізіліміне көшірмені алу құқығы берілген басқа да тұлғалардың сұрау салуы бойынша кепілдің тізілімінен көшірме беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады