"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 53-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру Қағидаларының 41-тармағына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Мына бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 08-1/31 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2264 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 25-26, 866-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 17 маусымдағы № 655 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 30 қарашадағы № 08-1/363 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4025 болып тіркелді, 2006 жылғы 1 ақпандағы № 28(24281) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
3. Консулдық қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Р. Жошыбаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов______________
2015 жылғы 9 сәуір
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
Н. Әбіқаев ________________
2015 жылғы 28 сәуір
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығымен бекітілген |
Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары
болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы
істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының
шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Есепке қою
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 № 11-4/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (бұдан әрі – балалар) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрi – Министрлік) есепке қою олар Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары кеткенге дейiн Министрлікте жүзеге асырылады.
2. Балаларды есепке қою үшiн асырап алушылар, не болмаса олардың сенім білдірген адамдары (бұдан әрі - өтініш беруші), Министрлікке мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған балаларды есепке қою туралы өтiнiштің екі данасы;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған балаларды есепке алудың жеке карточкасының екі данасы;
3) шетелдіктердің асырауына берілген балаға – Қазақстан Республикасының азаматына (бұдан әрі – бала) берілген Қазақстан Республикасының азаматы паспортының түпнұсқасы;
4) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары берген Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге баланың тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу туралы шешім (салыстырып-тексеру үшін);
5) баланы асырап алушылардың жеке басын куәландыратын құжаттары (жеке басын сәйкестендіру және салыстырып-тексеру үшін);
6) баланың 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосуретi;
7) баланың туу туралы куәлiгi (салыстырып-тексеру үшін);
8) шетелдіктердің баланы асырап алуы туралы өтінішін қанағаттандыру туралы сотпен куәландырылған сот шешімі (салыстырып-тексеру үшін).
"Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 2-1 қосымшасында қамтылған.
Балаларды есепке қою осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды толтыру кезінде толық емес деректер ұсынылған және/немесе құжаттардың толық емес топтамасы немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар тапсырылған жағдайда балаларды есепке қою құжаттарын қабылдау жүзеге асырылмайды және өтініш берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат беріледі.
Жіберілген кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттар жалпы негізде қайта ұсынылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 № 11-4/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Өтініш беруші осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелері істі қалыптастыру үшін екі данада жасалады.
Осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттар өтініш берушіге қайтарылады.
Өтініштің қағаз жеткізгіште қабылданғанының расталуы, оның қабылданған күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыттың көрсетілуімен Министрліктің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады.
Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тапсырған күннен бастап, бес жұмыс күннің ішінде қабылданған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және балаларды есепке қоюды жүзеге асырады немесе өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Есепке қойылғаннан кейін осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжат өтініш берушіге кері қайтарылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға екі күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке қоюды жүзеге асырады не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 № 11-4/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.5. Есепке қою кезінде баланың паспортына осы Қағидалардың 3-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес қосымша бет қоса тіркеледі.
Паспорттың қосымша бетіне осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес реттік нөмірі, күні, сондай-ақ, консулдық лауазымды адамның мөрі мен қолының орны көрсетілген мөртабан қойылады.
Асырап алынған баланың паспортында есепке қойылғаны туралы қосымша бет пен мөртабан болмаған жағдайда, оның Қазақстан Республикасы аумағынан шығуына тыйым салынады.
6. Есепке қойылған балалар туралы мәліметтер осы Қағидалардың 5-қосымшасында белгіленген нысанға сәйкес балаларды есепке алу журналына және содан кейін міндетті түрде "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгiзiледi.
Министрлік ай сайын Қазақстан Республикасының балалар құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есепке қойылған балалар тізімін ұсынады.
6-1. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заң) 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 № 11-4/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.6-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 6-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 № 11-4/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.6-3. Министрлік осы бұйрыққа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.
Ескерту. 6-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің балаларды бақылауды жүзеге асыруы
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 № 11-4/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Министрлік бала тұратын консулдық округтегі Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерiн (бұдан әрi – шет елдердегі мекемелер) баланың консулдық есепке қойылғаны туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етеді және осы Қағидалардың 2-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың екінші нұсқасын және 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмесін жолдайды.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 15.06.2021 № 11-1-4/237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Министрліктен аталған ақпаратты алғаннан кейін шет елдердегі мекемелердің консулдық лауазымды адамы осы Қағидалардың 6-қосымшасында белгіленген нысан бойынша балаларды есепке алу журналына дереу жазба енгізеді.
9. Консулдық лауазымды адам өзінің консулдық округі шегінде балаларды бақылауды олар кәмелетке толғанға дейін жүзеге асырады және балалардың өмір сүру, тәрбиелену және денсаулық жағдайын тексеру мақсатында асырап алушыларға барып тұрады.
Бақылау балалардың "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген құқықтарының сақталуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Бақылау болу мемлекетінің заңнамасының сақталуы ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін асырап алушылар алғашқы үш жыл бойы әр алты ай сайын, келесі жылдары – бала он сегіз жасқа толғанға дейін жылына кемінде бір рет, асырап алынған балалардың өмір сүру, оқу, тәрбиелену және денсаулық жағдайы туралы есепті (бұдан әрі – есеп) суреттерімен қоса уәкілетті органға ұсынады.
Асырап алушылар есепті шет елдегі мекеме арқылы ұсынған жағдайда, шет елдегі мекеменің консулдық лауазымды адамы оны әрі қарай уәкілетті органға жолдау үшін Министрлікке жібереді.
Уәкілетті органға есеп берілмегені туралы ақпарат түскен жағдайда, консулдық лауазымды адам есепті асырап алушылардан және/немесе асырап алу агенттіктерінен (бұдан әрі – агенттік) сұратып, оны Министрлікке жолдайды.
11. Бала асырап алушылардың ата-анаға жүктелген міндеттерінен жалтаруы, ата-ана құқықтарын теріс пайдалануы, асырап алынған балаға қатыгездік танытатындығы, соның ішінде оның денесіне немесе жүйке жүйесіне залал келтіретін зорлық-зомбылық жасайтындығы, жыныстық ар тазалығына қастандық жасағандығы анықталған жағдайда, консулдық лауазымды адам дереу:
уәкілетті орган мен Министрлікті хабардар етеді;
Қазақстан Республикасының, болу елінің Заңнамалары және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шегінде асырап алынған баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар қабылдайды.
3-тарау. Балалардың тұрғылықты орнын өзгерту
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 № 11-4/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Баланың тұрғылықты жері өзгерген жағдайда асырап алушылар бес жұмыс күн ішінде осы Қағидалардың 7-қосымшасында белгіленген нысан бойынша агенттікке және аталған бала есепте тұрған шет елдегі мекемеге асырап алынған баланың тұрғылықты орны өзгергені туралы хабарлама жолдайды.
13. Баланың тұрғылықты орны бір консулдық округ шегінде өзгергендiгi туралы хабарлама алынған жағдайда, консулдық лауазымды адам балаларды есепке алу жөніндегі журналға және содан кейін міндетті түрде "Бүркіт" БАЖ-ға баланың өзгертілген тұрғылықты жері туралы тиiстi жазба енгізедi.
14. Баланың өзгерген тұрғылықты тұратын орны шет елдердегі мекеменің консулдық округынан тыс болған жағдайда, консулдық лауазымды адам:
баланы есепке алу жөніндегі журналға және содан кейін міндетті түрде "Бүркіт" БАЖ-ға есептен шығарылғандығы туралы жазба енгiзедi және бұл туралы Министрлікті хабардар етеді;
осы Қағидалардың 2-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және 3), 4), 5), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмесін баланың жаңа тұрғылықты орны кіретін консулдық округта орналасқан шет елдегі мекемеге жолдайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 15.06.2021 № 11-1-4/237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Баланың жаңа тұрғылықты орнының консулдық округіне кіретін шет елдегі мекеменің консулдық лауазымды адамы құжаттарды алғаннан кейін балаларды есепке алу жөніндегі журналға және содан кейін міндетті түрде "Бүркіт" БАЖ-ға есепке алу туралы жазба енгізеді және осы Қағидалардың 2-бөлімінде көзделген шараларды қабылдайды.
Баланы есепке қою туралы өтiнiш
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__ жылғы "___" _______________ №___________________ __________________
сот шешімінің негiзiнде менiң ұлымды/қызымды Қазақстан Республикасының
азаматын/шасын есепке алуыңызды сұраймын.
Бала туралы мәлiметтер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған күні
мен жерi):_____________________________________ паспорт № ________________
берген мекеме __________ берілген күні - қолданылу мерзімі
______________________, _______________________ мекенжайы бойынша
Қазақстан Республикасында тұратын ________________________________________
кіруге және тұруға рұқсаты бар.
Қазақстан Республикасында баланың келесі жақын туыстары тұратынын хабарлаймын
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және
мекенжайы):_______________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мен асырап алған
бала_______________________ кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн (18 жас)
Қазақстан Республикасының азаматтығын сақтайтындығы және консулдық лауазымды
адам баланың тұрмыс жағдайы мен тәрбиесiнiң сәйкестiгiн тексеру мақсатында баланы
асырап алушыларға кез келген уақытта баруға құқығы бар екендiгi маған белгiлi.
__________________________ тұрғылықты жері өзгерген жағдайда, кетерден 10 (он)
жұмыс күн бұрын:________________________ мекенжайында орналасқан
Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесiне хабарлаймын. "Дербес деректер
және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес,
мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес
деректеріме қол жеткізуге келісімімді беремін.
20___ жылғы "___" ____________ _____________________
(өтiнiш берушiнің қолы)
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
|
Балаларды есепке алудың жеке карточкасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 № 11-4/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): _____________________
(асырап алғаннан кейінгі)
2. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда): _____________________
(асырап алғанға дейінгі)
3. Жынысы: _______________________________________________________________
4. Туған жылы және жері:____________________________________________________
5. Паспорттың сериясы мен нөмірі _____________ қашан және кім берді _____________
6. Шетелге кетер алдындағы Қазақстандағы тұрғылықты жері (тіркелген
жері)___________________________________________________________________________
7. Сот шешімі: _____________________________________________________________
(нөмірі, күні және жері)
8. Асырап алушылар (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
1) Асырап алған әкесі:_______________________________________________________
2) Асырап алған анасы: ______________________________________________________
9. Тұратын елдегі мекенжайы және телефон нөмірі: ______________________________
10. Туу туралы куәлік:_______________________________________________________
(деректер)
11. Қазақстан Республикасындағы жақын туыстары: _____________________________
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), мекенжайы
12. Консулдық есепке алу немесе есептен шығару туралы белгі:____________________
20___ жылғы "___" _______________
Қолы ___________________
(қызметтік белгілер үшін)
"Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды (қыздарды) есепке алу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 23.04.2020 № 11-4/137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 15.06.2021 № 11-1-4/237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.09.2022 № 11-1-4/497 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызмет беруші). |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | жеке тұлғаның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды есепке алу (паспортқа қосымша бет) немесе дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету барысында көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алу тәсілдері | Тегін. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-дан 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) балаларды есепке қою туралы өтiнiштің толтырылған екі данасы; |
9 | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің белгілі болуы; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен оның мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
нысан
Паспортқа қосымша бет
нысан
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық есепке алынды № _____________ 20___ жылғы "____"_____________ Бөлім басшысы __________________ м.о. |
Балаларды есепке алу журналы
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 15.06.2021 № 11-1-4/237 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне
Әкімшілік деректердің нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/documents/details/adilet/V1500011240?lang=kk
Индекс: 1-БА
Кезеңділігі: ай сайын
Есептік кезеңі: 20___жылғы ________ ай
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті
Ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейін
Консулдық есепке алу № | Баланың асырап алынғанға дейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Баланың туған күні, жері | Ата-анасының асырап алынғанға дейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы | Асырап алу жүзеге асырылған мекеменің атауы, мекен-жайы | Баланың асырап алынғаннан кейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) | Асырап алушылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы | Асырап алушылардың тұрғылықты мекен-жайы | Асырап алу туралы шешім шығарған соттың атауы | Баланың паспортын жасаған ішкі істер органдарының атауы, паспорттың нөмірі мен берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Орындаушы: ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), қолы)
Қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлға:
____________________________________________ қолы ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
"Балаларды есепке алу журналы" нысанын толтыру бойынша түсініктеме (Индекс: 1-БА, кезеңділігі: ай сайын)
1. 1-бағанда шетелдіктерге асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы консулдық есепке алу нөмірі көрсетіледі.
2. 2-бағанда шетелдіктерге асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың асырап алынғанға дейінгі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.
3. 3-бағанда шетелдіктерге асырауға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың туған күні, жері көрсетіледі.
4. 4-бағанда шетелдіктер асырап алғанға дейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың ата-анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы көрсетіледі.
5. 5-бағанда шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу жүзеге асырылған мекеменің атауы, мекенжайы көрсетіледі.
6. 6-бағанда шетелдіктер асырап алғаннан кейінгі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) көрсетіледі.
7. 7-бағанда Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланының шетелдік асырап алушыларының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), азаматтығы көрсетіледі.
8. 8-бағанда Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланының шетелдік асырап алушыларының тұрғылықты мекен-жайы көрсетіледі.
9. 9-бағанда шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланы асырап алу туралы шешім шығарған соттың атауы көрсетіледі.
10. 10-бағанда шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаға паспорт жасаған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының атауы, паспорттың нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.
нысан
Балаларды есепке алу журналы
(Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы)
Консулдық есепке алу № | Баланың асырап алынғанға дейінгі Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Баланың туылған күні, жері | Ата-анасының асырап алынғанға дейінгі Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), азаматтығы | Асырап алу жүзеге асырылған мекеменің аты және мекен-жайы | Баланың асырап алынғаннан кейінгі Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Асырап алушылардың азаматтығы мен Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Асырап алушылардың тұрғылықты мекен-жайы | Асырап алу туралы шешім шығарған соттың атауы | Баланың паспортын жасаған ішкі істер органдарының атауы, паспорттың нөмірі мен берілген күні |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
нысан
Қазақстан Республикасы Елшілігінің
консулдық бөлiмiне (Бас консулдық, консулдық)
_____________________________________________
азамат/ша (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), азаматтығы)
________________________________________________
мекен-жайы және телефон нөмірі: ___________________
Асырап алынған баланың
тұрғылықты жерінің өзгергені
туралы хабарлама
Жаңа мекен-жайға көшуiне байланысты Қазақстан Республикасының
азаматы/шасы_________________________________________________________
(баланың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Паспорт №___________________ берген мекеме, қашан берілді____________
осы мекен-жай бойынша тұратын болады:________________________________
____________________________________________________________________.
Тұратын мемлекетті өзгерткен жағдайда, ол жөнiнде жаңа тұрғылықты
жерге келгеннен кейiнгі 10 жұмыс күн iшiнде Қазақстан Республикасының
жақын жерде орналасқан шет елдегі мекемесін хабардар етемiн.
20___жылғы "___" _______________ _______________
(қолы)